Samsung Knox-пен кванттық қауіпсіз болашаққа алғашқы қадам
Samsung Electronics Galaxy S25 сериясынан бастап мобилдік қауіпсіздіктің алдыңғы технологияларын әзірлейді. Ең басты инновациялардың бірі – посткванттық криптография. Технология әдепкі шифрлеу әдістерін әлсіз ететін кванттық есептеулермен байланысты қауіптерден мәліметтерді қорғауға арналған күрделі алгоритмдерді қолданады.
Samsung Newsroom цифрлық қауіпсіздіктің болашағы туралы айтып береді және де компанияның бүгінгі күннің өзінде тұтынушылардың мәліметтерін қорғау үшін шараларды неге қабылдап жатқындығын түсіндіреді.
Болашаққа көзқарас
Кванттық есептеулер — зерттеудің ең революциялық бағыттарының замануи бір түрі болып табылады. Олар орасан зор есептеу қуатына ие және күрделі есептерді дәстүрлі компьютерлерге қарағанда бірнеше есе жылдам шешуге мүмкіндік береді. Бұл әртүрлі салаларда: медицинада, логистикада, көлікте жаңа мүмкіндіктер ашады. Осылайша, кванттық алгоритмдер жеткізу тізбегін оңтайландырып, көліктің келу уақытын болжау дәлдігін жақсарта алады.
Алайда, мұндай қуатты есептеу технологиялары белгілі бір тәуекелдерді ұйғарады. Кванттық алгоритмдер деректердің қорғанысын қауіпке ұшырататын, қазіргі кезде қолданылатын кейбір шифрлау әдістерін бұзуға қабілетті.
Кванттық есептеулерді тек болашақта ғана толық ауқымды енгізу күтілетін болса да, «қазір жинап, кейінірек шифрды шешу» секілді қауіптерге алдын ала дайындалу маңызды. Бұл кванттық технологиялар дами түскен кезде, болашақта оларды шифрлау үшін, шабуылдаушылар шифрланған деректерді қазірдің өзінде жинай бастауы мүмкін дегенді білдіреді.
Қорғаныстың жаңа деңгейі
Аталған қауіптерге тойтарыс беру үшін, Samsung тіпті кванттық есептеулер дәуірінде де, мәліметтердің сенімді шифрлеуін қамтамасыз ету үшін жасалынған посткванттық криптографияны енгізуде.
Компания кванттық компьютерлердің шабуылдарынан қорғау стандарттарын әзірлейтін АҚШ Ұлттық стандарттар және технологиялар институтының (NIST),1 ұсынымдарымен жүреді. Осындай алгоритмдердің бірі ML-KEM (торлар теориясына негізделген кілттің инкапсуляция механизмі) болып табылады. Ол тіпті шифрлау кілттерін кванттық компьютерлердің бұзуын да қиындататын күрделі көпөлшемді тор математикасын пайдаланады.
NIST стандарттары — құпиялық электрондық поштадан бастап онлайн-транзакцияға дейінгі мәліметтердің кең саласын қорғайды. Samsung үшін бұл ықтимал кванттық қауіптерден бұлттық мәліметтерді сенімді қорғауды білдіреді.
Стратегиялық көзқарас
Технологиялардың дамуының жалғасып жатқанын ескере отыра, Samsung қосылған құрылғылардың экожүйесінің қорғанысының алдыңғы қатарлы жүйесі — Samsung Knox Matrix-қа посткванттық мәліметтердің күшейтілген қорғанысын (EDP) кіріктіреді.
EDP функциясы тұтынушылардың мәліметтерін оларды қосымша көшіру, қалпына келтіру және Samsung Cloud арқылы синхронизациялау кезінде, өтпелі шифрлеуді қазірдің өзінде қамтамасыз етеді.
Енді Knox Matrix-қа посткванттық криптографияны енгізе отыра, бұлтты мәліметтердің қауіпсіздігі жаңа деңгейге шығады. Knox Matrix қосымша көшірмелердің және смартфондарда, теледидарларда және Samsung цифрлық тұрмыстық техникасында синхрондалған мәліметтердің кросс-құрылғылық қорғанысын қамтамасыз етеді
Технология бірінші рет One UI 7 базасында жұмыс жасайтын Galaxy S25 сериясында қолжетімді болды. Бұл Galaxy тұтынушыларына кванттық есептеулер дамуы қаупінен сенімді қорғанысты ұсынады.
Samsung қауіпсіз болашақты қалыптастырады
Қарыштап өзгеріп жатқан цифрлық әлемде ықтимал қауіптерге дайындық — мүмкіндік емес, қажеттілік болып табылады.
Galaxy S25 сериясы — посткванттық криптографияны қолдана отыра, бұлтты мәліметтер қорғанысын қамтамасыз ететін индустрияда бірінші болып табылады. Бұл кванттық есептеулер дәуірінің алдында қауіпсіздіктің жаңа стандартын белгілейді. Samsung барлық тұтынушылар үшін сенімді және қауіпсіз болашақты жасай отырып, мобильді қауіпсіздік саласында үздік болуын жалғастыруда.
1 АҚШ Ұлттық стандарттар және технологиялар институты (NIST) кванттық компьютерлердің кибершабуылдарынан қорғауға арналған шифрлау алгоритмдерінің негізгі жинағын әзірлеуді аяқтады. Бұл жаңа стандарттар болашаққа бағытталған және пост кванттық криптографияны стандарттау бойынша NIST Post-Quantum Cryptography (PQC) жобасының бірінші бекітілген құжаттарына енгізілген.
Библиография
Ақпараттарды өңдеудің федералдық стандарттарын шығару туралы хабарлама (FIPS):
FIPS 203 – торға негізделген кілттердің инкапсуляция механизмінің
стандарты (Module-Lattice-Based Key-Encapsulation Mechanism Standard)
FIPS 204 – торға негізделген цифрлық қолтаңба стандарты (Module-Lattice-Based Digital Signature Standard)
FIPS 205 – контекстсіз хеш-функцияларға негізделген цифрлық қолтаңба стандарты (Stateless Hash-Based Digital Signature Standard)
(14 тамыз 2024 ж.) Федералдық тізімдеме. Сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.federalregister.gov/documents/2024/08/14/2024-17956/announcing-issuance-of-federal-information-processing-standards-fips-fips-203-module-lattice-based
Ұлттық стандарттар және технологиялар институты (NIST) (2 қаңтар 2025 ж.). Сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.nist.gov/
NIST алғашқы үш бекітілген посткванттық шифрлау стандартын шығарды (2024 ж.). Сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.nist.gov/news-events/news/2024/08/nist-releases-first-3-finalized-post-quantum-encryption-standards
TAGSGalaxy S25 сериясыSamsung KnoxМәліметтердің күшейтілген қорғанысыПосткванттық криптографияҰлттық стандарттар және технологиялар институты
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.