iF Design Awards 2025 премиясында Samsung 58 жүлде алды

27.02.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Компания әртүрлі өмір салтына бейімделген жекелендірілген шешімдерді ұсынатын инновациялық шешімдері үшін екі алтын жүлдеге лайықты деп танылды

Сондай-ақ өнім дизайнынан пайдаланушы тәжірибесіне (UX) дейін тоғыз санат бойынша – 58 марапат. Аталған құрылғылар қатарында – теледидарлар, тұрмыстық техника, смартфондар және басқа да өнімдер бар

Samsung Electronics компаниясы Германияда өткен беделді халықаралық дизайн байқауы iF Design Awards 2025 халықаралық форумында 58 жүлдені жеңіп алды. Марапаттардың қатарында –  Ballie үй роботының серігі үшін алтын сыйлық, сондайақ BOJAGI тасымалданатын  проекторларына арналған концептуалды экологиялық таза қаптама дизайны.

 

iF Design Award форумы 1953 жылы Die Gute Industrieform e.V көрмесі ретінде құрылды. Премия сарапшылары тоғыз санат бойынша жобаларды жан-жақты бағалауды жүргізеді: «Өнім», «Қаптама», «Коммуникациялар», «Интерьер архитектурасы», «Кәсіби тұжырымдама», «Сервис дизайны», «Архитектура», «Пайдаланушы тәжірибесі (UX)» және «Пайдаланушы интерфейсі (UI)».

 

«ЖИ-ға негізделген инновациялар тұтынушылармен дизайн арқылы өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Samsung Electronics президенті және корпоративтік дизайн орталығының басшысы Тэ Мун Ро (TM Roh). – Біз адамдардың өзгеріп тұратын қарқынына үйлесімді түрде сәйкес келетін және олардың күнделікті әрекеттесуін  жақсартатын шешімдерді жасауды жалғастыра береміз».

 

Түрлі өмір салтына арналған жекелендірілген шешімдерге арналған екі алтын жүлде

 

 

Ballie1 –жеке көмекші рөлін атқаратын жасанды зердесімен үйдегі робот-серіктес. Ол үйдің ішінде автономды түрде қозғалады және тұрмыстық техникамен өзара әрекеттеседі және тұтынушыларға күнделікті шаруаларда көмек көрсетеді. Ballie өз иесінің әдеттерін сараптайды да, зерделі түрде жекелендірілген қызметтерді ұсына отыра, оның қажеттіліктеріне қарай бейімделеді.

 

 

Ықшам проекторларға арналған BOJAGI қаптамасының концептуалды дизайны «боджаги» дәстүрлі кәріс мата қаптамасынан шабыт алған. «Тұрақты дизайн және коммуникация» идеясының аясында қаптама қайта өңделген тоқыма қалдықтарынан жасалған және оны әртүрлі пішіндерде  бірнеше рет пайдалануға болады.

 

Теледидарлардың, тұрмыстық техника және смартфондардың дизайны үшін 58 жүлде

Samsung Electronics байқаудың барлық тоғыз номинациясында марапаттарға ие болды.Ballie және BOJAGI үшін алтын марапаттардан бөлек, «Өнім» санатында: Bespoke AI Laundry Combo™ – инновациялық «екеуі-біреуінде» кір жуғыш-кептіргіш машинасы; Galaxy Ring – тұтынушыларға денсаулығын бақылауға көмектесетін қуатты сенсорлары мен Galaxy AI мүмкіндіктері бар ықшам тағылатын  құрылғы; Neo QLED 8K – толықтай шому эффектісі және талғампаз Infinity Air дизайны бар теледидар.

 

Samsung-тың басқа әзірлемелері де мойындалды. Олардың арасында Live Translate сияқты ЖИ мүмкіндіктерінің арқасында нақты уақыт режимінде тегін байланыс орнатуға мүмкіндік беретін Foldable Galaxy AI UX интерфейсі бар. Мысалы, Galaxy Z сериялы бүктемелі құрылғылардағы FlexMode режимінде екі әңгімелесуші сөйлесудің аудармасын бір уақытта көре алады. Азық-түлік тізімін және қосылған құрылғыларды басқаруға мүмкіндік беретін Bespoke тоңазытқыш пайдаланушы интерфейсі. Сондай-ақ – Samsung дизайн философиясын көрсететін Milan Design Week 2024 аясындағы Newfound Equilibrium көрмесі. Көрме адам мен технологияның үйлесімділігін зерттеп, болашаққа  саналы түрде қарауға шабыттандырады.

 

1 2025 жылдың бірінші жартысында шығарылады, қол жетімділік аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Марапаттар

Жүктеу

  • Samsung-Corporate-Design-iF-Design-Awards-2025_58-Accolades_dl1.jpg

  • Samsung-Corporate-Design-iF-Design-Awards-2025_58-Accolades_dl2.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары