Мектеп оқушыларына арналған ойлау дизайны: Solve For Tomorrow 2026 ментор-сессиясы Астанада қалай өтті

12.06.2026
Share open/close
Сілтеме көшірілді
Қазақстандық мектеп оқушылары стартап дизайн дағдыларын шыңдап, өз идеяларын ұсынды және сарапшылардан құнды пікірлер алды

Solve For Tomorrow 2026 ментор-сессиясы Казақстан

 

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы 10 маусымда Астанада «Solve For Tomorrow» ұлттық стартап байқауының жартылай финалистері үшін алғашқы жеке тәлімгерлік сессиясын өткізді. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 120-дан астам орта мектеп оқушылары қатысты. Бағдарлама қарқынды оқыту мен байланыс орнатуды қамтыды, Samsung басқа қаладан қатысушылардың барлық жол және жүріп-тұру шығындарын өз мойнына алды. «Аяла» қайырымдылық қоры жоба серіктесі болды.

 

Samsung Electronics Central Eurasia-ның корпоративтік маркетинг бөлімінің басшысы Берік Умаров бастаманың ауқымын атап өтті: Қазақстанда алты жыл бойы байқау өткізіліп келе жатқандықтан, оған 10 000-нан астам мектеп оқушысы қатысты. «Олардың көпшілігі STEM негіздерін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар алғашқы стартаптарын коммерцияландыра алды. Solve For Tomorrow қазіргі тағңда – 68 елді қамтитын жаһандық қозғалыс болып табылады, ол жастарға өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі».

 

Solve For Tomorrow 2026 ментор-сессиясы Казақстан

 

Тәлімгерлік сессиясының ең маңызды сәті Қазақстандағы жетекші STEM – сарапшысы Давид Туганов жүргізген дизайн ойлау сессиясы болды. Тоғыз сағаттан астам үздіксіз жұмыс барысында орта мектеп оқушылары Solve For Tomorrow байқауының қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар жобаларын жақсарту бойынша түсініктер алды, тәжірибелік кейстерді орындады және мүдделес жандармен байланыс орнатты.

 

Solve For Tomorrow 2026 ментор-сессиясы Казақстан

 

Биылғы байқау өте бәсекеге қабілетті болды: 850 үміткердің ішінен тек 38 команда қатаң іріктеу процесінен өтті. Қатысушылардың әртүрлілігі де қуантарлық болды: ірі қалалардың (Астана, Алматы және Шымкент) мектеп оқушыларымен қатар, Щучинск пен Арыс сияқты шағын моноқалалардың оқушылары да жартылай финалға өтті.

 

Жартылай финалистерді бірқатар онлайн-сессиялар күтіп тұр. Тамыз айының басына дейін тәлімгерлер мен үйлестірушілер әр командаға жеке кеңестер беріп, жобаларын жетілдіруге көмектеседі. Финал тамыз айының соңына жоспарланған, бірақ тек ең үздік 10 стартап қана өтеді. Дәл сол стартаптар 10 миллион теңгелік бас жүлде үшін бақ сынасады және әлемді жақсы жаққа өзгертуге нақты мүмкіндікке ие болады.

 

Solve For Tomorrow 2026 ментор-сессиясы Казақстан

 

Конкурс туралы толығырақ solvefortomorrow.kz сайтынан білуге болады.

Компанияның жаңалықтары > Әлеуметтік жобалар

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары