[Galaxy Unpacked Шілде 2026] Galaxy Watch Ultra2 және Galaxy Watch9-ға алғашқы көзқарас

22.07.2026
Share open/close
Сілтеме көшірілді

2026 жылдың шілдесінде Лондонда өткен Galaxy Unpacked іс-шарасында Samsung Electronics компаниясы Galaxy Watch Ultra2 және Galaxy Watch9-ды таныстырып, білезіктегі денсаулықты цифрлық бақылаудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Смарт-сағат пайдаланушыны бүкіл күн бойы – оянған сәттен бастап, жаттығу кезінде және одан кейін қалпына келгенге дейін сүйемелдеп, ағзаның негізгі көрсеткіштерін үнемі қадағалап отырады.

 

Samsung Newsroom өкілдері 2026 жылдың шілдесінде Galaxy Unpacked-те жаңа таситын құрылғылармен алғашқылардың бірі болып танысты. Линейкаға экстремалды жағдайларда жаттығулар мен спортпен шұғылдануды дәл бақылау үшін жасалған Galaxy Watch Ultra2, сондай-ақ денсаулықты, соның ішінде ұйқыны, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын, физикалық белсенділікті және қалпына келуді күнделікті бақылауға арналған Galaxy Watch9 кірді.

 

Алғашқы көзқарас Galaxy Watch9 Ultra 2

▲ (Сол жақта) Galaxy Watch Ultra2 және Galaxy Watch9.

 

Galaxy Watch Ultra2: шекарасыз шытырман оқиғалар

Galaxy Watch Ultra2 жоғары өнімділік пен ерекше беріктікті біріктіреді. Бұл смарт-сағат қарқынды спортпен шұғылдануға және табиғат аясында белсенді демалуға арналған.

 

Galaxy Watch Ultra2 – жоғары жылдамдықты және GPS бойынша дәл қадағалауды қамтамасыз ететін Qualcomm Snapdragon® Wear Elite Platform1 платформасына негізделген Galaxy Watch сериясының алғашқы смарт-сағаттары. Аккумулятордың сыйымдылығы 800 мАч, бұл алдыңғы буынмен салыстырғанда 35%-ға артық. Дисплейдің жарықтығы 5000 нитке жетеді – бұл смарт-сағаттар үшін алғашқы осындай көрсеткіш, соның арқасында экрандағы ақпарат тіпті өте жарық болғанда да оңай оқылады.

 

Алғашқы көзқарас Galaxy Watch9 Ultra 2

▲ Galaxy Watch Ultra2 47 мм өлшемінде қолжетімді.

 

Пайдалану ыңғайлылығы да жаңа деңгейге көтерілді. Дисплей корпусының жаңа конструкциясының арқасында безель мен құрылғының негізгі бөлігі біртұтас үйлесімді пішін құрайды. Көбейтілген батареяға қарамастан, құрылғы компоненттерді оңтайландыру және қайта өңделген ішкі құрылым арқылы алдыңғы буынға қарағанда 12%-ға жұқа болды. Таспа 26%-ға жеңілдеді, ал жаңа ауа құрылымы сенімді әрі ыңғайлы қонуды қамтамасыз етеді.

 

Алғашқы көзқарас Galaxy Watch9 Ultra 2

▲ Жіңішке профиль ұзақ уақыт жайлылықты қамтамасыз етеді.

 

Galaxy Watch Ultra2-де ғана қолжетімді жаңа Trail Run функциясы нақты уақыт режимінде деректерді ұсынады. Пайдаланушылар биіктік айырмашылықтарын, көтерілу барысын және жалпы биіктік алу мен түсіру қашықтығын бақылай алады. Бұл ақпарат жаттығу қарқындылығын бағалауға және қарқынды түзету арқылы күшті сауатты бөлуге мүмкіндік береді.

 

Алғашқы көзқарас Galaxy Watch9 Ultra 2

▲ Trail Run функциясы.

 

Galaxy Watch Ultra2 мүмкіндіктері енді су астындағы жаттығуларға да таралады. Суға түскен сәттен бастап смарт-сағат тереңдікті, су астындағы уақытты және температураны автоматты түрде тіркейді. Құрылғы қауіпсіз сүңгуірлік үшін жасалған: ол сүңгуірлік жабдық үшін EN13319 сертификатын, 10 АТМ су өткізбейтін және IP69K су мен шаңнан қорғау класын алды. Сонымен қатар, әлемдік дайвинг жабдықтарын өндіруші Mares-пен ынтымақтастықтың арқасында Galaxy Watch Ultra2 кеңейтілген сүңгуірлік функцияларды, соның ішінде шынайы уақыт режимінде сүңгу және көтерілу жылдамдығын қадағалауды, сондай-ақ қауіпсіз декомпрессия уақытын есептеуді қолдайды2.

 

Жаттығу кезінде пайдаланушылар Nutrition Alert құрамына кіретін жаңа гидратацияны бақылау функциясын да пайдалана алады. Жүйе дене салмағына қатысты термен сұйықтықтың жоғалуын талдайды және нақты уақыт режимінде судың ұсынылған көлемін есептейді, бұл ұзақ жүктемелер кезінде сусызданудың алдын алуға көмектеседі.

 

Алғашқы көзқарас Galaxy Watch9 Ultra 2

▲ Гидратацияны бақылау функциясы.

 

Galaxy Watch9: денсаулықты күнделікті бақылауға арналған сенімді көмекші

Galaxy Watch9 күнделікті өмірде денсаулықты үздіксіз бақылау үшін жасалған. Жұқалау корпус пен жаңа құрылымды ауа қалталары бар белдік білезікке ыңғайлы және сенімді орналасуды қамтамасыз етеді, бұл құрылғыны тәулік бойы – жаттығудан бастап ұйқыға дейін киюге қолайлы етеді.

 

Galaxy Watch9 Snapdragon Wear Elite платформасында жұмыс істейді және 390 мАч3 аккумулятормен жабдықталған, бұл алдыңғы буынға қарағанда 20%-ға артық. Бұл жоғары өнімділікке және күні бойы денсаулықты тұрақты бақылауға кепілдік береді.

 

Алғашқы көзқарас Galaxy Watch9 Ultra 2

▲ Galaxy Watch9 40 және 44 мм өлшемдерде келеді.

 

Galaxy Watch сериясындағы цифрлық денсаулық экожүйесінің ортасында жаңартылған Samsung Health қосымшасы орналасқан. Бұл бес негізгі бағытты бір жерде біріктіретін әмбебап жаттықтырушы: физикалық белсенділік, саналылық, тамақтану, ұйқы және өмірлік көрсеткіштер. Ағза сигналдарын оқып, оларды көрнекі форматта экранға шығару арқылы қосымша пайдаланушыларға денсаулық жағдайын әрқашан бақылауда ұстауға көмектеседі.

 

▲ Samsung Health-тың бес негізгі құрамдас бөлігі

 

Сапалы ұйқы жалпы денсаулықтың негізі болып қала береді. Жаңартылған ұйқы апноесін анықтау функциясы жасанды интеллект негізіндегі алгоритмді пайдалана отырып, бір сағаттағы тыныс алудың тоқтап қалу санын талдайды және оларды үш деңгейге бөледі. Бұл ұйқыдағы апноэны анықтау технологиясының дамуы болды, ол үшін 2024 жылы Samsung компаниясы әлемде бірінші болып АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының (FDA) De Novo рұқсатын алды.

 

Алғашқы көзқарас Galaxy Watch9 Ultra 2

▲ Ұйқы көрсетікштері.

