[CES 2026] Күнделікті өмірді жеңілдететін үй серігі
Үй шаруасынан мүлдем бос болса, үй қандай болар еді? The First Look 2026 көрмесінде Samsung Electronics тұрмыстық техниканы қайта елестетіп, оларды Home Companion аймағында пайдаланушылармен өзара әрекеттесуге және оларға шаруасыз өмір салтын қалыптастыруға көмектесетін интерактивті серіктестер ретінде ұсынды.
Samsung Newsroom өкілдері жасанды интеллект қосылған құрылғылардың экожүйесі күнделікті өмірді қалай ақылды және ыңғайлы ететінін зерттейді.
Көретін, еститін және еске түсіретін техника

▲ Home Companion аумағы
Көрменің кіреберісінде жалғанған AI-құрылғылары ақылды байланыстың күнделікті өмірді қалай қолдай алатынын болжайтын болашаққа көзқарас ұсынды. 2026 жылғы CES инновациялық сыйлығының иегері Bespoke AI Refrigerator Family Hub экранында кесте мен белсенділіктің жеке шолуы болып табылатын «Менің күнім» (Now Brief) атты хабарландыруды көрсетті. FoodNote функциясы тамақтану әдеттерін талдап, рецепттерді ұсынды, бұл пайдаланушыларға азық-түлік сатып алу туралы хабардар шешім қабылдауға көмектесті.

▲ Дауыстық пәрмпенді көрсету
Bespoke AI Jet Bot Steam Ultra робот-шаңсорғыштары тазалау алдында айналасындағы ортаны бағалау үшін кіріктірілген камераларды пайдаланды, ал тұтынушылар Bixby-ге сұрақтар қойып, лезде, әңгімелесу түрінде жауаптар алды. Бұл эксперимент көретін, еститін және шешімдер ұсынатын технологияның үй тапсырмаларын басқару тәсілімізді қалай өзгертіп жатқанын көрсетті.
AI-ас үйлер: тамақтану мәдениеті негізіндегі зерде
AI Kitchen аймағында Samsung компаниясы Bespoke AI тоңазытқыш Family Hub, Bespoke Double Oven, AutoView функциясы бар Bespoke AI French Door тоңазытқышы және Bespoke AI Wine Cellar сияқты тұрмыстық техниканың бірқатар түрлерін көрсетті. Бұл өнімдер топтамасы жақсартылған AI Vision технологиясы мен Google Gemini-дің Family Hub тоңазытқышына интеграциясының арқасында жаңа пайдаланушы тәжірибесін ұсынды – бұл тұрмыстық техникадағы алғашқы осындай интеграция.
Келушілер Family Hub-тағы AI Vision тоңазытқышқа қосылғанда немесе шығарылғанда өнімдердің кең ауқымын қалай танитынын көрді.

▲ AI Food Manager
Осы мүмкіндікке негізделген жаңартылған AI Food Manager ингредиенттер қорын басқаруға және сатып алуларды жоспарлауға көмектеседі, рецепттерді ұсынады және тағамды тиімдірек пайдалануға көмектесетін есептер жасау үшін тоңазытқышты пайдалануды талдайды.
Көрме қонақтары кіріктірілген камера мен AI Vision мүмкіндіктерін тоңазытқыштан тағамды орналастыру және алу арқылы сынап көрді. Олар сондай-ақ Auto Door дауыстық пәрменін пайдаланып есіктерді қол көмегінсіз ашып-жаба алды.

▲ Bespoke AI Refrigerator Family Hub
Шарап сақтау үшін SmartThings қолдайтын AI Wine Manager бөтелке жапсырмаларын ажыратады, сақтау орнының деректерін нақты уақыт режимінде жаңартады және атауы, санаты, жүзім сұрыпы және жүзім ауқымы сияқты егжей-тегжейлі ақпаратты бақылайды.

▲ AI Wine Manager
Келушілердің назарын құрылғының жұмыс жағдайларын анықтайтын және салқындату әдістерін нақты уақыт режимінде реттейтін әлемдегі алғашқы жүйе – заманауи AI Hybrid Cooling технологиясы аударды. Жасынды интеллект инверторлық компрессоры мен Пельтье элементін біріктіретін қос қуатты дизайнға негізделген жүйе әрбір энергия көзін бөлек немесе бірге қажет болған жағдайда пайдаланады, бұл энергия тұтынуды азайтады және салқындату тиімділігін барынша арттырады.

▲ AI Hybrid Cooling
AI-мен оңтайландырылған үй күтімі: күнделікті өмірге арналған ақылды тазалау
Home Companion тұжырымдамасы киім күтімі мен тазалауға да қатысты. Жуу мен кептіруден бастап күнделікті жинауға дейін құрылғылар автоматты түрде жағдайды бағалайды және соған сәйкес жұмыс істейді, бұл күнделікті жұмыстардың ауыртпалығын азайтуға көмектеседі.
Bespoke AI Laundry Combo кір жуғыш-кептіргіш машинасында негізгі жылу алмастырғышпен қатар қосымша жылу алмастырғыш бар, бұл кептіру өнімділігін 15%-ға дейін жақсартады және 20 килограммға дейін максималды кептіру сыйымдылығын сақтайды, бұл қызып кетудің алдын алуға көмектеседі.

▲ Bespoke AI Laundry
AI Wash+ функциясы су мен жуғыш зат деңгейін, жуу қарқындылығын, кептіру температурасы мен уақытын автоматты түрде реттеу үшін жүктеме салмағын, мата түрін және ластану деңгейін анықтайды. AI VRT+ жүйесі еден түрін талдау және кір жуғыш машинаның дірілін азайту үшін, тыныш орта жасай отыра, AI пайдаланады.

▲ Дэвид Уоткинс
«Кір жуудан шаршадым. Bespoke AI Combo жүйесі жұмысты әлдеқайда жеңілдететін сияқты, бұл үлкен көмек болады», – деді Франциядан келген салалық талдаушы Дэвид Уоткинс (David Watkins). «Менің ойымша, үй шаруасынан тыс өмірдің ең үлкен артықшылығы – уақытты үнемдеу».
Киімге күтім жасау құрылғыларды біркелкі қосу арқылы одан әрі жақсарады. Bespoke AI Combo құрылғысында жемпір сияқты арнайы циклды таңдаған кезде, дәл сол баптау жуудан күтімге біркелкі өту үшін Bespoke AI AirDresser буландырғышымен автоматты түрде синхрондалады. Сонымен қатар, қыртыстарды жазу функциясы киімдерді бастапқы күйіне тез қалпына келтіру үшін қуатты ауа ағынын және жоғары температуралы буды пайдаланады.
Тазалау топтамасы келушілерді өзінің жақсартылған өнімділігімен таң қалдырды. Samsung әлемдегі ең жоғары сору қуатына ие Bespoke AI Jet Ultra, сондай-ақ жақында шығарылған, бүгінгі күнге дейінгі ең жеңіл үлгі Jet Fit сияқты сымсыз тік шаңсорғыштарды көрсетті.

▲ Bespoke AI AirDresser и Bespoke AI Laundry Duo
Bespoke AI Jet Bot Steam Ultra робот-шаңсорғыш жасанды интеллект арқылы заттар мен сұйықтықтарды анықтайды, жиһазды, кабельдерді және тіпті түрлі-түсті немесе мөлдір сұйықтықтарды ақылды түрде анықтайды, баптауларға байланысты оларды тазалайды немесе олардан аулақ болады. EasyPass дөңгелегі роботқа есік табалдырықтары мен биіктігі 60 миллиметрге дейінгі кілемшелерді оңай шарлауға мүмкіндік береді, ал бүйірлік қылшықтар қабырғалар бойындағы бұрыштар мен аймақтарды тазалайды және сүртеді.

▲ Bespoke AI Jet Ultra, Bespoke AI Jet Lite и Jet Fit
10 Вт-қа дейінгі сору қуаты және Qualcomm Dragonwing AI-чипсетінің арқасында шаңсорғыш едендерден шаң мен қоқысты кетіреді, швабра бастарын жоғары температурада жуады және оларды 100 градус Цельсий буымен зарарсыздандырады, бұл иістерді азайтуға және үйдегі гигиеналық ортаны сақтауға көмектеседі.

▲ Bespoke AI Jet Bot Steam Ultra
«Менің үш итім бар, және барлық жерде қылшық жатады», – деді Панамадан келген сандық контент жасаушы Ванесса Катерина Моралес Герреро (Vanessa Katherina Morales Gurrero). «Бұл робот шаңсорғыш менің ең жақын досыма айналады».

▲ Сору қуатын көрсету

▲ Ванесса Катерина Моралес Герреро
Беріктік және сенімділік: ұзақ уақыт қызмет етуге арналған
Тұрмыстық техниканың ұзақ мерзімді серіктесі болу үшін өнімділік сенімділікпен үйлесуі керек. Соңғы 50 жылда Samsung негізгі компоненттердің дизайнын жетілдіріп, тиімділік пен беріктікті арттыру үшін жарты миллиардтан астам компрессорлар мен қозғалтқыштар шығарды.
Бағдарламалық жасақтаманы қолдау да дәл сондай сенімді. Бағдарламалық жасақтаманы жеті жылға дейін жаңарту тұтынушыларға жаңа мүмкіндіктерді, сондай-ақ құрылғылардың қосылымын, қауіпсіздігін және пайдаланушы интерфейсін үздіксіз жақсартуды қамтамасыз етеді. 2017 жылы Samsung пайдаланушыларға құрылғыларын жаңартуға мүмкіндік беретін тұрмыстық техниканы қашықтан басқару (HRC) жүйесін енгізді. Келушілерге жүйенің жаңа AI-нұсқасы ұсынылды, ол өнімділік пен пайдалануды белсенді түрде бақылай алады, мәселелер туындағанға дейін алдын алу шараларын ұсынады.
Samsung-тың Home Companion аумағы үй шаруасынан босау мақсатымен жасалған жасанды интеллект мүмкіндіктері мен әртүрлі форма факторлары тұрмыстық техниканың рөлін қалай кеңейтіп жатқанын көрсетті. Samsung шынымен көретін, еститін және бағыттайтын құрылғылармен анықталатын болашаққа көз тігеді.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Бейнебаяндар
Өнімдер > Тұрмыстық техника
Жүктеу
-
Samsung-Digital-Appliances-CES-2026-The-First-Look-2026-Home-Companion-Zone-Sketch_dl1.jpg
-
Samsung-Digital-Appliances-CES-2026-The-First-Look-2026-Home-Companion-Zone-Sketch_dl2.jpg
-
Samsung-Digital-Appliances-CES-2026-The-First-Look-2026-Home-Companion-Zone-Sketch_dl3.jpg
-
Samsung-Digital-Appliances-CES-2026-The-First-Look-2026-Home-Companion-Zone-Sketch_dl4.jpg
-
Samsung-Digital-Appliances-CES-2026-The-First-Look-2026-Home-Companion-Zone-Sketch_dl5.jpg
-
Samsung-Digital-Appliances-CES-2026-The-First-Look-2026-Home-Companion-Zone-Sketch_dl6.jpg
-
Samsung-Digital-Appliances-CES-2026-The-First-Look-2026-Home-Companion-Zone-Sketch_dl7.jpg
-
Samsung-Digital-Appliances-CES-2026-The-First-Look-2026-Home-Companion-Zone-Sketch_dl8.jpg
-
Samsung-Digital-Appliances-CES-2026-The-First-Look-2026-Home-Companion-Zone-Sketch_dl9.jpg
-
Samsung-Digital-Appliances-CES-2026-The-First-Look-2026-Home-Companion-Zone-Sketch_dl10.jpg
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.