[Galaxy Unpacked 2025] Саяхатыңыздың әр сәті Galaxy AI-мен ерекше бола түседі

24.01.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung Galaxy S25 смартфондарының флагмандық сериясы инновациялық, адамға ұқсас жасанды интеллект (ЖИ) арқылы мобильді құрылғылардың мүмкіндіктері туралы көзқарасты өзгертті. Жаңа флагмандық бұрын бірнеше қадамдарды қажет ететін тапсырмаларды жеңілдететін және қажеттіліктеріңізді тани отыра  тиісті әрекетті жасайтын саяхаттардағы  тамаша серігіңіз болады. Samsung Newsroom саяхаттарыңызды ұмытылмас ететін Galaxy S25 сериясындағы Galaxy AI мүмкіндіктерінің эксклюзивті шолуын ұсынады.

 

Әуебилеттері бойынша үздік ұсыныстарды табыңыз, достарыңызбен бөлісіңіз және  Samsung Notes-те санаулы секундтарда сақтаңыз

▲ Galaxy AI әуебилеттерін өз бетінше онлайн тауып және онымен достарыңызбен бөлісе алады.

 

Мысалы, сіз досыңызбен бірге  Сан-Франциско-дан Нью-Йоркқа сапарды жоспарладыңыз. Әдетте бұл процесс көп уақыт мен жігерді талап етеді: рейстерді салыстырып, тиімді ұсыныстарды іздеп және кестесін келістіру қажет. Бірақ  Galaxy AI-мен бәрі қарапайым. «Нью-Йорк-тан тікелей рейстарды тап және оларды Тони Кимға жібер», деп айту жеткілікті – және Galaxy AI шынайы уақытта үздік ұсыныстарды іріктеп, сіздің досыңыз Тониға жібереді және Samsung Notes-та іздеу нәтижелерін сақтайды.  Енді барлығы қолыңыздың астында, ал сапарларды жоспарлау шамалы ғана талпынысты қажет етеді.

 

 

Мәзірді аударыңыз, ұсыныстар алыңыз және шетелдердегі мейрамханаларда сенімді тапсырыс беріңіз

▲ Galaxy AI сізге мейрамхана мәзірін аударады және 5тіпті 0 еуроға дейінгі тағамдарды ұсынады.

 

Жергілікті асханамен танысу  – саяхаттардағы басты қуаныштардың бірі, алайда тіл кедергісі жиі тосқауыл болады. Galaxy AI-мен енді бұл мәселе емес. Мысалы, Париждегі мейрамханадасыз, мәзір толығымен француз тілінде. Galaxy S25 бүйірлік батырмасын басыңыз және «Мәзірді сканерле және 50 еуродан төмен бағаға тағамды ұсын» деп айтыңыз.

 

Смартфон лезде мәзірді аударады және бюджетіңіздің аясында тағамдарды ұсынады. Және де Galaxy AI-ды француз тілінде тапсырыс жасауды сұрай аласыз  – енді Парижде даяшымен әңгімелесу жеңіл және жағымды болады.

 

 

Бұрын таба алмаған фотосуретті оңай табыңыз

▲ Galaxy AI Samsung Галереясында қажетті суретті дауыс пәрмені көмегімен табады.

 

Сапардан қайтқан соң суретті қарау естеліктерді жаңғыртуға көмектеседі. Samsung Галереясында қажетті суретті таба алмасаңыз, уайымдаудың қажеті жоқ – Galaxy S25 үнемі көмекке келеді. Жәй ғана «Мен Сеулде былтыр достарыммен пицца жеп отырған суретті тап», – деп айтыңыз және Galaxy AI дауыстық ажырату көмегімен сіз достарыңыздың арасында пицца жеп отырған Сеулдегі дәл сол кештің суретін табады.

 

Суреттерді және бейнелерді кемелділікке жеткізу үшін аядан қажет емес нысандарды және шуды алып тастаңыз

▲ Galaxy AI Samsung Галереясындағы кескіндердегі артқы жақтағы қажет емес нысандарды және адамдарды өшіреді.

 

Жағажайға барғандағы суреттерді қарап отырғаныңызды елестетіңіз: күннің батуы керемет көріністе, композиция мінсіз, бірақ кадрда бөтен саяхатшылар түсіп қалыпты. Galaxy S25 «AI-редактор» функциясымен бұны оңай шешеді. Samsung Галереясында Galaxy AI-ды басыңыз, қаламайтын нысандарды немесе адамдарды белгілеңіз, және ЖИ оларды көлеңкемен бірге өшіреді.

 

Бейнені редакциялау  функциялары да жетілдірілді. Audio Eraser құралы бейнедегі дыбыстық жолақты сараптайды, артқы жағындағы керек емес шуларды белгілейді және өшіреді. Бұл  функция – іс-шараларда, саяхаттарда, сұхбаттарда және т.б. секілді әр түрлі жағдайларда   түсірілген бейнелер үшін пайдалы. Бұдан былай сізге аудиожазбалардың күрделі өңдеуіне уақытыңызды жоғалтудың қажеті жоқ.

 

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Бейнебаяндар

Өнімдер > Ұялы құрылғылар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі