[Knox күнделіктері] Жеке ақпаратыңызды бейтаныс көздерден жасырғыңыз келе ме? Оп-оңай!
Телефондар әрқашан жанымызда, бірақ олардың қаншалықты жиі басқа адамдардың қолына түсетіні туралы ойладыңыз ба? Баланың көңілін көтергенде, досыңызға күлкілі бейне көрсеткенде немесе құрылғыны жөндеуге қалдырған сәтте… Мұны істеген сайын біз біреуге смартфонымызға қажетсіз кіруге қауіп төндіреміз. Бұл негізінен жеке өмірге қол сұғу болып табылады.
«Қолданбаны бекітіңіз» (Pin App) және «Қызмет көрсету режимі» (Maintenance Mode) функциялардың арқасында біреудің сіз туралы өзіңіз қалағаныңыздан көбірек мәлімет білуіне алаңдамайсыз. Басқа адамдар нені көретінін және нені көрмейтінін өзіңіз шешесіз, құрылғыңыз кімнің қолында болса да. Бұл телефоныңыздың жеке күзетшісі секілді.
«Қолданбаны бекітіңіз»
Біреуге фотосүреттерді көрсету үшін телефоныңызды беріп жатқаныңызды елестетіп көріңіз. Бұл сіздің демалысыңыздағы суреттер немесе сіз көрген және сақтаған күлкілі нәрсе болуы мүмкін. Бірақ кейін ол адам байқаусызда басқа қолданбаны ашып, көрсеткіңіз келмеген фотосуретті, хабарды немесе басқа нәрсені көреді. Бұл өте жағымсыз, бірақ «Қолданбаны бекітіңіз» функциясы осындай ыңғайсыздықтың алдын алуға көмектеседі.
«Қолданбаны бекітіңіз» – бұл сіздің қолданбаларыңыздың жеке күзетшісі сияқты, ол бейтаныс адамдарға тиіс емес жерге кіруге мүмкіндік бермейді. Оларды рұқсат етілген жерде сақтау – сіз бекіткен қолданбада және басқа еш жерде. Оларды рұқсат етілген жерде ұстау, – тек қана сіз бекіткен қолданбада.
«Қолданбаны бекітіңіз» сондай-ақ, әлеуметтік желідегі күлкілі жазбаны көрсеткіңіз келген кезде құпия ақпаратты ашу қаупін тудыратын ыңғайсыз қалқымалы хабарландырулардың алдын алатын «Мазаламау» функциясы ретінде әрекет етеді.
Бұл функцияны орнату өте қарапайым және жылдам. «Параметрлер», содан кейін «Қауіпсіздік және құпиялылық» бөліміне өтіңіз. Содан кейін бетті төмен айналдырып, «Басқа қауіпсіздік параметрлері» деген жазуды табыңыз. Қосымша параметрлерді көру үшін «Қолданбаны бекітіңіз» белсендіруге немесе осы мәтінді түртуге болады. Қосымша қауіпсіздік үшін «Босатпай тұрып құпия сөзді талап ету» опциясын таңдауға болады. Телефоныңызға қолы түскен адамға бекітілген қолданбадан шығу үшін құпия сөз қажет болады.
Содан кейін бекіткіңіз келетін қолданбаны ашыңыз. Содан кейін «Соңғылар» түймесін түртіңіз (немесе сырғыту қимылдарын пайдалансаңыз, жоғары сырғытыңыз және ұстап тұрыңыз), содан кейін қолданбаның үстіндегі белгішені түртіңіз. «Осы қолданбаны бекіту» опциясын таңдаңыз және осымен тәмәм.
«Қызмет көрсету режимі»
Көбіміз бір сәтте телефонымызды жөндеу үшін үшінші тарап қызметіне апару қажеттілігіне тап боламыз, мысалы, сынған экранды немесе зақымдалған зарядтау портын жөндеу үшін. Көбінесе жөндеу жұмыстары біршама уақытты алып, бұл белгілі бір тәуекелдерді тудырады, мысалы, үшінші тұлғалардың біздің құрылғылардағы жеке ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі.
