Құпиялылығыңыз қорғалады: Galaxy AI деректеріңізді басқаруға қалай көмектеседі
Galaxy AI ашықтық пен таңдау еркіндігін қамтамасыз етеді
Технологиялар секунд сайын ақылдырақ бол түсіп, жылдам дамып келеді. Бұл өзгерістердің нәтижесінде өнімділік, шығармашылық және коммуникация үшін жаңа көкжиектерді ашатын құралдар жиынтығы – Galaxy AI пайда болды. Бірақ мобильді AI-мүмкіндіктері қуатты бола түскен сайын, құпиялылық пен қадағалау мәселері де күшейе түседі.
Samsung бұл қиындықтардан шығудың екі басты тәсілін ұсынады: әр деңгейде кіріктірілген деректерді қорғауы бар Galaxy AI құралдарын жасау және мобильді қауіпсіздік пен құпиялылықты жақсарту үшін жасанды интеллекті пайдалану. Екі тәсіл де маңызды, бірақ тұтынушы деректерімен жауапты жұмыс жасау басым болып қала береді.
Бұл жұмыстың негізінде ашықтық пен таңдау еркіндігі жатыр. Сондықтан Galaxy нақты және қарапайым құпиялылық баптауларын ұсынады: AI өңдеу үшін қандай деректер пайдаланылатынын, оның қалай қорғалатынын және оны қалай басқару керектігін әрқашан білесіз. Бұл мүмкіндіктер мобильді тәжірибеңіздің ережелерін орнатуға – және оны қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді.

Жетілдірілген AI-мүмкіндіктерге арналған кеңейтілген баптаулар
Таңдау еркіндігі әсіресе Galaxy AI әлемінде маңызды. Жасанды интеллект күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналып жатқанда, адамдар өз деректерінің қалай пайдаланылатынын көбірек бақылауды қалайды. Осы мақсатқа жету үшін Galaxy AI жасанды интеллектпен жұмыс істеуді анық және қауіпсіз ететін қауіпсіздік тетіктері мен саясаттарының кешенді жиынтығын ұсынады.
Негізгі мүмкіндіктердің бірі – құрылғыдағы AI тікелей жұмысы. Бұл сіздің деректеріңіз өзіңіздің қол астыңызда қалады дегенді білдіреді. «Синхронды аудармашы» немесе «Аудармашы» сияқты байланыс мүмкіндіктері немесе «Шуды алып тастау»1 сияқты шығармашылық құралдар болсын, барлығы смартфон ішінде жергілікті түрде өңделеді. Бұл қауіпсіздікті ғана емес, сонымен қатар кіріктірілген Galaxy AI қауіпсіздік шараларын толықтыра отырып, жылдамдықты қамтамасыз етеді.
Galaxy AI іске қосылғаннан бері біздің көзқарасымыз ашықтық пен таңдау принциптеріне негізделген. Сондықтан біз будандас тәсілді: жергілікті және бұлтты жасанды интеллектің үйлесіміндегі будандас шешімді жүезе асырдық. Бұндай формат ыңғайлылықты қамтамасыз етеді және ресурстарды көп қажет ететін тапсырмаларды қоса, технологияның толық әлеуетін ашады. Мысалы, «AI-өңдеу»2 күрделі өңдеулер үшін құрылғыдағы өңдеу мен бұлттық қосылымды біріктіреді.
Galaxy барлық сценарийлерде құпиялылыққа кепілдік береді: деректер ұзақ мерзімді сақталмайды және жергілікті немесе бұлтта AI -оқытулары үшін пайдаланылмайды. Ал Advanced Intelligence Settings3 көмегімен құпиялылықты басқару бір рет түрту арқылы орындалады: сіз өзіңіз деректеріңіздің өңделу жолын, соның ішінде онлайн-өңдеуді өшіру мүмкіндігін таңдайсыз.
Құпиялылық – Galaxy AI негізі болып табылады және өсіп келе жатқан құрылғы мүмкіндіктері мен тұтынушыға ыңғайлы баптаулар арқасында, бақылау толығымен тұтынушының қолында болады.
Толық анықтылық үшін түйсікті бақылау
Қауіпсіздік мүмкіндіктерінің болуы ғана емес, сонымен қатар оларды басқаруды жеңілдету маңызды. Galaxy-дағы «Қауіпсіздік және құпиялылық» панелі: қолданба рұқсаттарын басқару және мүмкіндіктерді ортақ пайдаланудан ыңғайлы қауіпсіздік күйінің белгішелері арқылы ықтимал қауіптерді тексеруге дейін толық бақылауды қамтамасыз етеді. «Рұқсатты пайдалану» мүмкіндігі тіпті қандай қолданбалардың деректеріңізге жақында қол жеткізгенін көрсетеді. Оқиға сыртындағы анықтылықтың бұл деңгейі Galaxy-ға ғана тән — ол қауіпсіздік барынша көз алдыңызда бақылауда болады.
Тағы бір басты мүмкіндік – «Автобұғаттағыш». Ол құрылғыңызды зиянды әрекеттен қорғайды: ол қолданбаларды қауіп-қатерлердің бар болуына тексереді, рұқсат етілмеген орнатулар мен USB пәрмендерін бұғаттайды және «нөлдік шертулерден» қорғайды.
Одан да сенімді қорғауды қалайтындар үшін Maximum Restriction4 режимі қолжетімді. Ол қосымша қауіпсіздік шараларын қосады: 2G желісін бұғаттау, қорғалмаған желілерде деректерді ұстап қалудан қорғау және сенімсіз Wi-Fi желілеріне автоматты қосылымдардың алдын алу.
Samsung Knox қорғауы және нақты құпиялылық ретеулері арқылы Galaxy деректеріңізді қалай өңдеу керектігін — оны жергілікті жерде сақтау немесе ортақ пайдалануды шешуге толық еркіндік береді. Ал болашақта Samsung AI қауіпсіздік технологияларын дамытуды жалғастырады, бұл оларды одан да ақылды, бейімделгіш және сезілмейтіндей етеді. AI әлемі қалай өзгерсе де, біз ашықтық пен таңдау еркіндігі қағидаттарына адал болып қала береміз.
1 «Шуды алып тастау» жұмыстарының нәтижелері бейнедегі дыбыстарға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.Қолдану үшін Samsung Account-қа кіру қажет етіледі. Тану мүмкіндіктері дыбыс түріне (дауыс, музыка, жел, тобыр шуы, т.б.) және жазу жағдайларына байланысты.
2 “AI-өңдеу” мүмкіндігі (Фотосуреттер бойынша көмекші) желі қосылымын және Samsung тіркелгісіне кіруді қажет етеді. Сақталған кескіннің өлшемін өзгертуге болады және оның құрамында AI генерациясын растайтын көрінетін су белгісі бар.
3 Advanced Intelligence қолжетімділігі құрылғының үлгісіне, ОЖ және аумаққа байланысты.
4 Maximum Restrictions режимі трафикті таралып кетуден қорғай отыра, қауіпсіз желілерге (Open, OWE, WEP) автоматты қосылудың алдын алады.
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.