Рецептер анықтамасы, зоодүкен және мобильді ойындар: Samsung Innovation Campus оқу жылын қорытындылап, жаңа қабылдау туралы хабарлайды
Samsung Innovation Campus-та оқу жылы аяқталды. Кезекті ағында Қазақстанның барлық дерлік облыстарынан 200-ден астам оқушылар мен студенттер қатысты. Тоғыз ай бойы олар екі пән – «Python және үлкен деректер негіздері» және «Мобильді өңдеу курсы» бойынша тегін оқыды.
Түлектердің көпшілігі емтихандарды сәтті тапсырып, көкейкесті сертификаттар мен фирмалық рюкзактардың иегерлері атанды. Жоғары балл жинағандарға Samsung Electronics компаниясы Galaxy A сериялы смартфондарын қосымша табыс етті.
«Мобильді өңдеу курсының» студенттері хакатон барысында дайын ойын мен әлеуметтік қолданбаларды ұсынды. Рецептер анықтамасы, қызметкерлерді іздеу, қаржылық сауаттылық және онлайн зоодүкені бойынша жобалар ерекше атап өтілген. Көптеген оқушылар өздерінің мобильді ойындарын әзірледі.
«Python және Big Data негіздері» бойынша түлектер бағдарламалау дағдыларын және үлкен деректермен жұмыс істеуді меңгерді. Олардың кейбіреулері оқу кезінде отандық компанияларда веб-әзірлеуші немесе бағдарламалық жасақтама жасаушы ретінде мансабын бастады.
Оқу жылы аяқталмай-ақ Samsung Innovation Campus жаңа оқу жылының басталғанын хабарлайды. 21 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында «Python және үлкен деректер негіздері» және «Мобильді өңдеу курсы» пәндері бойынша студенттер қабылдануда. Іріктеуден өткендер Алматы, Астана, Талдықорған, Атырау, Ақтөбе және Қостанай қалаларындағы арнайы жабдықталған сыныптарда оффлайн режимде оқи алады. Басқа аймақтардан келген талапкерлер үшін онлайн оқу мүмкіндігі бар.
Samsung Innovation Campus курстарына жаңа қабылдау және жобаның өзі туралы толық ақпаратты samsung-campus.kz ресми сайтынан табуға болады.
Samsung Innovation Campus (SIC) – бұл Samsung Electronics компаниясының әлеуметтік білім беру жобасы болып табылады. Бұл біздің компания өкілдік ететін елдердің көпшілігінде жұмыс істейтін SIC жаһандық білім беру жобасының бөлігі. Осы бастама коммерциялық емес және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады. Жобаның басты мақсаты – балалардың ақпараттық технологиялар саласында тегін, сапалы білім алуына мүмкіндік беру. Қазақстанда бұл жоба 2017 жылдың желтоқсанында іске қосылды.
Компанияның жаңалықтары > Корпоративті жауапкершілік
Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.