Тіпті ең мұқият пайдаланушылар да жағымсыз салдарға тап болуы мүмкін. Телефоныңызды жөндеуге қалдырған кезде деректеріңізге кім қол жеткізе алатынын білмейсіз.
Осы кезде Samsung компаниясының «Қызмет көрсету режимі» көмекке келеді.¹ Ол құрылғы жөндеуге жіберілген кезде жеке деректеріңізді қорғау және жасыру үшін арнайы жасалған.
«Қызмет көрсету режимін» іске қосқанда, негізгі тіркелгіңіз бен деректеріңіздің құпиялылығын қамтамасыз ететін жеке пайдаланушы профилін орнатуға болады. Бұл режимді құрылғының «Параметрлері» арқылы қосуға болады, мұнда «Құрылғыға қызмет көрсету» тармағын таңдау керек, содан кейін «Қызмет көрсету режимі» тармағына өтіңіз; немесе Samsung Members қолданбасы арқылы.
«Қызмет көрсету режимін» қосқаннан кейін барлық жеке деректеріңізді, соның ішінде фотосуреттерді, бейнелерді, контактілерді және хабарларды жасыруға және рұқсатсыз кіруге жол бермеуге болады. Сондай-ақ ол құрылғыңыздан ешбір деректердің кездейсоқ жойылмауын қамтамасыз етеді, мысалы, қызмет көрсету орталығында.² Егерде құрылғыны жөндеуге жіберу керек болса, оған қол жеткізген адамдар қажетті диагностиканы жүргізуге мүмкіндік беретін құрылғының негізгі функцияларына ғана қол жеткізе алатынын қамтамасыз ете аласыз.
«Knox папкасы»
Samsung Knox қауіпсіздік пен құпиялылықтың әртүрлі деңгейлерін қамтамасыз етеді – пайдаланушыларды қорғау ғана емес, сонымен қатар оларға нақты нені қорғағысы келетінін таңдау мүмкіндігін беру. Ең жеке ақпаратты бөлек және қауіпсіз сақтағысы келетіндер үшін «Knox папкасы» (Secure Folder) бар.
Бұл кәдімгі телефон қоймасы арқылы қол жеткізуге болмайтын деректеріңізді қамтитын бөлек контейнер. Ол ең құпия деректеріңізді, соның ішінде күнтізбе еске салғыштарын және байланыс ақпаратын, сондай-ақ жазбаларды, фотосуреттерді, бейнелерді, файлдарды және тіпті қолданбаларды сақтай алады. Тіпті папканы келесі рет ашқанға дейін қолданбаларыңыз бен деректеріңізді одан да көбірек қорғау үшін «Knox папкасын» шифрлай аласыз.
«Knox папкасын» қолданбалардан табуға болады. Оны бірінші рет ашқанда, құлып түрін орнату керек: PIN-код, сүрет немесе құпия сөз. Бұған қоса, саусақ ізін пайдалану мүмкіндігін қосуға болады – және бәрі дайын. «Knox папкасында» құрған кез келген нәрсе сол жерде автоматты түрде сақталады, бірақ деректерді кез келген уақытта осында жылжытуға болады.
Мысалы, жүргізуші куәлігінің көшірмесін сақтағыңыз келсе, оны «Knox папкасындағы» «Камера» қолданбасы арқылы суретке түсіруге болады немесе Галереядағы фотосуретті таңдаңыз, опциялар мәзірін (үш нүкте) басып, содан кейін ««Knox папкасына жылжыту» опциясын таңдаңыз.
Сіз басқара алмайтын көптеген нәрселер бар, бірақ сіздің жеке өміріңізге келетін болсақ, Samsung сізге мүмкіндігінше көбірек бақылау беруге тырысады. «Қолданбаны бекітіңіз», «Қызмет көрсету режимі» және «Knox папкасы» мүмкіндіктері арқылы ақпаратыңыздың бейтаныс көздерден қауіпсіз екеніне сенімді бола аласыз.
1 Қолжетімділік елге және үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
2 Сақтық шарасы ретінде пайдаланушыларға «Қызмет көрсету режимін» іске қоспас бұрын жеке деректердің сақтық көшірмесін жасау ұсынылады.
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.