 

Ұйқы кезінде өлшенетін денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін “Өмірлік күш көрсеткіші” бөлімінде оңай көруге болады. Пульс жиілігін, жүрек ырғағының өзгергіштігін, тыныс алу жиілігін, тері температурасын және қанның оттегімен қанығу деңгейін талдай отырып, Galaxy Watch9 жеке норманы қалыптастырады. Бұл денсаулық жағдайындағы маңызды өзгерістерді дер кезінде анықтауға көмектеседі.

 

Heart Health Score функциясы жүрек-қан тамырлары жүйесінің жай-күйінің көрнекі көрінісін береді. Ол белсенділік деңгейі, ұйқы, дене құрамы және стресс динамикасы туралы деректерді пайдаланушының ағымдағы физикалық жағдайын көрсететін бірыңғай көрсеткішке біріктіреді.

 

Жаттығу жоспарларын дене дайындығы деңгейіне де бейімдеуге болады. Fitness Index қазіргі жаттығулардың жеткіліктілігін бағалау және жеке мақсаттар қоюға көмектесу үшін дене құрамы мен жаттығу тарихы туралы деректерді пайдаланады. Қарқынды жаттығу күндері күнделікті жүрек жүктемесі пайдаланушыларға жаттығу теңгерімін бағалауға және қалпына келу үшін қажетті уақытты анықтауға көмектеседі.

 

Алғашқы көзқарас Galaxy Watch9 Ultra 2

▲ Heart Health Score функциясы.

 

Galaxy Watch Ultra2 қарқынды жаттығуларға арналған, ал Galaxy Watch9 күнделікті денсаулыққа қамқорлық жасауға өте қолайлы. Жақсартылған аппараттық базамен және Samsung Health қосымшасымен бірге Galaxy Watch сериясының жаңа буыны денсаулықты бақылаудың одан да интеллектуалды және дербестендірілген тәсілін ұсынады.

 

 

1 Snapdragon және Snapdragon Wear Elite Platform брендтері Qualcomm Technologies, Inc. және/немесе оның еншілес компанияларының өнімдері болып табылады. Snapdragon — Qualcomm Incorporated компаниясының сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгісі.

Функция осы жылдың соңында қолжетімді болады; жеке қолданбаны жүктеу қажет.

Деректер 40 миллиметрлік Galaxy Watch9 моделіне негізделген.

Жүктеу

  • Samsung-Mobile-Galaxy-Unpacked-July-2026-Galaxy-Watch-Ultra2-Galaxy-Watch9-A-First-Look_dl1.jpg

  • Samsung-Mobile-Galaxy-Unpacked-July-2026-Galaxy-Watch-Ultra2-Galaxy-Watch9-A-First-Look_dl2.jpg

  • Samsung-Mobile-Galaxy-Unpacked-July-2026-Galaxy-Watch-Ultra2-Galaxy-Watch9-A-First-Look_dl3.jpg

  • Samsung-Mobile-Galaxy-Unpacked-July-2026-Galaxy-Watch-Ultra2-Galaxy-Watch9-A-First-Look_dl4.jpg

  • Samsung-Mobile-Galaxy-Unpacked-July-2026-Galaxy-Watch-Ultra2-Galaxy-Watch9-A-First-Look_dl5.jpg

  • Samsung-Mobile-Galaxy-Unpacked-July-2026-Galaxy-Watch-Ultra2-Galaxy-Watch9-A-First-Look_dl6.jpg

  • Samsung-Mobile-Galaxy-Unpacked-July-2026-Galaxy-Watch-Ultra2-Galaxy-Watch9-A-First-Look_dl7.jpg

  • Samsung-Mobile-Galaxy-Unpacked-July-2026-Galaxy-Watch-Ultra2-Galaxy-Watch9-A-First-Look_dl9.jpg

  • Samsung-Mobile-Galaxy-Unpacked-July-2026-Galaxy-Watch-Ultra2-Galaxy-Watch9-A-First-Look_dl10.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары