Galaxy XCover7 және Galaxy Tab Active5 ұсынамыз – заманауи кәсіпорындар үшін беріктіктің, тұрақты жұмыстың және жоғары өнімділіктің мінсіз тіркесі
Galaxy XCover7 смартфоны және Galaxy Tab Active5 планшеті тіпті өте күрделі жағдайларда жоғары өнімді жұмысты қамтамасыз етеді
Samsung Electronics компаниясы екі корпоративті моделдің – Galaxy XCover7 смартфонының және Galaxy Tab Active5 планшетінің шығарылуы туралы жариялады. Бұл қорғалған құрылғылар тіпті ең күрделі жағдайларда, соның ішінде жолдағы жұмыстарда немесе өндірістік алаңда туындаған тапсырмаларды орындау үшін өндіріліп шығарылған, олардан ерекше деңгейдегі беріктілік, қорғаныс пен тиімділік талап етіледі.
Екі құрылғы да 5G-ге қосылуының арқасында байланысты қолдаудың кеңейтілген мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, алдыңғы модельдерге қарағанда олардың ұялы процессорларының өнімділігі арттырылған және жадының көлемі ұлғайтылған. Бұдан басқа, XCover7 смартфоны жаңа мықты камерамен және одан да жоғары шешімі бар ұлғайтылған дисплеймен жасақталған, ал Tab Active5 планшеті оның алдыңғы нұсқасы Tab Active3 сияқты ауыспалы аккумулятормен, сондай-ақ аккумуляторсыз жұмыс жасай алады, бұл оны кез келген жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді.
Қорғалған ұялы құрылғылардың жаһандық жеткізушісі туралы IDC Marketscape есебіне сәйкес 2022 жылы АҚШ-тағы кәсіпорындардың үштен бірі (38%) қорғалған құрылғыларды сатып алды және басқа ұйымдардың қалған 38% қолда бар құрылғылардың санын 2023 жылға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр1. Қорғалған ұялы құрылғылар сенімді, жоғары өнімді және ұзақ мерзімді болғандықтан, олар түрлі салалардың, соның ішінде өндіріс кәсіпорындарының, денсаулық сақтау ұйымдарының, бөлшек сауданың және мемлекеттік қызметтің қажеттіліктерін өтей алады, аталған салалардағы сатылымдардың динамикасы осыны растайды.
«Samsung компаниясы қазіргі таңда кәсіпорындардың бұрын кездеспеген кедергілерге тап болғандығын және оларға бизнестің өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне сәйкес келетін құрылғыларды ұсыну қажет екендігін түсінеді» – дейді Samsung Electronics компаниясының MX Business бөлімшесінің бизнеске арналған ұялы шешімдер жаһандық командасының жетекшісі Джерри Пак (Jerry Park). Ол сондай-ақ: «Бұл үшін біз Galaxy XCover7 және Galaxy Tab Active5 ойлап таптық, олар – «алдыңғы қатарлы» жұмыстарға арналған ең сенімді құрылғылар. Олар мықты, әмбебап, ұзақ мерзімді және сенімді, аталған қабілеттері оларды өзін кез келген жағдайда сенімді сезінуі, тұрақты түрде байланыста болуы, өнімді жұмыс жасауы керек қызметкерлер үшін мінсіз көмекшілерге айналдырады» – деді.
Жоғары деңгейдегі беріктілік пен ұзақ мерзімділік
Әр түрлі күрделі жағдайларда қолдану үшін әзірленген Galaxy XCover7 және Galaxy Tab Active5 қызметкерлерге өз смартфондарын және планшеттерін олардың сақтығына алаңдамай, кедергісіз пайдалануға мүмкіндік береді. Екі құрылғы, сондай-ақ олардың жиынтығына кіретін Tab Active5 S Pen электронды қаламы IP682 классты судан және шаңнан қорғанысты иеленеді, сол себепті олар экстремалды жұмыс жағдайларында, мысалы, құрылыс алаңында немесе бөлшек сауда қоймасында пайдалануға жарасады. Galaxy XCover7 смартфоны MIL-STD-810H3 әскери стандартына сәйкес жасалған және 1,5 м дейінгі биіктіктен құлағанда жоғары дәрежелі беріктілікке ие болады, ал Galaxy Tab Active5 планшетіне келсек, ол жиынтыққа кіретін4 қорғаныс қабын пайдаланған кезде 1,8 м биіктіктен құлауды көтере алады.
Galaxy XCover7 және Galaxy Tab Active 5 құрылғыларының бөлек артықшылығы сызуға қорғанысты арттыратын және қызмет ету мерзімін ұзартатын Corning® Gorilla® Glass Victus®+ және Corning® Gorilla® Glass 5 қорғаныс әйнектері болып табылады. Құрылғылардың дисплейлері тінтуге сезімталдықты5 реттеуге мүмкіндік береді, бұл олардың қолғаптармен пайдалануын жеңілдетеді. Олар сондай-ақ залалсыздандыру құралдарымен6 пайдалану үшін мұқият тестілеуден өтті. Осы қасиеттері арқасында Samsung Galaxy жаңа қорғаныс құрылғылары күрделі ауа райы жағдайларына немесе жоғары қауіп жағдайларына төтеп бере алады, бұл оларды қиын жағдайларды жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін мінсіз етеді.
Кеңседе, жолда немесе өндіріс алаңында үздіксіз жұмыс жасауға арналған
Қазіргі заманғы одан әрі сандық әлемде кәсіпорындар қызметкерлерінің әрқашан байланыста болуын талап етеді. Galaxy XCover7 смартфоны 5G және Wi-Fi 5 желілеріне, ал Galaxy Tab Active5 планшеті 5G және Wi-Fi 67 желілеріне жылдам да, сенімді қол жетімділікті ұсынады. Бұл алдыңғы қатарлы технологиялар қызметкерлерге кәсіпорынның ішінде және одан тыс тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.
Премиум-класс дисплейлері Galaxy XCover7 смартфонын және Galaxy Tab Active5 планшетін пайдалануда жеңіл де, ыңғайлы етеді. Алдыңғы модельдерге қарағанда XCover7 смартфонының 6,6 дюймді дисплейі үлкен жазықтық алаңына және бұрыңғыдан да жоғары шешімге ие. Tab Active5 планшетінің 8 дюймді дисплейі экранның арттырылған жарықтығының және жаңарту жиілігі 120 Гц дейін болатын бұрыңғыдан да бірқалыпты кескінінің арқасында ашық ауада жақсартылған көруді қамтамасыз етеді. Екі құрылғы да кәсіпорындардың қызметкерлеріне қолдау көрсету үшін жобаланған, алайда осы ретте олар кеңседе немесе жолда пайдалану үшін кербез де, жеңіл болып қалады.
Samsung Galaxy қорғалған құрылғылары қызметкерлерге қажетті қолдауды және тіпті ең күрделі жағдайларда интернетке қосылуды ұсына отырып, үздіксіз жұмысты қамтамасыз етеді. Алаңдағы немесе зауыттағы ұзақ мерзімді жұмыс ауысымдары кезінде қызметкерлер Galaxy XCover7 және Tab Active5 құрылғыларына қол жетімді жылдам қуатталу функциясы8 арқасында уақыттарын одан да тиімді қолдана алады. Екі құрылғы сондай-ақ ауыспалы аккумуляторлармен жасақталған, бұл олардың жұмыссыз тұрып қалу уақыттарын минимумға дейін төмендетеді. 9
Galaxy Tab Active 5 планшеті арнайы режімде аккумуляторсыз жұмыс жасай алады.10 Бұл құрылғыны өндіріс кабиналарында да, көлікте де үздіксіз қолдануға мүмкіндік береді, осы ретте аккумулятордың жұмысқа қабілеті ауаның жоғары температуралары кезінде де сақталады. Galaxy XCover7 және Tab Active5 құрылғылары сондай-ақ POGO интерфейстерімен жасақталған, олар POGO док-станцияларында бір уақытта бірнеше құрылғыны қуаттау мүмкіндігінің арқасында қуаттау үрдісін жеңілдетеді. 11
Кәсіпорындарда барынша жоғары өнімділікті және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Samsung қорғалған құрылғылары қызметкерлердің жұмыс алаңдарындағы жұмысын одан да тиімді және өнімді етуге бағытталған. Динамиктердің күшейтілген дыбыс деңгейі тыңдауды жақсартады және жұмыс алаңдарында жаңылыстарды болдырмауға көмектеседі. Бағдарланған пернелер13 қажетті функцияларға жылдам қол жетімділікті қамтамасыз етеді, өнімділікті арттырады, ал Knox Capture14 көмегімен штрих-кодтарды сканерлеу қоймаларда немесе қозғалмалы сату нүктелеріндегі операцияларды жеңілдетеді. 15
Қызметкерлер сондай-ақ ЖК-ге смартфондарын және планшеттерін қосудың кеңейтілген мүмкіндіктерін пайдалана алады. Құрылғылар жеңіл де, жылдам контентпен алмасудың, бірнеше экрандармен синхронизацияның мүмкіндіктерін, «Windows-пен байланыс» қосымшасының көмегімен ұялы құрылғы мен ЖК арасында тез ақпарат алмасу кезінде жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, алаңдағы қызметкерге «кеңсеге ауысу» қажет болса, смартфондар бұл мақсатта үстел компьютерінің интерфейсін құра алады.
Заманауи кәсіпорындар жылдам өзгеретін ортада қызмет етеді, онда тиімділік – басты басымдылық, Samsung Galaxy құрылғыларының қорғалған желісі қызметкерлерге үлкен жұмыс көлемін аз уақыт ішінде орындауға мүмкіндік береді, осылайша тапсырыс берушілердің өсіп келе жатқан талаптарын жұмыс орнында өнімділікті арттыру есебінен қанағаттандыруға көмектеседі. Сонымен қатар, Galaxy XCover7 және Galaxy Tab Active5 құрылғылары бөгде өндірушілердің функционалды қаптар, қуаттауға арналған тұрақтандырғыштар, USB-Type C ажыратқыштар және көптеген басқа бұйымдар сияқты бірқатар аксессуарларымен бірлесе алады, бұл кез келген жерде жұмыс ортасына жылдам интеграцияны қамтамасыз етеді.
Samsung Galaxy XCover7 және Galaxy Tab Active5 құрылғылары Samsung Knox Vault қолдайтын беріктігі арттырылған тұңғыш құрылғылар болып табылады.17 Samsung Galaxy міндеттемелері шеңберінде флагмандық желіге кірмейтін құрылғыларға арналған қорғаныс мүмкіндіктерін кеңейтуге тырысады, сол себепті корпоративті клиенттерге енді өздерінің бизнес-тапсырмаларын шешуде қауіпсіз пайдалана алатын бұрыңғыдан да көп гаджеттердің таңдауы қол жетімді болды.
Knox Vault шешімі Samsung компаниясының қорғалған құрылғыларында сақталған ең маңызды ақпаратты, соның ішінде PIN-код, құпия сөздер және шаблондар сияқты жұмыс бейінінен алынған деректерді қорғауға көмектеседі. Ол негізгі процессор мен жүйе жадысынан оқшауланған қауіпсіз ортаны құрады да, пайдаланушыны оның бейінін тіркелген сәттен бастап қорғайды. Knox Vault шешімі құрылғыда сақталған пайдаланушының деректерін шифрлайтын қауіпсіздік кілттерін қорғауға көмектеседі, осылайша тіпті ол жоғалған немесе ұрланған кезде құпиялылық қамтамасыз етеді. Samsung Knox Vault аппараттық шешімі пайдаланушының деректеріне рұқсатсыз кіруді алдын алады, осылайша мүмкін болатын бағдарламалық бұзудан және технологиялық кәсіби аспаптарды пайдаланумен аппараттық шабуылдардан қорғайды.
Техникалық сипаттамалар
Galaxy XCover7 | ||||||||
Экраны* | 6,6″, 20:9, FHD+, TFT, 60 Гц, тінтулерге арттырылған сезімталдық** | |||||||
* Экранның мөлшері сүйірленген бұрыштарды ескермей, тік төртбұрыштың диагоналі бойынша өлшенеді. Көрінетін облыстың нақты алаңы сүйірленген бұрыштар және камераға арналған саңылаулар есебінен аздау.
** Ішкі зертханалық сынақтардың нәтижелері бойынша тінтуге жоғары сезімталдық құрылғыны 2 мм дейінгі тері қолғаптарын киіп қолдануға мүмкіндік береді. Құрылғыны жоғары ылғалдылық жағдайларында пайдалануға болады, бірақ суға толықтай салуға болмайды. Дисплей су астында тінтуге жауап қайтпайды. Тінтуге сезімталдықтың дәрежесі қолғап жасалған материалдың типіне және қалыңдығына және қоршаған ортаның өзге де жағдайларына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. |
||||||||
Операциялық жүйесі | Android 14 | |||||||
Физикалық сипаттамалары | 169 x 80,1 x 10.,2 мм (240 г*) | |||||||
* Салмақ аймаққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін. | ||||||||
Камералары | Негізгі | шешімі: 50 МП, жарық күші: F1.8, жарық шығару | ||||||
Алдыңғы | шешімі: 5МП, жарық күші: F2.0 | |||||||
Жады және қоймасы* | 6 + 128 ГБ, 1ТБ үшін microSD қолдайды** | |||||||
* Қойманың нақты қол жетімділігі алдын ала орнатылған бағдарламалық жасақтамаға, сату нарығына, файлдардың мөлшеріне және форматына байланысты өзгеше болуы мүмкін**. microSD жадының картасы бөлек сатылады. | ||||||||
Процессоры | 6-нм Octa-Core | |||||||
Аккумуляторы*** | Ауыспалы**, сыйымдылығы: 4 050 мАс (типті)* | |||||||
* Аккумулятор сыйымдылығының үлгілік мәні бөлек зертхананың жағдайларында сынақтан өткізілді. Үлгілік мәні есептелген орташа шама, ол IEC 61960 стандартына сәйкес сынақтан өткізілген аккумулятор үлгілерінің сыйымдылығындағы ауытқуларды ескереді. Жобаланған (минималды) сыйымдылық 3 950 мАс құрайды. Автономды жұмысының нақты уақыты желілік қоршаған ортаға, пайдаланған модельге және басқа да факторларға** тәуелді әр түрлі бола алады. Қосымша ауыспалы аккумулятор және қуаттауға арналған POGO док-станциясы бөлек сатылады. Қосымша ауыспалы аккумуляторлар бар болған жағдайда олар тек Samsung сертификациялаған өнімдермен бірлесе алады.
**Қуаттау құрылғысы бөлек сатылады. |
||||||||
Байланыс | 5G*, LTE**, Wi-Fi 5 (802.11 a/b/g/n/ac), Wi-Fi Direct, Bluetooth® v5.3, NFC | |||||||
* 5G қызметтері тек 5G желісін қолдайтын жерлерде қол жетімді. 5G желісіне қосылу үшін қосылудың оңтайлы жағдайлары талап етіледі. Нақты жылдамдық нарыққа, байланыс операторына, контент-провайдеріне және пайдаланушының ортасына** тәуелді әр түрлі болуы мүмкін. LTE қолдауы бар модельдің қол жетімділігі нарыққа немесе байланыс операторына байланысты. Нақты жылдамдық нарыққа, байланыс операторына, контент-провайдеріне және пайдаланушының ортасына тәуелді әр түрлі болуы мүмкін. | ||||||||
SIM-карта | Dual SIM (SIM-карта + енгізілген SIM-карта*) | |||||||
* Енгізілген SIM картаның қол жетімділігі аймаққа тәуелді. | ||||||||
Қосылу | USB 2.0 Type-C, POGO Pin (тек қуаттау үшін), 3,5 мм құлаққаптарға арналған жалғағыш | |||||||
Сезгектер | Акселерометр, Геомагнитті сезгек, Гироскопиялық сезгек, Жарық сезгегі, Жақында болуды сезу сезгегі | |||||||
Бағдарлау жүйесі | GPS, ГЛОНАСС, Galileo, BeiDou, QZSS* | |||||||
* GNSS қол жетімділігінің типі нарыққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Galileo және BeiDou жабыны шектеулі болуы мүмкін. BeiDou кейбір нарықтарда қол жетімсіз. | ||||||||
Арттырылған беріктілік | IP68*, MIL-STD-810H**, Corning® Gorilla® Glass Victus®+ | |||||||
* IP68 қорғаныс дәрежесі: құрылғының суға және шаңға төзімділігі зертханалық сынақтар барысында оны 30 минутқа 1,5 метрге дейінгі тереңдікке тұщы суға салумен тексерілген. Құрылғыға су тигенде оны шөгіндіден сумен тазартып, кептіру керек. Жағажайда немесе бассейнде пайдалануға ұсынылмаған.
** MIL-STD-810H сертификациясы нақты қоршаған ортаның жағдайында келесідей сынақтардан өткізуді білдіреді: биіктікте, жоғары деңгейлі ылғалдық кезінде және суға салғанда, тұман жағдайларында, шаң болған кезде, құлаған кезде және т.б. MIL-STD-810 — бұл құрылғының шектеулерін дәл бағалау үшін АҚШ әскерлері әзірлеген сынақтардың стандартқа келтірілген формасы. Нақты жағдайларда пайдалану сынақ кезінде жасалған белгілі бір қоршаған ортаның жағдайларында қолданудан өзгеше болуы мүмкін. Төтенше жағдайларда жұмыс жасауына кепілдік берілмейді. Сынақ жағдайлары құрылғыға байланысты әр түрлі болды. |
||||||||
Дауысы | Dolby Atmos® | |||||||
Қауіпсіздігі | Samsung Knox және Samsung Knox Vault | |||||||
Биометриялық аутентификация | Адам бетін тану | |||||||
Бағдарланатын батырма | XCover* батырмасын реттеу мүмкіндігі | |||||||
* Қосымшаның функцияларын батырмаға қосуды қолдау қосымшаға байланысты. Батырмаларды тек белгілі бір функцияларды орындауға бағдарламауға болады. | ||||||||
* Техникалық сипаттамалар аймаққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
* Осы құжатта ұсынылған функционалды мүмкіндіктер, құрамдас бөлшектер, техникалық сипаттамалар және өнім туралы басқа да ақпарат, соның ішінде құрылғының дизайны, бағалары, бөлшектері, өнімділігі, қол жетімділігі және мүмкіндіктері алдын ала хабардар етпей, өзгертілуі мүмкін.
Galaxy Tab Active5 | ||
Экраны* | 8,0″, 16:10, WUXGA, TFT, до 120 Гц**, тінтулерге арттырылған сезімталдық *** | |
* Экранның мөлшері сүйірленген бұрыштарды ескермей, тік төртбұрыштың диагоналі бойынша өлшенеді. Көрінетін облыстың нақты алаңы сүйірленген бұрыштар және камераға арналған саңылаулар есебінен аздау. ** Экранның жаңартылу жиілігі пайдаланылатын құрылғыға байланысты, кейбір қосымшалар 120 Гц дейінгі жиілікті қолдамауы мүмкін. Жаңартудың бейінді жиілігі 120 Гц дейінгі жиілікті қолдайды және қажеттілікке байланысты айналдырудың бір қалыптығын автоматты түрде реттейді, стандартты жаңартылу жиілігі 120 Гц жиілікті қолдайды.
*** Ішкі зертханалық сынақтардың нәтижелері бойынша тінтуге жоғары сезімталдық құрылғыны 2 мм дейінгі тері қолғаптарын киіп қолдануға мүмкіндік береді. Құрылғыны жоғары ылғалдылық жағдайларында пайдалануға болады, бірақ суға толықтай салуға болмайды. Дисплей су астында тінтуге жауап қайтпайды. Тінтуге сезімталдықтың дәрежесі қолғап жасалған материалдың типіне және қалыңдығына және қоршаған ортаның өзге де жағдайларына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. |
||
Операциялық жүйесі | Android 14 | |
Физикалық сипаттамасы | 126,8 x 213,8 x 10,1 мм (433 г*) | |
* Салмақ аймаққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін. | ||
Камералары | Негізгі | шешім: 13 МП, жарық күші: F1.9, жарық шығару |
Алдыңғы | шешім: 5 МП, жарық күші: F2.2 | |
Жады және қоймасы* | 6+128ГБ, 1ТБ үшін microSD қолдайды** | |
* Қойманың нақты қол жетімділігі алдын ала орнатылған бағдарламалық жасақтамаға, сату нарығына, файлдардың мөлшеріне және форматына байланысты өзгеше болуы мүмкін.
** microSD жадының картасы бөлек сатылады. |
||
Процессоры | 5-нм Octa-Core | |
Аккумуляторы*** | Ауыспалы**, сыйымдылығы: 5 050 мАс (типті)* | |
* Аккумулятор сыйымдылығының үлгілік мәні бөлек зертхананың жағдайларында сынақтан өткізілді. Үлгілік мәні есептелген орташа шама, ол IEC 61960 стандартына сәйкес сынақтан өткізілген аккумулятор үлгілерінің сыйымдылығындағы ауытқуларды ескереді. Жобаланған (минималды) сыйымдылық 3 950 мАс құрайды. Автономды жұмысының нақты уақыты желілік қоршаған ортаға, пайдаланған модельге және басқа да факторларға тәуелді әр түрлі бола алады.
** Қосымша ауыспалы аккумулятор және қуаттауға арналған POGO док-станциясы бөлек сатылады. Қосымша ауыспалы аккумуляторлар бар болған жағдайда олар тек Samsung сертификациялаған өнімдермен бірлесе алады. **Қуаттау құрылғысы бөлек сатылады. |
||
Байланыс | 5G*, LTE**, Wi-Fi 6(802.11 a/b/g/n/ac/ax), Wi-Fi Direct, Bluetooth® v5.3, NFC | |
* 5G қызметтері тек 5G желісін қолдайтын жерлерде қол жетімді. 5G желісіне қосылу үшін қосылудың оңтайлы жағдайлары талап етіледі. Нақты жылдамдық нарыққа, байланыс операторына, контент-провайдеріне және пайдаланушының ортасына тәуелді әр түрлі болуы мүмкін.
** LTE қолдауы бар модельдің қол жетімділігі нарыққа немесе байланыс операторына байланысты. Нақты жылдамдық нарыққа, байланыс операторына, контент-провайдеріне және пайдаланушының ортасына тәуелді әр түрлі болуы мүмкін. |
||
SIM-картасы | Dual SIM (SIM-карта + енгізілген SIM-карта*) | |
* Енгізілген SIM картаның қол жетімділігі аймаққа тәуелді. | ||
Қосылу | Type-C USB 2.0, POGO Pin, 3,5 мм құлаққаптарға арналған жалғағыш | |
Сезгектер | Акселерометр, Саусақ ізі, Геомагнитті сезгек, Гироскопиялық сезгек, Жарық сезгегі, Жақында болуды сезу сезгегі, Холл әсерінің сезгегі
|
|
Бағдарлау жүйесі | GPS, ГЛОНАСС, Galileo, BeiDou, QZSS* | |
* GNSS қол жетімділігінің типі нарыққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Galileo және BeiDou жабыны шектеулі болуы мүмкін. BeiDou кейбір нарықтарда қол жетімсіз. | ||
Арттырылған беріктілік | IP68*, MIL-STD-810H**, Corning® Gorilla® Glass 5 | |
* IP68 қорғаныс дәрежесі: құрылғының суға және шаңға төзімділігі зертханалық сынақтар барысында оны 30 минутқа 1,5 метрге дейінгі тереңдікке тұщы суға салумен тексерілген. Құрылғыға су тигенде оны шөгіндіден сумен тазартып, кептіру керек. Жағажайда немесе бассейнде пайдалануға ұсынылмаған.
** MIL-STD-810H сертификациясы нақты қоршаған ортаның жағдайында келесідей сынақтардан өткізуді білдіреді: биіктікте, жоғары деңгейлі ылғалдық кезінде және суға салғанда, тұман жағдайларында, шаң болған кезде, құлаған кезде және т.б. MIL-STD-810 — бұл құрылғының шектеулерін дәл бағалау үшін АҚШ әскерлері әзірлеген сынақтардың стандартқа келтірілген формасы. Нақты жағдайларда пайдалану сынақ кезінде жасалған белгілі бір қоршаған ортаның жағдайларында қолданудан өзгеше болуы мүмкін. Төтенше жағдайларда жұмыс жасауына кепілдік берілмейді. Сынақ жағдайлары құрылғыға байланысты әр түрлі болды. |
||
Дауысы | Dolby Atmos® | |
S Pen | S Pen (IP68*, жиынтықта) | |
* IP68 қорғаныс дәрежесі: құрылғының суға және шаңға төзімділігі зертханалық сынақтар барысында оны 30 минутқа 1,5 метрге дейінгі тереңдікке тұщы суға салумен тексерілген. Құрылғыға су тигенде оны шөгіндіден сумен тазартып, кептіру керек. Жағажайда немесе бассейнде пайдалануға ұсынылмаған. S Pen суға және шаңға төзімділігі тұрақты болып табыламайды және уақыт өте келе табиғи тозу нәтижесінде төмендеуі мүмкін. Қолданудың немесе планшетке бекітудің алдында артық судан босатыңыз, құрғақ матаны немесе сүлгіні қолданып, оны сүртіңіз. | ||
Қауіпсіздік | Samsung және Samsung Knox Vault | |
Биометриялық аутентификация | Адам бетін тану, саусақ ізінің сезгегі | |
Бағдарланатын батырма | Active* батырмасын реттеу мүмкіндігі | |
* Қосымшаның функцияларын батырмаға қосуды қолдау қосымшаға байланысты. Батырмаларды тек белгілі бір функцияларды орындауға бағдарламауға болады. |
* Техникалық сипаттамалар нарыққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
* Осы құжатта ұсынылған функционалды мүмкіндіктер, құрамдас бөлшектер, техникалық сипаттамалар және өнім туралы басқа да ақпарат, соның ішінде құрылғының дизайны, бағалары, бөлшектері, өнімділігі, қол жетімділігі және мүмкіндіктері алдын ала хабардар етпей, өзгертілуі мүмкін.
1 Ақпарат көзі: «2023 ж. Арттырылған беріктігі бар ұялы құрылғылардың жаһандық жеткізушілерін бағалау» IDC MarketScape есебі (құжат №: US50689523, маусым 2023 ж.)
2 Galaxy XCover7 смартфоны, Tab Active5 планшеті және Tab Active5 планшетінің жиынтығына кіретін S Pen IP68 стандарты бойынша судан және шаңнан қорғалған. IP68 қорғаныс дәрежесі: құрылғының суға және шаңға төзімділігі зертханалық сынақтар барысында оны 30 минутқа 1,5 метрге дейінгі тереңдікке тұщы суға салумен тексерілген. Құрылғыға су тигенде оны шөгіндіден сумен тазартып, кептіру керек. Жағажайда немесе бассейнде пайдалануға ұсынылмаған. S Pen суға және шаңға төзімділігі тұрақты болып табыламайды және уақыт өте келе табиғи тозу нәтижесінде төмендеуі мүмкін. Қолданудың немесе планшетке бекітудің алдында артық судан босатыңыз, құрғақ матаны немесе сүлгіні қолданып, оны сүртіңіз.
3 MIL-STD-810H сертификациясы нақты қоршаған ортаның жағдайында келесідей сынақтардан өткізуді білдіреді: биіктікте, жоғары деңгейлі ылғалдық кезінде және суға салғанда, тұман жағдайларында, шаң болған кезде, құлаған кезде және т.б. MIL-STD-810 — бұл құрылғының шектеулерін дәл бағалау үшін АҚШ әскерлері әзірлеген сынақтардың стандартқа келтірілген формасы. Нақты жағдайларда пайдалану сынақ кезінде жасалған белгілі бір қоршаған ортаның жағдайларында қолданудан өзгеше болуы мүмкін. Төтенше жағдайларда жұмыс жасауына кепілдік берілмейді. Сынақ жағдайлары құрылғыға байланысты әр түрлі болды.
4 Ішкі зертханалық сынақтардың нәтижелеріне негізделген.. Galaxy XCover7 смартфоны 1,5 м дейінгі биіктіктен болат жазықтыққа құлауға төзімді болу үшін әзірленген, ал Galaxy Tab Active5 планшетіне 1,8 м дейінгі биіктіктен фанералық жазықтыққа құлауға төзімді болу үшін әзірленген.
5Ішкі зертханалық сынақтардың нәтижелері бойынша тінтуге жоғары сезімталдық құрылғыны қалыңдығы 2 мм дейінгі тері қолғаптарын киіп қолдануға мүмкіндік береді. Құрылғыны жоғары ылғалдылық жағдайларында пайдалануға болады, бірақ суға толықтай салуға болмайды. Дисплей су астында тінтуге жауап қайтпайды. Тінтуге сезімталдықтың дәрежесі қолғап жасалған материалдың типіне және қалыңдығына және қоршаған ортаның өзге де жағдайларына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
6 Ішкі зертханалық сынақтардың нәтижелеріне негізделген. Сұйық этанол, этанолы бар сулықтар, басқалардан өзге хлорлы ағартқыш сияқты залалсыздандыру құралдарын қолданып сынақтан өткізілген.
7 Қосылудың оңтайлы жағдайлары талап етіледі. 5G және Wi-Fi желілерінің қол жетімділігі мен нақты жылдамдығы нарыққа, байланыс операторына, контент-провайдеріне, серверге қосылу жағдайларына және пайдаланушының ортасына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
8 Жылдам қуаттау үшін қуаттылығы 15 Вт немесе одан жоғары болатын адаптер талап етіледі. Жылдам қуаттауға арналған адаптер елге байланысты жеткізу жиынтығына (бөлек сатылады) кірмеуі мүмкін.
9 Қосымша ауыспалы батарея бөлек сатылады. Тек Samsung сертификациялаған қосымша ауыспалы батареялар ғана бірлесе алады.
10 Аккумуляторсыз жұмыс жасау режімін қосу талап етіледі. 9 В және 2,3 А немесе одан жоғары, сондай-ақ PD 2.0 немесе одан жоғары күшті қолдай алатын USB Type – С кабелі бар арнайы қуат көзі талап етіледі. Аккумуляторсыз жұмыс жасау режімін қосу кезінде құрылғы процессорының өнімділігі азаяды, ал дауысының деңгейі, дисплейдің жарықтығы және т.б. төмендейді.
11 POGO қуаттау станциясы бөлек сатылады. Аккумуляторды қуаттау уақыты қуаттау құрылғысына, қуаттағыш тұғырға тәуелді әр түрлі болуы мүмкін. Аккумулятордың сыйымдылығы мен өнімділігі уақыт өте келе төмендеуі мүмкін.
12 Galaxy XCover5 және Tab Active3 салыстырғанда.
13 Қосымшаның функцияларын батырмаға қосуды қолдау қосымшаға байланысты. Батырмаларды тек белгілі бір функцияларды орындауға бағдарламауға болады.
14 Knox Capture қолдану үшін бөлек қосымшаны орнату және лицензияны сатып алу талап етіледі. Қол жетімділік аймаққа және модельге тәуелді. Штрих-кодты сканерлеу функциясын толық қанды пайдалану үшін қосымша функциясын батырмаға қосу талап етілуі мүмкін.
15 POS-қа арналған Knox платформасы бөлек интеграцияны талап етеді және қолдану үшін лицензияны сатып алуды талап етуі мүмкін. Қол жетімділік нарыққа, модельге және төлем шешімімне тәуелді.
16 Аксессуарлар бөлек сатылады. Қол жетімділік аймаққа байланысты.
17 Samsung Knox Vault шешімінің аппараттық және/немесе бағдарламалық сәулеті модельге тәуелді әр түрлі болуы мүмкін.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Бизнеске арналған шешімдер
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Жүктеу
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.