Нағыз ЖИ-серіктесіне алғашқы қадам
Өміріңізде күйзеліс азайып және бос уақытыңыздың көбірек бола түскенін көз алдыңызда елестетіп көріңізші. Сұрамай тұрып-ақ, қажетті қолдауды қалай алғаныңыз. Мобильді ЖИ заманасында өзіңіз үшін ең маңызды нәрсеге назар аудару еркіндігі – енді арман емес, шынайы. Және ол жақында Galaxy құрылғыларында қолжетімді болады.
Бірнеше апта бұрын One UI 7 бета бағдарламасын іске қостық, ол біріктірілген жасанды интеллектімен бірінші операциялық жүйе – бұрын-соңды болмаған жекелендіру арқылы мобильді тәжірибені түбегейлі жақсартатын шынайы ЖИ платформасымен жаңа дәуірдің басталуын белгіледі.
ЖИ пайдалана отыра жекелендіруге деген Galaxy ыңғайлануы, бірінші ЖИ-смартфонын шығарғаннан бастап және кіріктірілген ЖИ саласындағы орнықты инновацияларымен жалғастыра отыра, үнемі құпиялылықты бұлжытпай сақтауға негізделген болатын. Сізді ойдағыдай түсінетін мобильді ЖИ барлық артықшылықтарын алғыңыз келетінін білеміз. Өзіңіздің өмір салтыңызға бейімделген телефоныңыздың күнделікті кедергілерді жоя отыра, сонымен бірге жеке ақпаратты заңсыз пайдалану қаупінсіз, мүмкіндіктеріңізді кеңейте түскенін қалайсыз.
Индустрияның стандарттарын қайта орнататын Galaxy S сериялы жаңа смартфондарын шығарар алдында, жекелендірудің барынша деңгейін сақтай отыра, біз құпиялылықты күшейтеміз. Дәл осы үшін құрылғыда және қолданбалар арасында жеке мәліметтерді қауіпсіз сақтау және пайдалануды қамтамасыз ететін Personal Data Engine – жеке ақпаратты қорғауға арналған білікті щешім жасалды.
Жеке деректер Knox Vault платформасы басқаратын шифрлау кілтімен қорғалған қауіпсіз кеңістікте сақталады. Бұл сіздің биометриялық деректеріңізді және басқа да құпия ақпаратты қорғайтын сенімді технология. Сонымен қатар, кванттық есептеулер тарапынан келетін қауіптер шындыққа айналғанда, болашақта деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша пост кванттық криптография қолданылады.
*Нақты UX/UI әртүрлі болуы мүмкін.
Осы сенімді негізбен дәл сіздің өмір салтыңызға бейімделген, мобильді тәжірибенің жаңа көкжиектерін ашамыз. Тек Galaxy-мен.
One UI 7 негізгі элементтерінің бірі – күнделікті әрекеттеріңізді және ең көп қолданылатын қолданбаларды құлыптау экранына біріктіру арқылы жекелендіруді келесі деңгейге көтеретін инновациялық шешім Now Bar болып табылады. Now Bar-мен ойын-сауықты басқарып, жаттығуларыңызды жоспарлай аласыз, келесі кездесуге бағыт ала аласыз немесе басқа тілдерде сөйлесуді – тез және ыңғайлы түрде бастай аласыз.
Now Bar сонымен қатар Galaxy құрылғысында бір кездері ұсынылған, ақпаратты және жан-жақты функцияларға кіру нүктесі болады. Енді телефоныңыз сізді жай ғана хабарландырып қоймай,сіздің өмір салтыңызды қолдайтын болады.
Сіз Сеулден Сан-Хосеге сапарға дайындалып жатырсыз деп елестетіңіз. Заттарыңызды жинап жатқанда, телефон сізге жылдам қол жеткізу үшін маңызды қолданбалары бар қалтаны жасауды ұсынады. Ол сізге рейсіңізді жіберіп алмау үшін әуежайға қашан шығу керектігін есіңізге түсіреді, сонымен қатар ұзақ ұшу кезіндегі көңіл-күйді орнату үшін арнайы таңдалған плейлист ұсынады.
Енді әртүрлі қолданбалардан ақпаратты іздеудің қажеті жоқ – бір қимылмен ауа райы болжамын біле аласыз. Сапарыңыздың барысында телефон есте қаларлық сәттерді түсіріп, ал күннің соңында ең жақсы сәттерді еске түсіруге көмектеседі.
Таңертең және кешке Galaxy AI жаңалықтармен хабардар етеді және бірегей өмір салтыңызға бейімделген практикалық кеңестер мен амалдар1 арқылы шабыттандырады. Сіз сенім артуға болатын құпиялылықты сақтай отыра, жаңа деңгейді жекелендіру. Бұл Galaxy AI дамуының келесі кезеңі.
1 Кейбір функциялардың жұмыс істеуі үшін Samsung есептік жазбасына кіру талап етілуі мүмкін. Қызметтердің қолжетімділігі елге, тілге, құрылғы үлгісіне және қолданбаларға байланысты болуы мүмкін.
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.