[CES 2025] Samsung C-Lab-пен бірге әлемді жаулайтын — үш стартаппен таныс болыңыз

16.01.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Лас-Вегаста өткен CES 2025 көрмесінде Samsung C-Lab экспозициясы әлемнің түкпір-түкпірінен келушілердің назарын аударды. C-Lab — Samsung-тың стартаптарды қолдау бағдарламасы. Ол Кореядағы стартаптардың экожүйесін жандандыруға және CES сияқты ірі іс-шараларда, көрме аумақтарында жетістіктерін көрсету арқылы, олардың жаһандық кеңеюіне қолдау көрсетуге бағытталған.

 

CES 2025 аясында  C-Lab экспозициясында 15 стартап мен жоба ұсынылды. Олардың ішінде C-Lab Outside-дан 12 жоба, Samsung-тың сыртқы стартаптарды қолдау бағдарламасы, C-Lab Inside-ден екі жоба, Samsung-тың қызметкерлерге арналған стартаптарды қолдау бағдарламасы және C-Lab Inside аясындағы жоба табысқа жеткеннен кейін негізі қаланған тағы бір стартап – C-Lab Spin-Off болды.

 

Осы стартаптардың көпшілігі Тұтынушылар Технологиялары Ассоциациясынан (CTA) өздерінің технологиялық жетістіктері мен креативтілігі үшін CES Innovation Awards марапатына лайық деп танылды. C-Lab көрмесінде Samsung Newsroom жаңалықтар бөлімі CES сыйлығының үш жеңімпазымен – Pinpoint (ақылды қала технологиясы), Quester (кеңейтілген шындық технологиясы) және GhostPass (қаржылық қауіпсіздікке бағытталған технология) – олардың жаңашыл жұмыстары туралы көбірек білу үшін кездесті.

 

▲ CES 2025 аясындағы C-Lab көрмесі

 

Pinpoint:C-Lab-пен бірге бүкіләлемдік мойындауға алғашқы қадам

▲ Pinpoint қызметкерлері өз бизнесін бүкіл әлем бойынша кеңейтуге толық дайын

 

C-Lab Samsung инновациялық стартаптарға әлемдік аренада өзін танытуға көмектеседі. C-Lab Outside бағдарламасы аясында Samsung көрнекті жобаларды CES сияқты әлемдік деңгейдегі көрмелерге қатысу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ осындай іс-шараларға дайындалуда қолдау көрсетеді және CES марапаттарын тапсыру үшін жеке кеңестер ұсынады.

 

C-Lab Outside-тың 2024 жылғы қатысушысы Pinpoint, CES 2025 C-Lab көрмесі аясында әлемдік аренаға қадам басты.Стартап «Ақылды қалалар» санатында құрылыс жұмыстарын басқару бойынша Заттар интернетіне кіріктірілген шешімі үшін CES Innovation Award марапатына ие болды.

 

▲ Pinpoint CES Innovation Award және келесі буын ғимараттарына арналған ақылды ғимараттарды басқару жүйелері туралы брошюралар

 

Pinpoint құрылыс шешімі — бұл жекелендірілген пайдаланушы тәжірибесін қамтамасыз ете отырып, құрылыс операторларының тиімділігін арттыратын ақылды басқару жүйесі болып табылады. Операторлар құрылыстың барлық ресурстарын кешенді бақылаудың артықшылығына ие болады, ал тұрғындар мен келушілер мобильді қосымша арқылы брондау, автотұрақ, роботты жеткізу және т.б. сияқты әртүрлі қызметтерге оңай қол жеткізе алады.

 

▲ Pinpoint өкілі көрмеге келушілерге құрылыс процестерін басқаруға арналған Заттардың интернеті стартабының біріктірілген шешімі туралы айтып беріп жатыр

 

Көрмеде Pinpoint жобасының авторлары өздерінің бұлтқа негізделген, оңтайландырылған құрылыс шешімдерін іс жүзінде көрсетуге назар аударды. «Өзім тұратын Америка Құрама Штаттарындағыдай қалалар мен үйлердің көлденең емес, тік болуы мүмкін екендігін ескеретін болсақ, менің ойымша, Pinpoint-тің ақылды құрылыс шешімдері Кореяда өте пайдалы болуы мүмкін», – деді келушілердің бірі.

