Қазақстанда жасалған: Samsung кір жуу машиналарын шығаруды жергіліктендіреді
Аймақтағы тұрмыстық техниканың жетекші өндірушісі Silk Road Electronics компаниясы және оңтүстік корейлік корпорация Samsung Electronics Қазақстандағы Silk Road Electronics қуаттарында кір жуу машина-автомат өндірісін жергіліктендіру бойынша стратегиялық серіктестік туралы жариялайды.

Бұл қазақстандық машина жасаудың жаһандық кооперациясының және технологиялық дамуының жаңа кезеңі. Silk Road Electronics базасында Samsung компаниясының қатаң стандарттарына толық сәйкес келетін, өндірістің әрбір кезеңі мұқият бақыланатын кір жуғыш машиналардың өндірісін іске қосу жұмысы жүйеге қойылады. Өнімдер энергия тиімділігі, сенімділік және қауіпсіздік жөніндегі жаһандық талаптарға жауап беріп қана қоймайды, сонымен қатар инновациялық мүмкіндіктер мен шешімдерді ұсынады.

Жаңа келісім компаниялар арасындағы табысты серіктестіктің жалғасы болды. 2024 жылғы желтоқсанда Silk Road Electronics қуатындағы Samsung теледидарының бірлескен өндірісі туралы бірінші келісімге қол қойылды. Осылайша, Samsung елді тұрмыстық техника шығару бойынша ең басты аймақтық хабтардың біріне айналдыра отыра Қазақстандағы өзінің өндірістік орнын бірізді кеңейтеді.
«Бұл келісім – біздің мүмкіндіктерімізге, біздің командамызға және таңдаған жолымызға деген сенімнің көрінісі. Samsung Electronics компаниясымен біз дамудың жаңа деңгейіне көшеміз: бүгінгі таңда болашақтың технологияларын бірге жасаймыз», – деп атап өтті Silk Road Electronics директоры Александр Крицкий.
«Silk Road Electronics компаниясымен ынтымақтастық қарым-қатынастарымыздың тарихындағы жаңа бетті ашады: Samsung компаниясының озық әзірлемелері мен серіктесіміздің жоғары технологиялық өндірістік қуаттарын біріктіре отырып, біз тұтынушыларға жайлылық пен сенімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін инновациялық экожүйені қалыптастырудың жаңа үлгісін жасаймыз», – деді Samsung Electronics тұрмыстық техника сату бөлімінің басшысы Данияр Ибраев.
Өндірісті іске қосу 2025 жылғы екінші жарты жылдыққа жоспарланған. Бастапқыда барлық өнім Қазақстанның ішкі нарығына бағытталады. Жақын арада экспорттық жеткізілімдер жоспарланбайды, бірақ болашақта сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін, бұл Samsung пен Silk Road Electronics-ке халықаралық аренадағы позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді.
Silk Road Electronics туралы:
Silk Road Electronics – жоғары сапалы тұрмыстық техниканы өндіруге, сатуға және қызмет көрсетуге маманданған заманауи қазақстандық кәсіпорын.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда
Өнімдер > Тұрмыстық техника
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.