Қостанайда Samsung Innovation Campus тегін бағдарламалау мектебі іске қосылды

20.09.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung Electronics Қостанайда тегін бағдарламалау курстарын бастады. Арнайы жабдықталған IT кампус А. Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің аймақтық Smart орталығында ашылды. Жоба Samsung Innovation Campus білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

 

IT кампусының қабырғасында Қостанай қаласының 13 пен 25 жас аралығындағы оқушылары мен студенттері Python бағдарламалау тілінің негіздерін және Big Data меңгере алады. Оқушыларға ыңғайлы оқу үшін барлық қажетті инфрақұрылым қамтамасыз етіледі, оларға жоғары білікті оқытушылар көмектеседі. Мұнда Samsung Innovation Campus курстарынан басқа Қостанай университетінің студенттері үшін де сабақтар өтеді. Олар кампустың техникасын және басқа сандық мүмкіндіктерін еркін пайдалана алады.

 

 

«Бүгінгі таңда цифрлық білім беруге үлкен көңіл бөлу маңызды. Өйткені, бұл болашақ, біз өскелең ұрпақты дайындауымыз керек. Samsung Electronics компаниясының білім беру жобалары біздің мақсаттарымызға сәйкес келеді, – дейді Гүлмира Дамбаулова, Qostanai IT Hub басшысы. Біз ынтымақтастығымыздан шабыт аламыз және оның көмегімен Қазақстанның IT секторының дамуына үлкен үлес қосатын кәсіби бағдарламашылар мен әзірлеушілерді өсіріп шығарамыз деп үміттенеміз».

 

16 қыркүйекте Samsung Innovation Campus-те жаңа оқу жылы басталды. Қостанайда Python және Big Data негіздері курстарына аймақтық іріктеу өтті. 20 оқушыдан тұратын 2 топ құрылды. Сабақтар аптасына екі рет өтеді және орташа есеппен 4,5 айға созылады. Курсты аяқтағаннан кейін түлектер Samsung Electronics компаниясының сертификаттары мен фирмалық рюкзактарын алады, ерекше көзге түскендерге смартфондар сыйға беріледі. Ең бастысы, жасөспірімдер оқуды аяқтағаннан кейін өз бетінше алгоритмдер, бағдарламалар жасап, IT мамандығы бойынша жұмысқа орналасады.

 

 

Samsung Innovation Campus-тың басты мақсаты – балаларға ақпараттық технологиялар саласында тегін, сапалы білім алу мүмкіндігін беру. Қазақстанда бұл жоба 2017 жылдың желтоқсанында іске қосылды. Осы уақыт аралығында мыңдаған оқушылар мен студенттер білім алды, 700-ден астамы курстарды толық меңгеріп, сертификаттар алды. Бүгінде жобаның Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай, Талдықорған, Атырау қалаларында кампустары бар.

 

Қостанайда жоба Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды.

 

Samsung Innovation Campus – Samsung Electronics компаниясының халықаралық әлеуметтік және білім беру бағдарламасы, оның арқасында мектеп оқушылары мен студенттері ең танымал IT мамандықтарын тегін меңгеру мүмкіндігіне ие. Соңғы 10 жылда бұл бағдарлама әлем бойынша 100 мың студентті оқытып үлгерді. Жоба қазір әлемнің 30-дан астам елінде жүзеге асырылуда. Samsung Innovation Campus туралы толық ақпаратты samsung-campus.kz ресми сайтынан алуға болады.

Компанияның жаңалықтары > Әлеуметтік жобалар

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары