Samsung Neo QLED құрылғыларының топтамасы және интерьер тедедидарлары VDE институтынан EyeCare Circadian сертификатын алды

14.01.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Сертификаттау жанар жайлылығын бағалауды және циркадты ырғақты теңщеуді қамтиды

 

Samsung Electronics компаниясы Neo QLED топтамаларының теледидарларына және интерьерлік ТД-ға электротехника саласында сертификаттаудың жетекші неміс институты — EyeCare Circadian» от VDE (Verband Deutscher Elektrotechniker) сертификатын алғанын жариялады. Бұл жетістік Samsung компаниясының табиғи циркадтық ырғақтарды қолдайтын және тұтынушылардың әл-ауқаты мен көрнекі жайлылығын арттыратын технологияларды әзірлеуге деген ұстанымын көрсетеді.

 

«Бұл сертификаттау көздің жайлылығына және көру жүктемесін азайтуға, сондай-ақ ерекше сурет сапасын қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, тұтынушы тәжірибесін жақсартатын өнімдерді жасауға деген ұмтылысымызды растайды».  Біз қызықты ойын-сауық пен тұрақты жайлылықты ұсына отырып, тұтынушылардың өзгеретін қажеттіліктерін болжайтын және оларға бейімделетін инновацияларды жалғастырамыз, – деді Samsung Electronics компаниясының дисплей шешімдері бөлімінің атқарушы вице — президенті Таен Сон (Taeyong Son).

 

Сертификат Neo QLED топтамасындағы негізгі модельдерге, соның ішінде The Frame және The Serif қоса алғанда, интерьер теледидарларына қолданылады. Өнімнің сертификаттау талаптарына сәйкестігін анықтау кезінде міндетті алты критерий ескерілді: көз қауіпсіздігі, көз күтімі, жыпылықтау деңгейі, біркелкілік, түс берілісінің дәлдігі және көру ыңғайлылығы мен тұтынушылардың биологиялық ырғақтарына сәйкестігін бағалауға арналған метрика – циркадтық ырғақ индексі.

 

Тәулік уақытына және қоршаған жарық жағдайларына байланысты кескіннің жарықтығы мен түс температурасын автоматты түрде реттейтін Eye Comfort режимі бірінші маңыздылыққа ие. Табиғи жарықты имитациялау арқылы бұл режим күндіз контентті тамашалау кезінде көздің шаршауын азайтады және ағзаның биоритмдеріне бейімделу арқылы түнде тыныш ортаны құруға көмектеседі.

 

Бұл сертификат Samsung теледидарларының бүкіл әлемде мойындалғанын тағы бір рет растайды және құрылғылардың тұтынушыға бағытталған сипатын атап көрсетеді. Neo QLED сериясы бұрын «Circadian Rhythm Display»  ( Циркадтық ырғаққа арналған дисплей)  сертификатын алған болатын, ал Samsung-тың үйдегі теледидар модельдері Underwriters Laboratories (UL) жарқылдау болмауы сынағынан өткен және көзге жүктемені азайтқаны үшін сертификатталған. Сонымен қатар, Samsung теледидарлары ерекше түс беру дәлдігі үшін Pantone сертификатына ие.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Теледидар мен аудио

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі