[CES 2026] Samsung The First Look 2026 тизерін ұсынды
The First Look 2026 іс-шарасы қарсаңында CES 2026 көрмесінде Samsung Electronics компаниясы 23 желтоқсанда «AI әлеміне сіздің бастаушыңыз» — атты тақырыпты жан-жақты ашатын тизер-бейнені ұсынды.
Тизер Samsung-тың жасанды интеллектті өнімдері мен қызметтеріне біріктіру жөніндегі көзқарасын көрсетеді, компанияны пайдаланушылардың күнделікті өмірінде AI-мүмкіндіктерін жақсартатын және қолдайтын сенімді серіктес ретінде көрсетеді.
Аталған шараны алдын ала көрсететін бейнежазбада The First Look көрмесінде ұсынылатын жаңа инновациялардың силуэттерін жасау үшін жарқын шамдар мен сызықтар қолданылады, бұл Samsung өнім желісіне жасанды интеллекттің үздіксіз интеграциясын білдіреді. Соңғы көріністе жарық іс-шара өтетін Wynn Las Vegas қонақ үйіне түсіп, тақырыпты одан әрі аша түседі.
The First Look 2026 іс-шара ресми түрде 5 қаңтарда Астана уақыты бойынша таңғы сағат 8:00-де (CES 2026 көрмесінің ашылуынан екі күн бұрын) Wynn Las Vegas-та өтетін медиа-іс-шарамен, содан кейін төрт күндік көрмелермен, технологиялық форумдармен және 7 қаңтарға дейін жалғасатын басқа да іс-шаралармен басталады.
БАҚ-на арналған іс-шарада Samsung компаниясының негізгі басшылары, соның ішінде бас директор және Device eXperience (DX) бизнесінің басшысы Тэ Мун Ро (TM Roh); визуалды дисплей (VD) бизнесінің президенті және басшысы С.В. Ён (SW Yong); және атқарушы вице-президент және тұтынушылық техника (DA) бизнесінің басшысы Чеольги Ким (Cheolgi Kim)сөз сөйлейді. Олар бірлесіп, өз салаларындағы тұтынушылар тәжірибесін жақсарту стратегияларын ұсынады.
Технологиялық форумдар 5-6 қаңтар аралығында өтеді, онда жасанды интеллект, тұрмыстық техника және дизайн сияқты тақырыптарды қамтитын төрт сессия өтеді. The First Look 2026 туралы толық ақпаратты Samsung Newsroom Kazakhstan-нан табуға болады.
Компанияның жаңалықтары > Технологиялар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.