Адамдарға көмектесу және балалықтың арманын жүзеге асыру: қазақстандықтар неліктен IT саласына жаппай келуде

11.09.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

IT саласы сіздікі екенін қалай түсінуге болады? Бағдарламалаудың танымалдылығының барысында осы сұрақты бүгінгі жастар көбірек көтереді. Мектеп оқушылары мен студенттері өздерін осы сәнді бағытта жаппай сынап көруде. Бірақ оны бәрі бірдей меңгере алмай жатыр.

 

Біз Samsung Innovation Campus-тың ең қабілетті түлектерімен сөйлестік. Олар бағдарламалауға құмарту жолын, кедергілерді қалай жеңу керектігін, алда қандай мүмкіндіктер күтіп тұрғанын айтып берді.

 

Мектеп партасынан медициналық стартапқа дейін

 

Арай Камалиева бала кезінен басқаларға пайдалы болсын деген лебізбен өз кәсібін ашуға құштарланды. Бұл ойын іске асырды да. Бүгінгі таңда ол терідегі пигментті дақтарды талдайтын стартаптың негізін қалаушылардың бірі, оны әлемнің ең үздік университеттеріне шақырады. Бірақ мұндай жетістікке жету оңай болмағандығы туралы еске алады бойжеткен.

 

 

Өз идеяларын жүзеге асыру үшін Арай Камалиева, мектеп табалдырығынан бастап түрлі дағдыларды жетілдіруді шешті. Бағдарламалау басымдықтардың біріне айналды. Мектепте оқып жүргенде ол Java тілін үйренуге шешім қабылдап, Samsung Innovation Campus курстарына жазылды. Еңбекқорлық пен тәртіптің арқасында Арай оқуын ойдағыдай бітіріп, өзін жақсы жағынан көрсете білді. Дипломдық жұмыс ретінде ол адамдарға салауатты өмір салтын ұстауға көмектесетін қосымшаны ұсынды.

 

«Даму курстары мықты іргетас болды», – дейді Арай. Оның айтуынша, алған білімі Джонс Хопкинс университетінің (АҚШ) дарынды жастар орталығындағы «Ауруларды модельдеу» курсына түсуге көмектесті. Мұнда бойжеткен R бағдарламалау тілін игере бастады. Оның көмегімен ол жұқпалы аурулардың таралуын болжау үшін дифференциалдық теңдеулерді қолдануды үйренді.

 

 

Арай Камалиеваның еңбегі шетелде де жоғары бағалана бастады. Ол Канададағы ең үздік университетке – «University of Toronto-ға» шақырылды. Мұнда бойжеткенге «Молекулярлық биология, иммунология және аурулар» бағыты бойынша оқу ұсынылды. Келесі кезекте Арай өзінің тәжірибесін одан әрі арттырып, жобаларын кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

«Тәртіп маған бағдарламалауға құмартуға көмектесті»

 

Роман Васильев бағдарламалаумен 7-сыныпта танысқан. Сол кезде ол веб-сайттарды жасауға тырысты, бірақ тез арада көңілі қалды, деп еске алады бозбала. Сынып жетекшісінің кеңесі бойынша оқушы 10-сыныпта Samsung Innovation Campus-қа түсті. Мұнда Романға бағдарламалауға басқаша қарауға және осы іске зейінің ашылуына көмектесті. Соның нәтижесінде, жас жігіт ақша тауып қана қоймай, сонымен қатар ұстаздықпен айналысып, «кодерлерді» біріктіретін қауымдастық құрды.

 

 

Роман Васильевтің айтуынша, бастапқыда бағдарламалау қиын және тек таңдаулыларға ғана арналған сияқты көрінді. Бірақ іс жүзінде бәрі басқаша болып шықты. Көп уақытын оқуға арнап, алдына нақты мақсат қоя отырып, жас жігіт ең қабілетті түлектердің бірі болды. Ол бүкіл оқу жылында бірде-бір сабақтан қалмады, сонымен қатар алдыңғы лекте үздік деп танылған жүк тасымалдауға арналған қосымшаны әзірледі. Бұл іс жүзінде нарыққа дайын өнім еді.

 

Қазіргі уақытта Роман Васильев әртүрлі компанияларға арналған мобильді қосымшаларды әзірлеуде/жетілдіруде. Сонымен бірге, университетте Software Engineering мамандығы бойынша оқып жүр. Енді Роман өз тәжірибесін жаңадан бастаған бағдарламашылармен бөлісуді жөн көрді. Astana IT University қабырғасында мобильді даму клубын ұйымдастырды. Мұнда қызығушылық танытқандар үшін түрлі байқаулар мен шеберлік сабақтары өткізіледі. Жас жігіт Samsung Innovation Campus оның болашақ өміріне, мамандығы мен университет таңдауына айтарлықтай әсер еткенін айтады.

 

Экономист мамандығын тастап, бағдарламалаумен айналысты

 

Венера Юлдашева жастайынан ғылыми фантастикаға әуестенген. Соның арқасында инновациялық технологияларға деген тұрақты қызығушылық пайда болды. Уақыт өте келе ол тек бақылаушы болғысы келмейтінін, осы әлемнің бір бөлігі болғысы келетінін түсінді.

 

 

Бойжеткен біраз уақыт экономика саласында жұмыс істеді. Үзіліс жасап, жаңа мамандықты меңгеру туралы шешім қабылдады. Көптеген ұсыныстар болды, деп еске алуда Венера. Бірнеше курстардан өткен, бірақ дәл Samsung Innovation Campus көңілінен шықты. Оның айтуынша, мұғалімнің ептілігі, кәсібилігі және практикалық оқыту жүйесі басты артықшылық болды. Нәтижесінде бойжеткен Python пәні бойынша ең жақсы түлектердің бірі атанды.

 

 

«Мақсатты дұрыс қою және сылтауға жол бермеу – жаңа істі үйренудегі маңызды элементтер»-, дейді Венера Юлдашева. Олар тамаша маман болуына көмектесіп, үлкен мүмкіндіктер ашты. Бойжеткен Johannes Kepler University-ге (Австрия) шақырылды. Енді ол жасанды интеллект технологияларын зерттейтін болады. Айтпақшы, бұл университет Еуропада жасанды интеллект саласында академиялық дәреже ұсынатын бірінші жоғары оқу орны.

 

Samsung Innovation Campus — Samsung Electronics компаниясының әлеуметтік және білім беру бағдарламасы. Бағдарлама  Samsung компаниясы орналасқан көптеген елдерде бар. Бұл бастама коммерциялық емес және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады. Жобаның басты мақсаты – балалардың ақпараттық технологиялар саласында тегін, сапалы білім алуына мүмкіндік беру. Қазақстанда осы жоба 2017 жылғы желтоқсанда іске қосылды. Осы уақыт ішінде мыңдаған бала жаңа мамандықты игерді. Samsung Innovation Campus туралы толық ақпаратты samsung-campus.kz ресми сайтынан алуға болады.

Компанияның жаңалықтары > Әлеуметтік жобалар

Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары