Samsung Art Store Disney, Pixar, «Жұлдызды соғыстар» және тағы басқаларын 4K ажыратымдылығында экрандарға шығарады
Disney жаңа топтамасы Pixar, Star Wars™, National Geographic және басқаларының жұмыстарын қосып алады – олар Samsung Art Store тұтынушылары үшін бүкіл әлем бойынша қолжетімді

Samsung Electronics Co., Ltd. бүгін Samsung Art Store1-ге Disney танымал портфолиосына жаңа өнер туындыларының қосылғанын жариялады, бұл бүкіл әлем бойынша теледидар тұтынушыларына Disney, Pixar, Star Wars™ және National Geographic-тен — кристалдай таза 4K ажыратымдылықтағы сүйікті көрнекі бейнелерін тамашалаудың керемет мүмкіндігін ұсынады.
“Біз Disney-мен ынтымақтастығымыздың кеңейіп, олардың ең сүйікті өнер туындыларын біздің ғаламдық Art Store тұтынушылар қауымдастығына жеткізуге қуаныштымыз”, – деді Samsung Electronics визуалды дисплей бизнесінің вице-президенті Хиён Ан. “Жанрлар мен ұрпақтардан асып түсетін әртүрлі көркем контентті ұсына отырып, біз тұтынушыларымыздың күнделікті өмірін көркем өнермен байытуға ұмтыламыз”.

Disney-дің жаңа топтамасы қонақ бөлмелерді классикалық және заманауи туындылары бар, біздің планетамыздың әртүрлі тарихтары, шытырман оқиғалары және сұлулығы салтанат құратын таңқалдырарлық цифрлық галереяларға айналдырады. Дисней ханшайымдарының “Кішкентай су перісі”, “Ақшақар” және “Рапунцель: шиеленіскен оқиға” секілді фильмдерінен бастап, “Жұлдызды соғыстар” дастанына және “Жер планетасының” таңғажайып жабайы табиғатына дейін, топтама сонымен қатар жанкүйерлерге таңғажайып цифрлық өнердің әсері арқылы – жаңа нәрсені ашуға ұсыныс тастайды.
Samsung теледидарларында жазылу арқылы қолжетімді жаһандық цифрлық өнер платформасы Samsung Art Store- да қазір 800-ден астам суретшінің және 70 әлемдік деңгейдегі галереялар мен мұражайлардың 3500-ден астам өнер туындыларын ұсынады. Алғаш рет 2017 жылы The Frame-мен бірге ұсынылған Samsung Art Store платформасы енді Samsung компаниясының 2025 жасанды зерде қосылған QLED және Neo QLED2 теледидарларына қосылып, көптеген көрермендерге 4K ажыратымдылықтағы премиум өнер туындыларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Disney-мен жаңа серіктестікке қосымша, тұтынушылар Замануи өнер мұражайы (MoMA), Метрополитен- мұражайы және Орсе мұражайы сияқты әлемге әйгілі мұражайлардың шедеврлерін, сондай-ақ Арт-Базельде қойылған әртүрлі заманауи өнер туындыларын өз үйінде отырып тамашалай алады. Қызметке сонымен қатар, өнер саласындағы кәсіби өнер сарапшылары жүргізетін ай сайынғы талдаулар кіреді, бұл жалпы көру тәжірибесін жақсартады.
Толығырақ ақпарат www.samsung.com сайтында қолжетімді.
1 Коллекция Disney теперь доступна в некоторых странах Азии, Северной Америки Disney топтамасы енді бірнеше Азия, Солтүстік Америка (Құрама штаттарын және Канаданы қоса алғанда) Samsung Art Store-ға қолдау көрсетілетін Еуропа елдерінде қолжетімді.
2 Для моделей Q7F и выше.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Теледидар мен аудио
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.