[Интервью] «Жиналмалы құрылғылар + AI»: One UI 8 қалай жасалынды

26.08.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Өткен айда Samsung Galaxy Z Fold7 және Z Flip7-мен бірге жиналмалы дизайн мен жасанды зерде тоғысуында пайда болған мүлдем жаңа мобильді тәжірибе One UI 8-ді таныстырды. Құрылғы алғаш рет алдын ала орнатылған Android 16 жүйесімен шықты, бұл – Google-мен тығыз ынтымақтастықтың нәтижесі. Бұл Galaxy тұтынушылары Android жүйесінің соңғы нұсқасына жылдамырақ және One UI 8 бірге – одан да жетілдірілген және тұтынушыға ыңғайлы интерфейспен қол жеткізе алатынын білдіреді.

 

Samsung Newsroom командасы Samsung Electronics компаниясының Mobile eXperience (MX) бөлімшесінің үш негізгі әзірлеушісімен сөйлесті: әзірлеуге жауапты Михён Чон (Mihyun Jeong) мен Джунхван Ким (Joonhwan Kim), One UI 8 құру туралы мәліметтермен бөліскен Google-мен өзара әрекеттесуді үйлестірген Наун Хан (Nawoong Han).

 

One UI 8 Interview

▲ (Солдан оңға қарай) Наун Хан, фреймворктарды әзірлеу тобы; тұтынушылық тәжірибесін жоспарлау бойынша тобынан Михён Чон; және Samsung Electronics компаниясының тұт ынушылық тәжірибесі бойынша командасынан Джунхван Ким.

 

AI және жиналмалы құрылғылар тоғысуындағаы жекелендірілген күнделікті тәжірибе

One UI 8 өзінің AI мүмкіндіктерін жақсарту арқылы Galaxy жиналмалы телефондарының бірегей пішін факторын келесі деңгейге көтереді. One UI жоспарлауға жауапты Чонның айтуынша, AI технологиясы дамыған сайын тұтынушылардың күтулері артып, интерфейс күрделірек және маңыздырақ бола түседі.

 

«Бұл мәселені шешу үшін Samsung компаниясының CX, UX және инженерлік топтары негізгі тұжырымдамаларды анықтау және One UI 8 сапасын жақсартуға назар аудару үшін жұмыс тобын құрды», – деді ол. «Біз бұл ұғымдарды «көп модальды AI, форма факторы бойынша оңтайландырылған UX және белсенді жекелендірілген тәжірибелер» деп анықтадық».

 

Жиналмалы құрылғыларға арналған One UI дизайнын басқарған Ким One UI 8 – « Жиналмалы құрылғылар + AI» концепциясы форм-факторлары мен жасанды зердемен жұмыс істейтін инновациялардың синергетикасын көрсететінін атап өтті.

 

«Galaxy Z Flip7 -дегі FlexWindow-дан бастап Galaxy Z Fold7 кең негізгі экранына дейін – тұтынушылар AI-мен құрылғыларда Galaxy эволюциясын көптеген форматтарда сезіне алады», – деп түсіндірді.

 

FlexWindow экранындағы AI

One UI 8-де Galaxy Z Flip7 құрылғыны жазбай жатып-ақ AI-мүмкіндіктерді жеңіл және жылдам пайдалануға мүмкіндік береді. Бүйірлік батырманы бір басқаннан-ақ Gemini Live қосылады, ал FlexWindow үшін оңтайландырылған интерфейс жасанды зердемен өзара әрекетті – басқамен жаеды сөйлесу секілді табиғи етеді.

 

«Мысалы, сіз камерадан кескінді көре аласыз және AI-мен нақты уақытта байланыса аласыз немесе күнтізбеге оқиғаларды дереу қоса аласыз. Күнделікті тапсырмалар оңай әрі жылдамырақ болады», – деп атап өтті Чон.

 

One UI 8 Interview

▲ MX Business бөлімшесінен Михён Чон, One UI 8 FlexWindow Galaxy Z Flip7 жасанды зеред мүмкіндіктеріне қалай жеңіл қолжетімділікті қамтамасыз ететіндігін көрсетіп жатыр.

 

Galaxy Z Flip7-дегі кеңейтілген FlexWindow экраны сонымен бірге Now Bar арқылы нақты уақыттағы спорт ұпайларын, жаңалықтарды, қолданба жаңартуларын және т.б. көруге мүмкіндік береді. Ал «Менің күнім» (Now Brief) мүмкіндігі – сыртқы экранында бір қарағанда қолжетімді барынша жекелендірілген ақпарат пен түсініктерді береді.

 

Үлкен экрандағы көпатқарымдылықтың жаңа мүмкіндіктері

Galaxy Z Fold7 үлкен негізгі экраны раскрывает весь потенциал One UI 8 барлық артықшылығын ашады.

 

«Онда Galaxy AI нәтижелерін Split view немесе Floating view-де көрсетуге, барынша тиімді жұмыс үшін олардың көлемдерін және орналасуын еркін өзгертуге болады», – деп түсіндірді Ким.

 

Күрделі контексттерді түсінетін мультимодальды AI көмегімен Gemini Live -тағы Screen sharing мүмкіндігі ағымдағы экранды AI-мен нақты уақытта, тіпті бірден бірнеше қолданбалармен жұмыс істегенде де бөлісуге және сол жерде сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.

 

Galaxy AI «Фотолар бойынша көмекші» сонымен қатар нақты салыстыру және нақтылаулармен өңдеу үшін түпнұсқа және өңделген кескіндерді қатар көрсетіп, үлкенірек дисплейдің артықшылығын пайдаланады.

 

One UI 8 Interview

▲ MX Business-тан Джунхван Ким, One UI 8 Galaxy Z Fold7-де тиімді көпатқарымдылықты қалай қамтамасыз ететіндігін көрсетіп жатыр.

 

Google-мен тығыз серіктестік арқасында жетілгенділік

One UI 8 жақсартылған тәжірибесінің негізінде – Google-мен ерекше серіктестік жатыр.

 

Google-дағы Android тобымен өзараәрекетке басшылық жасайтын Хан: «Біз ең басынан бастап бірге жұмыс істеп келеміз, тұжырымдамаларды жоспарлау сатысында ерте анықтап, One UI 8-дегі соңғы мүмкіндіктерді жеткізу үшін дамудың барлық кезеңдерінде бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз», – деп айтып берді.

 

One UI 8 Interview

▲ MX Business-тан Наун Хан Google-дағы Android тобымен серіктестік процесі туралы айтып берді.

 

Бірлесіп жұмыс істеу әдістері де теңдессіз.

 

«Біз нақты уақыт режимінде кодты бөлісуге және қателерді жылдам түзетуге мүмкіндік беретін жалпы даму тармағын қолдандық», – деді Хан. «Бұл тығыз инженерлік ынтымақтастық Galaxy Z Fold7 және Z Flip7-ді Android 16-мен қораптан шыққан алғашқы құрылғыларға айналдырды».

 

One UI 8 Interview

▲ One UI 8-бен Gemini-ді құрылғыны жазбай-ақ Galaxy Z Flip7 FlexWindow-ынан тікелей белсендіруге болады.

 

Galaxy Z Fold7 және Z Flip7 құрылғыларындағы Gemini Live мультимодальды тәжірибесі, ол экрандағы контентті ажырата алады, табиғи өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуі және істерді орындау үшін Samsung қолданбаларымен қосыла алуі, сонымен қатар Samsung және Google топтарының бірге жұмыс істеуінің нәтижесі болып табылады.

 

Тағы бір мысал – Samsung DeX-тің One UI 8-де дамуы. Бұл мүмкіндікті Samsung Google-мен тығыз ынтымақтастықта әзірледі және сайып келгенде, Android үшін жаңа терезелі интерфейс тұжырымдамасының негізі болды. Samsung-тың DeX-те жұмыс істеген жылдар бойы жинаған тәжірибесі оған Android мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді, бұл қолданба әзірлеушілеріне біртұтас орта және тұтынушыларға – одан да өнімді тәжірибе береді.

 

«Мен Google-мен бірлескен семинарлар өткізу үшін Корея мен Ұлыбритания арасында бірнеше рет ұштым. Біз тақтаның айналасына жиналып, экран диаграммаларын сызып, тіпті ең кішкентай бөлшектерді талқылайтын едік. Біздің жұмысқа қатты кірісіп кеткеніміз сонша, біз бірдей худи жасатып алып, тіпті бір-бірімізден үй жануарлары туралы әңгімелесетін болдық», – деп еске алады Хан.

 

Бұл достықтың нәтижесі барынша қуатты және ыңғайлы DeX болды.

 

Эмоцияға толы дизайн және деректерді сенімді қорғау

One UI 8 AI мүмкіндіктеріне қарағанда дизайнға көп көңіл бөледі.

 

«Бета тестілеу кезінде ерекше оң пікір алған жаңартылған ауа райы қолданбасынан басқа, интерфейсті қызықты ету үшін біз басқа күнделікті қолданбаларға жаңа анимациялар мен көрнекі әсерлер қостық», – деп айтып берді Ким.

 

«Енді сағат таңдалған аядағы нысанды тани алады және оның контурына органикалық түрде тураланады. Бұл мүмкіндік тек негізгі экранда ғана емес, сонымен қатар Galaxy Z Flip7 FlexWindow жүйесінде де қолжетімді», – деп қосып өтті.

 

AI-дан басқа, One UI 8 күнделікті ыңғайлылық үшін көптеген жақсартуларды ұсынатынын Чон атап өтті: контентті бөлісу үшін барынша оңай «Жылдам жіберу» Quick Share мүмкіндігі; Бейнелер мен аудиодан арттағы шуды бір рет түрту арқылы жоюға арналған «Шуларды алып тастау» (Audio Eraser); және «Фотографиялар бойынша көмекшідегі» «Порттреттік студия» -дағы төрт жаңа үй жануарлары профилі.

 

One UI 8 Interview

▲ Михён Чон (сол жақта) және Джунхван Ким (оң жақта) One UI 8 әзірлеу процесі туралы айтып жатыр.

 

Жасанды зерде дәуірінде қауіпсіздік айрықша маңызды. One UI 8 жекелендірілген AI-мүмкіндіктерін қорғайтын және деректерге рұқсатсыз кіруді бұғаттайтын жаңа Knox Enhanced Encrypted Protection (KEEP) және Knox Vault ұсынады.

 

«Біз тұтынушыларымыздың қауіпсіздік саласындағы қорқыныштарын түсінеміз», – деді Чон. «Сондықтан біз қуатты қорғаныс механизмдерін жасадық және өз бетінше пайдалануға және басқаруға оңай құралдар жиынтығын ұсындық».

 

One UI 8 көмегімен жаңа күнделікті өмір

One UI 8 жиналмалы құрылғылар мен жасанды интеллекттің тоғысуында жасалған тұтынушы тәжірибесінің жаңа дәуірін бастады.

 

«Бұл бұрын болмаған жиналмалы телефондар үшін мүлдем жаңа тәжірибе. One UI көмегімен біз автоматтандыру мен жекелендіруді одан да күшті ету үшін тұтынушыларды AI-мен табиғи түрде байланыстырамыз”, – деп сеніммен атап өтті Чон.

 

«Классикалық смартфондардан жиналмалы құрылғылар мен планшеттерге дейін біз форм-фактор бойынша оңтайландырылған AI мүмкіндіктерін тұтынушылардың күнделікті өміріне одан да көп құндылық пен қуаныш әкелуге тырысамыз», – деп қосты Ким.

 

Samsung пен Google ынтымақтастығы жалғасады және тереңдей түседі.

 

«Технология неғұрлым күрделі бола түскен сайын, серіктестік соғұрлым маңыздырақ болады, – деді Хан. «Біз Google-мен ынтымақтастығымызды Galaxy-дың барлық салаларында, әсіресе AI-да кеңейтуге ниеттіміз». Жаңалықтардан құр қалмаңыз».

 

One UI 8 Interview

 

One UI 8 жаңартуы қыркүйек айында Galaxy S25 сериясынан бастап шығарыла бастайды. Жаснады зерде мүмкіндігі мен Samsung бірегей форм-факторларын біріктіретін жаңа интерфейс күнделікті өмірге арналған жаңа көкжиектерді ашады.

Компанияның жаңалықтары > Технологиялар

Өнімдер > Ұялы құрылғылар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары