Samsung Electronics және ХОК Together for Tomorrow, Enabling People жаңа цифрлық олимпиадалық қауымдастығын Париж олимпиадасы 2024 және одан тыс жерлерде іске қосады
Жаңа жоба бүкіл әлемдегі жастарға олимпиадалық қозғалысқа технологияның көмегімен жақсы болашақ құруға бағытталған бағдарламаларға сүйене отырып қатысуға көмектеседі
Samsung Solve for Tomorrow байқауының 10 жеңімпазы Парижде өткен ресми іс-шарада осы жобаның өкілдері ретінде таңдалып алынды
Смартфондар бойынша Олимпиада және Паралимпиада ойындарының дүниежүзілік серіктесі Samsung Electronics, Халықаралық Олимпиада комитетімен (ХОК) бірлесіп, 31 шілдеде Парижде Together for Tomorrow, Enabling People атауымен Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жанкүйерлерін қоса алғанда, адамдарға арналған жаңа сандық қауымдастықтың іске қосылуына және ілгерілетілуіне арналған іс-шара өткізді.
Іс-шара Париж-2024-ке арналған Франция астанасындағы көпфункционалды көрме кеңістігі SPORT24-те өтті. Оған ХОК президенті Томас Бах, ХОК теледидар және маркетингтік қызметтер бөлімінің бастығы Анн-Софи Вумар, Паралимпиада комитетінің (ХПК) президенті Эндрю Парсонс, Samsung Electronics жаһандық маркетинг кеңсесінің президенті және басшысы Ю.Х. Ли, Samsung Electronics еуропалық өкілдігінің президенті Иль-кюн Сунг және алтын медаль жеңіп алған бұрынғы француз гандболшысы, сонымен қатар визуалды суретші және Париж-2024 Олимпиада мұражайы өткізетін «Олимпиада суретшілері» бағдарламасының мүшесі Люк Абало қатысты.
Корей құрамасының бұрынғы волейболисті Ён Кун Ким, Ұлыбритания құрамасының скейтбордисті Энди Макдональд, аустралиялық параатлет Мэдисон де Розарио, британдық контент-креатор және табиғи ғылымдарының оқытушысы Мэтт Грин бұл жобаға жаhандық өкілдер ретінде қатысады және әлеуметтік желілердегі Together for Tomorrow, Enabling People жобасының контентімен белсенді түрде бөлісетін болады.
Together for Tomorrow, Enabling People жобасы Samsung компаниясы және ХОК Олимпиадалық және Параолимпиадалық ойындардың бүкіл әлем бойынша жанкүйерлерінің олимпиадалық қозғалыспен танысуына және оған араласуына көмектесу үшін жасалынған. Бағдарламада өскелең ұрпаққа ерекше назар аударылады: жаңа қауымдастық жас қатысушыларға «олимпиадалық рухпен мәселелерді шешуге, алға басуға және қалыптастыруға» көмектесу мақсатында құрылған.
Together for Tomorrow, Enabling People қауымдастыққа бағытталған үш жаңа бастаманы ұсынады. Solve Challenge спорт пен олимпиаданы Samsung Solve for Tomorrow бағдарламасымен біріктіреді, ол жастарға ХОК Olympism365 бағдарламасының басымдықтарына сәйкес келетін негізгі әлеуметтік мәселелерді шешу үшін спорт пен технологияны пайдалана отырып инновациялық шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Move Challenge бүкіл әлемдегі ойын жанкүйерлерін Samsung смартфонын пайдаланып орнынан тұруға және көбірек жүруге шақырады. Create Challenge қатысушыларға Samsung смарт құрылғысы мен S Pen стилусы арқылы инновациялық цифрлық суретшілер қауымдастығында шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді.
Іс-шарада Samsung Solve for Tomorrow бағдарламасында ерекшеленген 10 құраманы Together for Tomorrow, Enabling People өкілдері деп жариялады. Париждегі 2024 жылғы барлық Олимпиада және Паралимпиада ойындарында өкілдер әлеуметтік мәселелерді шешу және бүкіл әлем бойынша олимпиадалық жанкүйерлерді тарту бойынша өз идеяларын көрсетеді. Олар сондай-ақ «ХОК-тың жас көшбасшысы» бағдарламасымен, сондай-ақ тұрақты дамуды қоса алғанда, мәселелерді шешу үшін ХОК қолдайтын әртүрлі бастамалармен ынтымақтасады.
Together for Tomorrow, Enabling People іс-шарасы барысында өкілдер нақты мәселелерді шешуге бағытталған Solve for Tomorrow жобалары туралы айтып берді. Адамдардың көруінің проблемаларын жеңуге көмектесуден бастап, еңбек қауіпсіздігін арттырудың жаңа әдістеріне дейін көптеген инновациялық шешімдер ұсынылды.
«Samsung Solve for Tomorrow орта мектеп оқушыларына әлемді өзгертуге батылдық береді», – дейді жәндіктердің көмегімен қоршаған ортаны тазарту шешімін жасаған американдық топтың мүшесі Нган Хуу Ким Ле (Ngan Huu Kim le). «Осында, Париж-2024-ке қатысу және әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрнекті спортшылармен бірге біздің планетамыздың жарқын болашағын құруға көмектесетін шешімімізді ұсыну мен үшін үлкен мәртебе».
ХОК президенті Томас Бах: «Samsung Solve for Tomorrow компаниясының жүздеген мың жастарды болашақ көшбасшы ретінде дамытуға мүмкіндік бергеніне әсерлендім», – деді. – Олар біздің ертеңгі жаңашылдарымыз болады, мен олардың біздің әлем алдында тұрған әртүрлі мәселелерді шеше бастағанын асыға күтемін. Біз Дүниежүзілік серіктесіміз Samsung-қа қосылуға және Тogether for Tomorrow, Enabling Peoplе бастамасы аясында спорт пен технология түйісуінде дарынды жастарды анықтау және қолдау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыратынымызға қуаныштымыз.
Samsung Electronics жаһандық маркетинг кеңсесінің президенті және басшысы Ю.Х. Ли: «Бұл жоба – жастар олимпиадалық құндылықтарға тікелей қатыса алатын және қосыла алатын бағдарлама, оны құру – біздің ХОК-пен ұзақ уақыт бойы жұмыс істегеніміздің тамаша нәтижесі», – деді. «Біз жастарға жарқын болашақ жолында батыл және мағыналы міндеттерді шешу үшін қолдау көрсетуді жалғастырамыз».
Together for Tomorrow, Enabling People жобасы туралы толығырақ ақпаратты https://olympics.com/togetherfortomorrow сайтынан табуға болады.
TAGSSamsung Solve for TomorrowTogether for TomorrowПариж 2024 Олимпиада және Паралимпиада ойындарыПариж-2024
Компанияның жаңалықтары > Әлеуметтік жобалар
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.