Үйдің кинотеатралдық сапасы: Samsung Netflix фильмі және сериалдарына арнап HDR10+ қолдауын қосады

03.04.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

HDR10+ Samsung-тың на смарт-теледидарларында және мониторларында жарқын түстер және жақсартылған контрастылықпен бірге неғұрлым еліктіретін тамашалауды қамтамасыз етеді

Netflix HDR10+

▲ Samsung Neo QLED 4K TV (QN85F)

 

Samsung Electronics оның смарт-теледидарлары және мониторлары енді HDR10+1 форматында Netflix фильмдері және сериалдарын тамашалауды қолдайтынын жариялады. Бұл көрерменнің неғұрлым терең түстер, жақсартылған контрастылық және таңқалдыратын нақтылаулардан рақаттана алатынын және осының арқасында олардың Netflix -тегі сүйікті контенті иммерсивті және еліктіретін бола түседі.

 

«HDR10+ нағыз кинематография тәжірибесіне арналған терең контраст және қанық түстерді қамтамасыз ете отыра, контент тамашалауды жаңа деңгейге шығарады, – деп атап өтті  Samsung Electronics компаниясының визуалды дисплейлер бөлімшесінің атқарушы вице-президенті Таён Сон (Taeyong Son). – Біз аталған технологияны Netflix-тың  300 миллионнан аса тұтынушыларына ұсынатынымызған қуаныштымыз және біздің өнімдік топтамамызда және ағындық бейненің индустриясында толығымен HDR10+қолдауын кеңейту үшін серіктестермен ынтымақтастықты жалғастырамыз.

 

HDR10+ әр кадрдағы кескін сапасын оңтайландыру үшін Samsung  әзірлеген жоғары динамикалық диапазондағы (HDR) жетілдірілген технология болып табылады. Жарықтылық және айқындылықты қарқынды түрде реттей отыра, контентті жасап шығарушылардың ойлаған ойларына нақты сәйкестікпен бейнені жеткізе отыра, HDR10+ ерекше нақтылық және нақтылауларға кепіл береді.

 

Бұл біріктіру арқылы пайдаланушылар Netflix HDR10+ контент дамып келе жатқан кітапханасында шынайырақ кескіндер мен көрініс тереңдігін көре алады. HDR10+ 2025 жылы Samsung Neo QLED, OLED және Lifestyle теледидарларында, сондай-ақ 2024 және 2025 жылдары мониторларда қол жетімді болады. Басқа модельдер де болашақта қолдау алады.

 

Netflix-те HDR10+ іске қосылуы –  көптеген көрермендерге жақсартылған сурет сапасын көруге мүмкіндік беретін технологиядағы алға жасалған үлкен қадам болып табылады. Netflix-пен серіктестіктен басқа, Samsung көптеген платформаларда HDR10+ қолдауын кеңейту үшін жетекші салалық серіктестермен белсенді түрде ынтымақтасады.

 

Samsung теледидарлары туралы қосымша ақпаратты www.samsung.kz сайтынан табуға болады.

 

1 Samsung динамикалық метадеректердің тегін және ашық стандарттарын индустрияда қамтамасыз ету үшін, HDR10+ Technologies LLC 2018 жылы негізін қалады.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Теледидар мен аудио

Жүктеу

  • QN85F_FRONT_STAND_BeautyShot_25448-R2-2.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары