ҚМТУ-дегі Samsung IT-академиясының алғашқы түлектері сертификаттарын алды

20.02.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті (ҚМТУ) аясында, Бішкекте 19 ақпанда Samsung Innovation Campus IT-академиясының алғашқы түлектеріне «Мобильдік әзірлеме» бағыты бойынша сертификаттар табыс етілді. Бұл жоба сапалы білім және бағалы тәжірибелік машықтарды ұсына отыра, жас IT-мамандарды дайындайды.

 

Салтанатты шарадағы марапаттау рәсімі Samsung Electronics өкілдері және университет басшылығының қатысуымен өтті, олардың қатарында Samsung Electronics штаб-пәтерінің ТМД елдеріндегі корпоративтік жобалар және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Сергей Певнев, Samsung Electronics ғылыми-зерттеу орталығының білім беру бағдарламаларының жетекшісі Светлана Юн, ҚМТУ ректоры – Мирлан Чыныбаев, – ҚМТУ АТИ директоры Гульнара Кабаева болды.

 

 

Курс өткен жылғы қаңтарда басталып, екі семестрге созылды. Осы уақыт ішінде студенттер мобильдік әзірлеме негіздерін игерді және сертификатталған жаттықтырушылардың басшылығымен іс жүзіндегі тәжірибеге ие болды. Студенттер өз бетінше жасаған толыққанды мобильдік қосымшалар мәрелік жобалар ретінде көрсетілді.

 

ҚМТУ АТИ -ның 12 студентінен тұратын Samsung IT-академиясының алғаш түлектері оқуды сәтті аяқтады. Енді бағдарламалау және мобильдік қосымшаны әзірлеу, командамен тиімді жұмыс істеу, нақты тапсырмаларды шешу және  IT-индустрияның заманауи талаптарына төселу түлектердің қолынан келеді. Жоба олардың кәсіби дамуына арналған алғашқы мәре болып, жоғары технологиялар және инновациялар әлеміне есік ашты.

 

Samsung Innovation Campus жобасы студенттерді сұранысқа ие мамандықтарға оқытып қана қоймай, олардың шығармашылық ойлауын, аналитикалық қабілетін және күрделі тапсырмаларды шешу мүмкіндігін дамытады. Осындай бастамалардың арқасында Samsung елдегі IT-сектор және технологиялардың дамуына айтарлықтай үлес қосатын  біліктілігі жоғары мамандарды дайындауға көмектеседі.

 

2017 жылдың желтоқсан айында Samsung Innovation Campus жобасы іске қосылғаннан бері Қазақстанда мыңдаған оқушылар мен студенттер білім алды, 700-ден астамы курстарды толық меңгеріп, сертификаттар алды. Бүгінгі таңда жобаның Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай, Талдықорған, Атырау қалаларында кампустары бар.

 

Samsung Innovation Campus – бұл оның арқасында мектеп оқушылары мен студенттер ең сұранысқа ие IT мамандықтарын тегін меңгеру мүмкіндігіне ие болатын, Samsung Electronics компаниясының халықаралық, әлеуметтік- білім беру бағдарламасы. Соңғы 10 жылда бұл бағдарлама бүкіл әлем бойынша 100 000 студентті оқытты. Жоба қазір әлемнің 30-дан астам елінде жүзеге асырылуда.

 

Samsung дарынды жастарды қолдау және Қазақстан мен Қырғызстандағы болашақ инновациялар үшін берік негіз құру бойынша өз миссиясын жалғастыруда. Алдымызда – жаңа студенттерді  қабылдау, жаңа жетістіктер мен цифрлық технологиялар әлемінде дамуға дайын жандарға арналған жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр.

 

Samsung Innovation Campus туралы samsung-campus.kz ресми сайтынан толығырақ білуге болады.

Компанияның жаңалықтары > Әлеуметтік жобалар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары