Samsung Electronics әлемдік теледидарлар нарығындағы 19 жыл көшбасшылығын атап өтуде
Компания жасанды интеллект негізіндегі инновациялық технологияларды енгізе отыра, премиум және аса үлкен теледидарлар сегменттерінде бастапқы орында болуын жалғастыруда
Samsung Electronics теледидарлар нарығындағы жаhaндық көшбасшы мәртебесін сақтап қалғандығын жариялады.
Omdia сараптамалық компаниясының деректеріне сәйкес, 2024 жылы Samsung-тың әлемдік теледидар нарығындағы үлесі 28,3% құрайды. Осылайша, компания 2006 жылдан бері иеленіп келе жатқан жетекші позициясын сақтап қалды. Премиум және аса үлкен экрандардағы инновацияларға ұмтылу, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі озық технологияларды енгізу табысқа жетуге септігін тигізді.
«Теледидар нарығындағы 19-жылдық көшбасшылығымыз тұтынушыларымыздың сенімі мен қолдауының арқасында», – деді Samsung Electronics визуалды дисплей бизнесінің атқарушы вице-президенті Хан Ли (Hun Lee). «Біз жасанды интеллектпен жұмыс істейтін теледидарлар сияқты инновациялық шешімдерді ұсыну және адамдардың өмірін шынымен жақсартатын өнімдер мен қызметтерді жасау арқылы теледидардың болашағын қалыптастыруды жалғастырамыз».
Премиум және аса үлкен сегменттердегі көшбасшылық
Samsung жоғары деңгейлі теледидар сегментінде, әсіресе премиум (2500 доллардан басталады) және аса үлкен экран (75 дюйм және одан жоғары) санаттарында өз орнын нығайтты:
- Премиум теледидарлар ($2 500+) – Samsung-тың әлемдік нарықтағы үлесі 49,6% құрайды, бұл сегменттің жартысына жуығы болып табылады.
- 75 дюйм теледидарлар және одан аса – 28,7% нарықтағы үлесімен жетекші орынға ие болды.
QLED және OLED-теледидарларының жетістігі
Samsung сонымен қатар QLED және OLED сегменттерінде көшбасшылықты сақтап, премиум сегменттегі өзінің үстемдігін растайды:
- QLED-теледидарлары – компания әлемдік нарықтың 46,8% алып, 8,34 млн дана құрылғы сатты. Ғаламдық QLED нарығы айтарлықтай өсіп, алғаш рет жалпы теледидар сатылымының 10%-нан асып түсті.
- OLED- теледидарлары – Samsung-тың 2024 жылы OLED сатылымы 1,44 миллион данаға жетіп, компанияны 27,3% нарықтағы үлеспен қамтамасыз етті. Бұл Samsung компаниясының OLED технологиясына үлкен сұранысты көрсететін бір жылмен салыстырғанда (YoY) сатылымның 42%-ға өскенін және нарық үлесінің 4,6%-ға артқанын білдіреді.
ЖИжәне өнер көмегімен үйдегі ойын-сауықты түрлендіру
CES 2025 көрмесінде Samsung Vision AI – ТД-экрандарының мүмкіндіктерін дәстүрлі ойын-сауықтан тыс кеңейтетін серпілісті технологияны ұсынды. Тұтынушылардың қалауларын, ниеттерін және әдеттерін талдау арқылы Vision AI ақылды үй дисплейлерінің болашағын қалыптастыратын жекелендірілген көру тәжірибесін қамтамасыз етеді.
Бұған қоса, Samsung бұрын The Frame теледидарларына эксклюзивті саналып келген Samsung Art Store дүкеніне рұқсатты кеңейтуде. Аталған қызмет енді Neo QLED және QLED үлгілерінде де пайда болады. Бұл көптеген тұтынушылардың үй жағдайында цифрлық өнерді сүйсініп тамашалауына мүмкіндік береді.
Өнімдер > Теледидар мен аудио
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.