[CES 2025] Ұйқыны реттеуден дұрыс тамақтануға дейін: Samsung сауықтыру саласында кешенді шешімдерді көрсетеді
CES 2025 көрмесінде Samsung Electronics денсаулықты сандық басқарудың жаңа стандартын белгілейтін өзінің жаңа шешімдерін ұсынды. «Денсаулық үйі» аймағында келушілер Samsung Health, Galaxy тағылатын құрылғыларын және SmartThings интегралданған платформасын көрді. Олар ұйқы және тамақтану сияқты салауатты өмір салтының негізгі басымдықтарын қарастырады.
Денсаулықты сақтаудың барлық кезеңдерін қамтитын бұл жүйе — деректерді жинау мен талдаудан бастап денсаулық туралы ақпарат пен ұсыныстарға дейін — Samsungтың денсаулық сақтау саласына тұтас көзқарасын көрсетеді.

▲ «Денсаулық үйі» аймағы
Ұйқы сапасын басқару

▲ Келушілер Samsungтың су жаңа жекелендірілген ұйқы шешімдерімен танысады
Көрменің басы ұйқыны жеке басқаруға арналған Galaxy тағылатын құрылғыларына арналған. Galaxy Ring және Galaxy Watch сияқты құрылғылар тұтынушылардың ұйқы режимін қадағалайды және демалу сапасын жақсарту үшін деректерді талдау негізінде жекелендірілген ұсыныстарды ұсынады. Сонымен қатар, SmartThings оңтайлы ұйқы ортасын жасау үшін қосылған ақылды төсектерді, жарықтандыруды, перделерді, ауа тазартқыштарды және т.б. автоматты түрде реттей алады.

▲Сол жақта Galaxy Ring және Galaxy Watch 7 Ultra . Оң жақта Galaxy Watch көмегімен ұйықтап жатқанда орташа және ауыр апноэ белгілерін қалай анықтай алатынын көрсететін дисплей бар
Атап айтқанда, Galaxy Watch-тың ұйықтап жатқанда апноэны бақылау мүмкіндігі денсаулықты кешенді басқару үшін телемедицина қызметтеріне қосылады. Егер тетіктер ұйықтап жатқанда апноэ белгілерін анықтаса, тұтынушы үй жағлайында ұйқысын басқаруға көмек көрсететін медициналық кеңеске жіберіледі.

▲ Дисплей AI Insights мониторинг панелі жиналған деректерді түсінуге қалай көмектесетінін көрсетеді
Samsungтың ұйқыға арналған кешенді шешімдері деректерді жинау мен талдаудан бастап, жасанды интеллектпен жұмыс істейтін денсаулықты бағалау мен телемедицинаға дейін сауықтыру үшін тұтас көзқарасты қамтамасыз етеді.
Ұйқының ұзақтығынан гөрі сапасы маңызды екенін естіген едім және бұл жаңа өнім арқылы мен әр түнде рахатпен терең және тыныш ұйықтай алатынымлы сезінемін»,- деп бөлісті көрме қонақтарының бірі.
Тамақтануды орынды басқару: қандағы глюкозаның жетілдірілген мониторингі және жекелендірілген тамақтану жоспарлары

▲ Көрмеге келушілер SmartThings, Samsung Health және Samsung Food өнімдерімен үйлесімді Galaxy тағатын құрылғылары денсаулықты бағалау және жеке тамақтану жоспарларын ұсыну үшін серіктес экожүйесінің көмегімен ағза өлшемдерін қалай өлшейтінін зерттейді

▲ Гид Samsungтың денсаулық сақтау саласындағы толассыз (E2E) тәсілі арқылы денсаулығыңызға қалай қамқорлық жасауға болатынын түсіндіреді
Келушілер бірте-бірте SmartThings, Samsung Health және Samsung Food өнімдерінің пайдаланушыларға тамақтануды жүйелеуіне көмектесу үшін қалай жұмыс істейтінін зерттейді: олар қандағы глюкоза деңгейін бақылайды, жеке рецепт бойынша ұсыныстар береді, азық-түлік тізімін жасауға көмектеседі және денсаулық туралы ақпаратпен бөліседі. Қонақтар Samsungтың жасанды интеллект экожүйесі және компанияның денсаулық сақтау саласындағы көзқарасы туралы нақты түсінікке ие болды.

▲ Бейнеде Samsung тамақтануды басқару жүйесі көрсетілген

▲ Samsung Health «Апталық ақпар» тұжырымдамасына шолу
Samsungтың тамақтануды басқару жоспары стендте инфографика мен бейнематериалдарда нақтылаулармен көрсетілді. Ол апта сайынғы қан глюкозасының кестелерін, негізгі қоректік заттардың жетіспеушілігін, жеке денсаулық мақсаттарының жоспарларын және жекелендірілген тамақтану жоспарларын қамтиды.
Болашаққа көз жүгіртсек, Samsung Samsung Health және SmartThings-ті тереңірек біріктіру арқылы денсаулықты басқарудың (E2E) экожүйесін кеңейту арқылы тұтынушыларға денсаулығы мен әл-ауқатын бақылауға мүмкіндік беретін озық шешімдерді ұсынуды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.