[Бейне] Galaxy AI: Электрондық хаттарды жазатын және жүрісте хабарламалар құрастыратын нақты уақыттағы жеке аудармашы — сөйлесудің жаңа тәсілдері
Шетелде демалыста жүргенде бейтаныс қалада кофе немесе десертке тапсырыс беру кезінде тілдік кедергіге байланысты тұйыққа тірелдіңіз бе?
Galaxy AI-дің «Аудармашы» функциясының көмегімен пайдаланушылар енді ешқашан шет қалада адасып қалмайды. Алдымен Galaxy S24 сериясымен ұсынылған «Аудармашы» содан бері бүктемелі құрылғыларда пайдалану үшін оңтайландырылды. FlexMode режиміндегі Galaxy Z Flip6 көмегімен пайдаланушылар артқы экранда да, негізгі экранда да көрсетілетін аудармалар арқасында басқа тілде сөйлейтін адамдармен нақты уақытта сөйлесе алады. «Сөйлесу» режимі бетпе-бет әнгімелесуді табиғи етеді, өйткені ол көрген экранда әр адамның ана тілі көрсетіледі.
Шетел тілі лекцияларына қатысу немесе басқа елдерге саяхаттау арқылы «Тыңдау режимінің» мүмкіндіктерін ашыңыз. Бұл функцияны іске қосқанда, сіз тыңдап отырған дәріс немесе нұсқаулық әңгіме нақты уақытта мәтінге аударылады. Сондай-ақ, Galaxy Buds3 құлаққаптарын ілеспе аудио аударма үшін пайдалануға болады. Енді әртүрлі тілде сөйлейтін адамдармен тілдесу кезінде тіл кедергі болмауы керек.
Мәтіндік хабарға мұқият жауап беру немесе жүрісте хабарлама жіберу қиынға соғады ма? «Ұсынылған жауаптар» Galaxy AI көмегімен пайдаланушылар FlexWindow-дан оңай жібере алатын соңғы сөйлесулерге негізделген сәйкес жауаптарды ұсынады.
Chat Assist қолданушыларға әріптестеріне хабарлама жіберу немесе әлеуметтік желілерде жариялау кезінде грамматиканы, емлені, тыныс белгілерін және жалпы жазу мәнерін түсінуге көмектеседі. Galaxy AI мәтінді талдап, әртүрлі контексттер мен жағдайларға түзетулер мен ұсыныстар жасайды. Ұзын хат жазуға уақытыңыз болмаған кезде, «Мәтін генераторы» функциясы көмекке келеді. Электрондық поштамен жұмыс істеу, қысқа кілт сөздерді немесе сөз тіркестерін енгізу үшін оны белсендіріңіз – мысалы, «Мен осы демалыс күндері Сеулге дейін пойыз билетін брондау туралы сұраймын» – және «Жасау» түймесін басыңыз. Ары ғарай «Мәтін генераторы» сәлемдесу мен мәтінді қоса, егжей-тегжейлі хат жасайды.
Galaxy AI ұялы байланысты қалай өзгертетінін көру үшін төмендегі бейнені қараңыз.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Бейнебаяндар
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.