Galaxy AI 2024 жылдың соңына дейін 20 тілді қолдайтын болады
Қарым-қатынастағы тілдік кедергілерді азайту мақсатында Samsung компаниясы Galaxy AI-ді көбірек пайдаланушылар үшін қолжетімді етеді
Samsung Electronics компаниясы Galaxy AI қолдауының алдағы кеңеюі туралы хабарлады. Мобильді жасанды интеллект төрт жаңа тілде қолжетімді болады: түрік, голланд, швед және румын. Қолданыстағы кейбір тілдерге қолдау да кеңейтіледі, Galaxy AI дәстүрлі қытай және португал( Еуропа) тілдерінің қосымша диалектілерін қамтиды. Жаңарту қазан айының соңында күшіне енеді.
Galaxy AI қазіргі уақытта 16 тілді қолдайды,¹ ал жаңартудың арқасында жыл соңына дейін бұл сан 20-ға дейін артады. Бұл бүкіл әлем бойынша одан да көп пайдаланушылар тіл кедергілерін жеңіп, Galaxy AI көмегімен шексіз қарым-қатынасты таба алатынын білдіреді. Жаңа тілдер мен диалектілерді үйлесімді Galaxy құрылғыларындағы «Параметрлер» қолданбасында тіл бумалары ретінде жүктеп алуға болады.
1 Қолдау көрсетілетін тілдерге араб, қытай (материктік Қытай, Гонконг), ағылшын (Австралия, Үндістан, Ұлыбритания, АҚШ), француз (Канада, Франция), неміс, хинди, индонезия, итальян, жапон, корей, поляк, португал (Бразилия), орыс, испан (Мексика, Испания, АҚШ), тай және вьетнам тілдері кіреді.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.