 

«Біз нарықтың реакциясын анықтауға ұмтыламыз және CES-ке қатыса отыра, ынтымақтастық мүмкіндіктерін белсенді түрде іздейміз»,- деді Pinpoint бас директоры Джин Хек Ан. — C-Lab құрылымдық қолдауының арқасында, біз тұтынушыларға арналған көптеген өнімдер мен қызметтер бір-бірімен бәсекелесетін жаһандық сахнада, өз шешімдерімізді ұсына алатынымызды мақтан тұтамыз. Біздің басты мықты тараптарымызды көрсету үшін бағалау критерийлерін толық түсіну қиын болды, бірақ C-Lab ұсынған жағдайлық зерттеулер мен деректерді дайындау бойынша нұсқаулықтар біз үшін құнды болып табылады».

 

▲ Джин Хек Ан, Pinpoint бас директоры

 

Pinpoint шешімдерді Samsung SmartThings платформасының жетілдірілген корпоративтік нұсқасы SmartThings Pro және b.IoT, Samsung ғимаратты басқарудың біріктірілген шешімімен біріктіру арқылы технологиясын жетілдіреді. CES 2025 көрмесінде әлеммен өз көзқарасымен бөлісе отырып, Pinpoint саладағы алтын стандарт болуға ұмтыла отыра, тұтынушылардың ыңғайлылығына бағытталған кеңістікті жоспарлау мен дизайнды одан ары қарай жетілдіре беруді жалғастыруды жоспарлауда.

 

Quester: локалды табылған, CES көрмесінде ғаламдық мойындалған C-Lab

▲ Quester қызметкерлері CES көрмесінің алғаш рет бір бөлігі болғандарына қуанышты

 

C-Lab Samsung сондай-ақ аймақтық стартаптардың дамуына арналған платформа ретінде қызмет етеді.  Сеулдан бөлек, C-Lab Outside Тэгу, Кванджу және Кенбукта (Кенсан-Сан) көрнекті стартаптарға қолдау көрсету және ілгерілету үшін жұмыс атқарады.

 

2024 жылы Тэгудегі C-Lab Outside арқасында шыққан Quester,  CES 2025 көрмесінде өзінің қол қимылын қадағалауға арналған  инновациялық қолғап технологиясын көрсетті — бұл дебют «Кеңейтілген шындық технологиялары мен құрылғылары» санатында CES Innovation Award сыйлығын алуы арқылы шынымен де ерекше болып танылады.

 

▲ Қол қимылын қадағалау технологиясымен Quester қолқаптарының қозғалыстар туралы мәліметтерді қалай пайдаланатынын көрсету

 

Quester қолғаптар технологиясы, әртүрлі қимылдарды орындау үшін, қолыңыздың қалай қозғалатынын дәл анықтау үшін қол қимылын бақылайды. Көбінесе сыртқы факторларға сезімтал қолданыстағы технологиялардың шектеулерін еңсеру үшін Quester «сенсорды біріктіру» деп аталатын әдісті қолданды. Ол бірнеше сенсорларды біріктіру арқылы тұрақты өнімділікті қамтамасыз етеді,  соның ішінде иммерсивті контент, робототехника және қозғалысты түсіру секілді әртүрлі салаларда қолданылады.

 

Quester CES 2025 көрмесіндегі стендін прототиптер арқылы технологиялық жетістіктері мен даму бағыттарын көрсетуге арнады. Бұл Quester-ке өз технологиясын сынақтан өткізіп қана қоймай, сонымен қатар стартап тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттеуде пайдалануды жоспарлап отырған, әлеуетті тұтынушылардан қажетті кері байланыс алуға мүмкіндік берді.

 

▲ Quester бас директоры Чонгву Ли келушіге өзінің стартапы әзірлеген, қол қимылын бақылаудың жоғары тиімді қолғап технологиясы туралы айтып береді

 

«Қол қозғалысын түсіру технологиясын зерттеген кезде, біз виртуалды эксперименталды контенттен бастадық және соңында біз инновациялық әмбебап шешім әзірлей алдық», – деді Quester бас директоры Чонву Ли. «C-Lab-тың Тэгуден тыс инфрақұрылымының, сондай-ақ әртүрлі кеңес берулер мен кәрістік технологиялық көрмелерге қатысу тәжірибесінің арқасында біз одан әрі өсіп, дами алдық».

 

CES 2025 көрмесінде Quester әртүрлі салалық мүдделі тараптармен байланыс орнатуға, ынтымақтастық мүмкіндіктерін анықтауға және өнімдерін одан әрі жақсарту үшін кері байланыс алуды мақсат етеді.

 

GhostPass: C-Lab қолдауымен Корея шекарасынан асып кету

▲ Ghost Pass қызметкерлері (CES 2025 Best of Innovation) үздік инновациялар үшін өздерінің марапаттарымен

 

Samsung C-Lab түлектеріне қолдау көрсетуді жалғастыруда. Бағдарламаны аяқтағаннан кейін де, бұл стартаптарға Samsung-пен салалық серіктестіктер, инвестициялар және синергия мүмкіндіктері ұтымды. Мұның бәрі олардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуына көмектеседі.

 

2023 жылы C-Lab Outside-ге құрамына кірген Ghost Pass,  екінші жыл қатарынан C-Lab көрмесінде өзінің биометриялық аутентификация технологиясын паш етуде. Өткен жылы CES көрмесінде Ghost Pass «Ақылды қалалар» санатында CES Innovation Award жүлдесін жеңіп алды, ал осы жылы — «Финтех» санатында үздік инновациялары үшін (Best of Innovation)  марапатты алды.

 

▲ CES 2025-те «Финтех» санатындағы GhostPass үздік инновация сыйлығы және стартаптың биометриялық аутентификациясын дүкендегі төлемдер үшін қалай пайдалануға болатынын көрсететін бейне

 

GhostPass биометриялық аутентификациясы қос факторлы аутентификация технологиясымен ерекшеленеді. Бет және көздің нұрлы қабығының деректері сияқты биометриялық ақпарат серверде немесе бөлек құрылғыда емес, тек тұтынушы смартфонында сақталады және қашықтан аутентификацияны қолдайды. Бұл қауіпсіздікті жақсартады және пайдаланушыларға биометрияны тікелей өз құрылғыларында басқаруға мүмкіндік береді. Бұл шешім кәсіпорындарда  серверлік қойма шығындарын азайтуға да көмектесе алады.

 

Түркі елінен келуші GhostPass биометриялық аутентификация технологиясын сүйсіне отыра сынақтан өткізді

 

CES 2025 көрмесінде GhostPass келушілер кіре берістен бастап төлемге  дейін биометриялық аутентификацияны қолданатын, сынамалы дүкеннің тұжырымдамасын ұсына отыра, өзінің инновацияларын қаржылық технологиялар секторында қалай қолдануға болатынын көрсетті. Түркі елінен  келген Хусейн Ада технологияны сынап көргеннен кейін:  «Ең таң қалдырғаны – биометриялық деректерді үшінші тұлғалар жинамайды. Бұл көптеген іске асыруларда пайдаға асатын инновациялық шешім», – деді.

 

GhostPass бас директоры Сонван Ли: «C-Lab бағдарламасының бір бөлігі ретінде,  біз жаһандық көрмелерге қатысуға және бүкіл әлемдегі мүдделі тараптардан құнды пікірлер алуға мүмкіндік алдық», – деді. — Біздің барлық брошюраларымыз таратылып кетті! Биылғы жылы стендіміздің танымалдылығы артты. Осының арқасында CES 2025 көрмесінде жаһандық ынтымақтастық орнатып, нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз. Көрмеге дайындалуда және технологияларымызды тиімді көрсетуде Samsung-тағы әріптестеріміздің кеңестері өте маңызды болды».

 

▲ GhostPass Бас директоры Сонгван Ли

 

GhostPass C-Lab арқылы айтарлықтай инвестиция тартты және C-Lab Outside мүмкіндіктерін байланыстар орнатуға пайдалану және бүкіл әлем бойынша сауда көрмелеріне қатысу арқылы өсуді жалғастыруда. Стартап жеке басын растау, рұқсат берудің қауіпсіздігі және төлемдерді қоса алғанда, әртүрлі салаларда серіктестікті дамытуды, сондай-ақ шетелдегі қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

▲ CES 2025 көрмесіндегі C-Lab стенді Кореяның белсенді стартаптары туралы көбірек білгісі келетін қонақтарға толы

 

CES 2025-тегі Club экспозициясы Samsung C-Lab үшін  стартаптардың халықаралық аренаға серпіліс алаңы болды. Бұл жас компаниялар тәжірибе жинақтаған, дамыған сайын, жалпы алғанда кореялық стартап- индустриясы да өсуде. Samsung Electronics және C-Lab үздік стартаптарды іздеуден бастап, оларды жаңа белестерге арттыруға дейін, осы экожүйені дамытуға бейім болып қала бермек.

Компанияның жаңалықтары > Технологиялар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі