Samsung Electronics компаниясы төртінші тоқсан және тұтас 2023 қаржылық жыл бойынша қаржылық нәтижелерді жариялады

31.01.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

DRAM-сегмент төртінші тоқсанда пайданы көрсетті және DDR5 өнімдерінің нарығында көсбашылықты нығайтуға және жоғары өткізгіштік қабілеті бар жадының сұранысын қанағаттандыруға бағытталады

2024 жылдың екінші жартысында компания бірінші жарты жылдықтағы макроэкономикалық белгісіздік аясындағы пайданың бірқалыпты көрсеткіштерінің едәуір жақсаруын болжайды

 

Samsung Electronics компаниясы төртінші тоқсан және тұтас 2023 қаржылық жыл бойынша қаржылық нәтижелерді жариялады.

 

Компанияның 2023 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған төртінші тоқсандағы жалпы жиынтық табысы — 67,78 трлн вонды, операциялық пайдасы — 2,82 трлн вонды құрады. Тұтас бір жыл ішінде компанияның табысы — 258,94 трлн вонды, операциялық пайдасы — 6,57 трлн вонды құрады.

 

Төртінші тоқсанда табыс пен операциялық пайда үшінші тоқсанмен салыстырғанда өсті, бұл жалғасып келе жатқан премиум-класс дисплейлерінің сатылымының артуы және бағалардың өсуі есебінен жадыны өндіріп шығару бойынша бөлімшенің (Memory Business) көрсеткіштерінің жақсаруы арқасында қол жетімді болды.

 

2024 жылдың бірінші тоқсанында компания жоғары қосымша құны бар өнімдердің сатылымын арттыру есебінен табыстылықты арттыруға зейін қояды. Бөлшектерді өндіріп шығару бойынша бөлімше генеративті ЖИ бағдарланған алдыңғы қатарлы технологиялық үрдістер мен өнімдер негізіндегі өнімдердің сұранысын қанағаттандыруды жоспарлап отыр, ал Device eXperience (DX)  бөлімшесі смартфондарда және басқа да тұтынушылық электроникада AI функцияларын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырады.

 

2024 жылы компания жады нарығының және IT-өнімдеріне сұраныстың одан әрі қалпына келуін жоспарлайды, алайда макроэкономикалық белгісіздік мәселе ретінде қалады. Компания AI арналған жартылай өткізгіштердің орын алған сұранысын қанағаттандыруды және жасанды интеллект қолдауы бар техниканың нарығында өзінің орнын кеңейтуді жоспарлап отыр. Сол уақытта ол сондай-ақ премиум өнімдерінің сегментіндегі өзінің көшбасшылығын күшейтуді және алдыңғы қатарлы технологиялық үрдістерді қолданумен жасалған жартылай өткізгіштер саласындағы бәсекелестігін нығайтуды ойластырады.

 

Қысқа мерзімді болашақта орын алған макроэкономикалық белгісіздік іскери ортаға әсерін жалғастыруына байланысты компания 2024 жылдың бірінші жартысындағы табыс бірқалыпты өсімді көрсетеді, ал одан әрі едәуір жақсару екінші жарты жылдықта орын алады деп күтеді.

 

Samsung Electronics компаниясының жалпы капиталды шығыстары 53,1 трлн вонды құрады, соның ішінде Device Solutions (DS) бөлімшесінің жұмысына жұмсалған қаражат 48,4 трлн вонды және дисплей панельдерін өндіріп шығару бойынша бөлімшенің (Samsung Display Corporation, SDC) жұмысына жұмсалған қаражат 2,4 трлн вонды құрады. Төртінші тоқсандағы шығыстардың жалпы сомасы 16,4 трлн вонды құрады, олардың ішіне DS бөлімшесіне берілген 14,9 трлн вон, SDC бөлімшесіне берілген 0,8 трлн вон кірді.

 

Жадыны өндіріп шығару бойынша бизнеске (Memory Business) салынған қаражат Пхёнтхэкте инфрақұрылымды жасауға және жоғары өткізгіштік қабілеті бар жадыны (High Bandwidth Memory, HBM), DDR5 және алдыңғы қатарлы технологиялық үрдістерді қолданумен шығарылатын басқа да өнімдерді өндіріп шығаруға арналған қуаттылықты кеңейтуге бағытталды. Жартылай өткізгіштердің өндірісіне салынған қаражат EUV технологиялық үрдісті қолданумен жұмыс жасайтын 5-нанометрлік және одан төмен процессорларды өндіріп шығару бойынша өндірістік қуаттылықты кеңейтуге, сондай-ақ Тейлорда инфрақұрылымды дамытуға бағытталды. Дисплей панельдерінің өндірісіне салынған қаражат негізінен IТ саласына және икемді дисплейлерге арналған OLED өнімдерді өндіріп шығару бойынша өндірістік қуаттылықты дамытуға бағытталды.

 

2024 жылы жартылай өткізгіштерге сұраныс бірте-бірте қалпына келеді

 

2023 жылдың төртінші тоқсанында Device Solutions (DS) бөлімшесінің жиынтық табысы 21,69 трлн вонды, ал операциялық шығысы – 2,18 трлн вонды құрады.

 

Жадыны өндіріп шығару бойынша бөлімшеге (Memory Business) келсек, нарық тұтас алғанда алдыңғы тоқсанға қарағанда ДК және ұялы құрылғыларда деректердің тығыздығының («content-per-box») өсуі аясында қалпына келуін көрсетті. Серверлерге деген сұраныс қалпына келу белгілерін көрсетті, себебі генеративті жасанды интеллектке салынып жатқан қаражат бүкіл ІТ саласы бойынша өсіп жатыр.

 

Жадыны өндіріп шығару бойынша бөлімше (Memory Business) сондай-ақ жоғары қосымша құны бар өнімдердің сатылымын арттыруға зейін қойды, бұл HBM, DDR5, LPDDR5x және UFS 4.0 сияқты алдыңғы қатарлы шешімдердің сатылымдарының едәуір өсіміне алып келді. Нәтижесінде өнімнің разрядтылық өсімі нарық бойынша көрсеткіштерден асып түсті, ал қоймадағы DRAM- және NAND-өнімдерінің саны азая түсті. DRAM-сегмент бағалардың өсуі арқасында пайданы көрсетті.

 

2024 жылдың бірінші тоқсанында ДК және ұялы құрылғыларға сұраныстың қалпына келуі шамамен жалғасады, ал серверлерге және деректерді сақтау жүйелеріне сұраныс қалпына келу белгілерін көрсетеді, алайда нарықтағы жағдай мұқият қадағалауды талап етеді. Саладағы ұсынысқа келсек, алдыңғы қатарлы өнімдердің разрядтығының өсімі бүкіл нарық бойынша шектеледі, ал алдыңғы қатарлы технологиялық үрдістерді қолданумен жасалған өнімдерге деген тұтынушылық сұраныс жоғары болып қалады. Жадыны өндіріп шығару бойынша бөлімше (Memory Business) алдыңғы қатарлы өнімдердің сұранысын қанағаттандыруға зейін қояды және генеративті жасанды интеллектке бағдарланған HBM және серверлік SSD-жинақтауыштарға сұранысты белсенді қанағаттандыру арқылы пайданы өсіруді жоспарлайды.

 

Жадыны өндіріп шығару бойынша бөлімше (Memory Business) пайыздық мөлшерлемелерді реттеу саясатын және геосаяси проблемаларды қоса әр түрлі орын алуы мүмкін бөгеттерге қарамастан, 2024 жылы нарық өзінің қалпына келуін жалғастырады деп күтеді. ДК және ұялы құрылғыларға келсек, компания құрылғыларда AI қолданысын кеңейтудің арқасында деректердің тығыздығының өсуін күтеді. Серверлерге келсек, оларды ауыстыру және жаңа платформаларға өту сұраныстың бірте-бірте қалпына келуіне алып келуі мүмкін. Осыдан басқа, Жадыны өндіріп шығару бойынша бөлімше (Memory Business) алдыңғы қатарлы технологиялық үрдістерді қолданумен жасалған шешімдердің бәсекелестігін өсіру есебінен табыстылықты арттыруға зейін қоюды жоспарлайды.

 

Компанияның DRAM-сегментіндегі мақсаты жадының үлкен тығыздылығы бар DDR5 нарығында көшбасшылықты нығайту және жаңа буын HBM3E өнімдерінің көлемін уақытында ұлғайту есебінен HBM сегментінде бәсекелістікті арттыру болып табылады. NAND-сегментіне келсек, Жадыны өндіріп шығару бойынша бөлімше (Memory Business) салада ұялы QLC жинақтауыштарының нарығына бірінші болып шығуды және генеративті жасанды интеллектке бағдарланған бесінші буын SSD жинақтауыштарының нарығында жетекші орындарды алуды, осылайша жоғары жады тығыздылығы бар шешімдерге деген тұтынушылық сұранысқа жауап беруді жоспарлап отыр.

 

Жүйелік жартылай өткізгіштерді өндіріп шығару бойынша бөлімшенің (System LSI Business) табысы төртінші тоқсанда негізінен қоймалық қорларды реттеу және ірі тапсырыс берушілердің біреуінің флагмандық моделінде Exynos 2400 қолдануы есебінен өсті.

 

2024 жылдың бірінші тоқсанында кристалдағы жаңа жүйелердің (SoC) және пиксель тығыздығы арттырылған кескін сезгектерінің сатылымдары жоғары деңгейде қалады деп күтілуде. Осыған қарамастан, компания кейбір кристалдағы жүйелердің сұранысының төмендеуін және негізінен дисплей драйверлері IC (DDI) сегментінде мүмкін болатын табыстың қысқаруын болжайды, сол себепті түскен пайданың жалпы өсімі біршама шектелген. Осы ретте АІ қолданатын құрылғылардың пайда болуы тұтынушыларда өздерінің смартфондарын жаңасына ауыстыруға деген ниетті қайтаруға мүмкіндік береді.

 

Компания смартфондар нарығы 2024 жылы қалпына келеді деп күтеді, алайда чипсеттерге бағалардың қалпына келуі және қаржылық шығыстарды арттыру құрылғыларды өндірушілердің жарнамалық мүмкіндіктеріне кері әсер етеді, осылайша сұраныстың өсімі шектеледі деген пікір бар.

 

System LSI Business бөлімшесі АІ танымалдығының толқыны және кристалдағы жүйелердің, сезгектердің және тұтастай LSI бөлімшесінің бәсекелестігі есебінен болашақ өсімді қамтамасыз етуге ниеттенеді. Бөлімше құрылғылардың функцияларын тұрақты түрде жетілдіруді, мысалы, нейронды процессорлардың өнімділігін арттыруға, сондай-ақ модельдердің салмағын төмендетуге бағытталған іс-әрекеттерді жоспарлап отыр. Кескін сезгектеріне келсек, бөлімше пиксельдердің арттырылған тығыздығы бар кескін сезгектерінің және дисплейдің IC (DDI)-драйверлерінің сатылымын өсіреді. OLED дисплейлер ІТ саласында жиі қолданылатындықтан, бөлімше тіпті белгісіздік жағдайларында өсімді қамтамасыз етуге ұмтылады.

 

Жартылай өткізгіштерді өндіріп шығару бойынша бөлімшенің (Foundry Business) табысы төртінші тоқсанда әлемдік экономиканың баяу қалпына келуі салдарынан төмендеді. Осы қиындықтарға қарамастан, бөлімше 3- және 2-нанометрлік Gate-All-Around (GAA) технологиялық үрдістерін белсенді дамытып жатыр және алдыңғы қатарлы технологиялық үрдістерді пайдаланумен қолданудың жаңа сегменттеріне шығуды жоспарлайды. Бұдан басқа, Foundry Business бөлімшесі 2023 жылы әзірлеу бойынша жаңа жобалардың рекордты санын алды.

 

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында бөлімше жаңа өнімдердің шығуын күтеді, соның ішінде өсуді қамтамасыз ететін АІ қолдауы бар смартфондар мен ДК де бар. Осыған қарамастан, қоймалық қорлардың қысқару үдерісі жалғасып жатыр, бұл табыстың едәуір қалпына келмеуіне себеп болуы мүмкін. Осы ретте Foundry Business бөлімшесі табыстылықты арттыруға және екінші буын GAA 3-нанометрлік технологиялық үрдістің тиімділігін оңтайландыруға зейін қояды. Осыдан басқа, бөлімше HBM жеткізуді және корпусты жасауды қоса 2-нанометрлік технологиялық үрдіс негізінде нейронды процессорды әзірлеуге тапсырыс алды.

 

Смартфондар мен ДК-ге деген сұраныстың бірте-бірте қалпына келуіне байланысты 2024 жылы алдыңғы қатарлы технологиялық үрдістер жартылай өткізгіштер нарығына 2022 жылдың деңгейіне келуге мүмкіндік береді. Жартылай өткізгіштерді өндіріп шығаратын бөлімше (Foundry Business) екінші буын GAA 3-нанометрлік технологиялық үрдісті қолданумен тұрақты көпшілік өндірісін, 2-нанометрлік технологиялық үрдісті дамытуды және мысалы, нейронды процессорлар сияқты жылдам дамып келе жатқан салаларда тапсырыстарды арттыруды жалғастыратын болады.

 

Ұялы құрылғыларға арналған дисплейлер бөлімшесінің фокусында – смартфондар және IT арналған өнімдер және автокөлік саласына арналған өнімдер; үлкен мөлшерді дисплей панельдерінің сегменттері пайданы арттырады деп күтілуде.

 

Дисплей панельдерін шығару бойынша бөлімшенің (Samsung Display Corporation, SDC)  жиынтық табысы төртінші тоқсанда 9,66 трлн вонды, ал операциялық пайдасы — 2,01 трлн вонды құрады.

 

Ұялы дисплейлер сегментінде смартфондарға деген нарықтық сұраныс өткен жылмен салыстырғанда біршама артты. Тоқсан ішінде орын алған көп қиындықтарға қарамастан, SDC бөлімшесі жаңа өнімдерді негізгі клиенттерге жеткізудің және өзінің сұрыпталымындағы бағасы жоғары өнімдерге салған зейіні арқасында өзінің көрсеткіштерін алдыңғы тоқсанның деңгейінде сақтады.

 

Үлкен мөлшердегі дисплей панельдеріне келсек, жағымсыз экономикалық жағдайларға байланысты әлсіз сұранысқа қарамастан, SDC бөлімшесі сатылымдардың өсімін және шығындардың азаюйын көрсетті, осыған жылдың соңындағы теледидарларға деген мерзімді сұраныстың өсуі әсер етті.

 

2024 жылдың бірінші тоқсанында SDC бөлімшесі мерзімдік сұраныстың төмендеуі және дисплей панельдерінің өндірушілерінің арасындағы бәсекелестіктің өсуі салдарынан ұялы дисплейлер сегментінде пайданың төмендеуін болжайды.

 

Үлкен мөлшердегі дисплей панельдерінің сегментіне келетін болсақ, шағын сұраныстың және мерзімаралық әсердің нәтижесінде пайда болған қиындықтарға қарамастан, SDC бөлімшесі жаңа QD-OLED-мониторларын шығару есебінен шығындарды қысқарту және клиенттік базаны кеңейту бойынша шараларды жүзеге асыруды жалғастырады.

 

2024 жылы компания әлемдік экономиканың төмендеуі және ұзақ мерзімді өңірлік қақтығыстар салдарынан смартфондарға деген сұраныстың баяу болуын күтеді. Осыған қарамастан, SDC бөлімшесі дифференцияланған технологияларды әзірлеу және смартфондар нарығында, әсіресе бағасы жоғары өнімдердің үлкен бәсекелестікті сегментінде, өз мүмкіндіктерін қолдану арқылы сатылымдарды арттыруға зейінін қояды. Сонымен қатар, бөлімше өзінің ІТ-сегменттегі және автокөлік саласындағы болашақ өсім факторларын нығайтуға ниет білдіреді.

 

Орын алып отырған макроэкономикалық белгісіздік үлкен мөлшердегі дисплей панельдерінің сегментін дамытуға қиындықтарды туғызуына қарамастан, SDC бөлімшесі теледидарға деген сұраныстың баяу қалпына келуін күтеді, осыған алдағы халықаралық спорттық шаралардың өтуі әсер етеді. Бөлімше нарықтың дамуын мұқият қадағалайды және QD-OLED-мониторларына назарын салып, пайданы арттыру, өндірістің тиімділігін арттыру және қосымша салымдарсыз қуаттылықты арттыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.

 

Ұялы құрылғылардың бөлімшесі екі белгіден тұратын пайда көрсеткішін көрсетуді жалғастырып жатыр және Galaxy AI-ді шығарудың арқасында ұялы жасанды интеллектің әлемдік стандартын орнатуды жоспарлайды

 

Ұялы құрылғылардың және Желілік шешімдердің бөлімшелерінің (MX & Networks) жиынтық табысы төртінші тоқсанда 25,04 трлн вонды, ал операциялық пайдасы – 2,73 трлн вонды құрады.

 

Смартфондарға деген нарықтық сұраныс сақталып тұрған инфляция мен геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, премиум сегменттің өсуі салдарынан алдыңғы тоқсанға қарағанда шамалы өсті.

 

Ұялы құрылғылардың бөлімшесі (MX Business) алдыңғы тоқсанға қарағанда сатылымдардың және табыстың төмендеуін анықтады, соның ішінде бұл үшінші тоқсанда жаңа флагмандық өнімдердің шығу әсерінің әлсіреуіне байланысты болды. Алайда жаңа өнімдердің шығуы, сондай-ақ премиум өнімдерді сату есебінен планшеттерді жеткізу едәуір өсті. Тағылатын құрылғылар сондай-ақ мерекелердің ортасында сатылымдардың динамикасын сақтады.

 

2024 жылдың бірінші тоқсанында мерзімділікке байланысты смартфондардың нарығында сұраныстың біркелкі төмендеуі күтіледі, бірақ премиум өнімдерінің сегментінде өткен жылмен салыстырғанда өсу күтіледі. Ұялы құрылғылардың бөлімшесі (MX Business) флагман өнімдерінің сатылымын арттыру мақсатында тиісті түрде жасанды интеллекттің алдыңғы қатарлы мүмкіндіктерін және жоғары бәсекелестік қабілетін иеленген жақында шығарылған Galaxy S24 сериясын алға салуды жоспарлап отыр. Ұялы құрылғылардың бөлімшесі (MX Business) сондай-ақ операциялық тиімділікті назарда ұстауды жалғастырады.

 

2024 жылы смартфондар нарығында сұраныстың қалпына келуі күтіледі, себебі тұтынушылардың мінез-құлқы әлемдік экономиканың қалпына келуін күтіп тұрақтанады, бұл өз кезегінде нарықтың, әсіресе премиум сегментінде, өсуіне алып келеді. Сондай-ақ планшеттер нарығының қалпына келуі күтіледі, ал тағылатын құрылғылардың нарығында өнім құнының екі белгіден тұратын өсімі және сымсыз стереожүйелер құнының (TWS) шамалы өсуі болжанады.

 

MX бөлімшесі Galaxy AI-дің S24 сериясына интеграциясы арқасында сатып алушыларға құрылғылармен өзара қарым-қатынастың әр түрлі тәжірибесін ұсына отырып, сондай-ақ пайдаланушылық тәжірибені жетілдіру және бүктемелі құрылғылар үшін Galaxy AI оңтайландыру арқылы жасанды интеллектті қолданатын смартфондардың нарығында жетекші орындарды иеленуге ұмтылады. MX бөлімшесі осындай салынған күштерінің арқасында флагман өнімдерін жыл сайын екі белгіден тұратын жылдамдықпен жеткізуді өсіруді және бүктемелі өнімдер санатында өзінің көшбасшылығын нығайтуды жоспарлап отыр.

 

Сонымен қатар, Ұялы құрылғылардың бөлімшесі (MX Business) премиум-классқа жататын планшеттердің сатылымдарын ерекше назарда ұстауды жалғастырады. Тағылатын құрылғыларға келсек, бөлімше Galaxy экожүйесімен өзара қарым-қатынас тәжірибесін жетілдіреді, тағылатын құрылғылардың wellness-функцияларын жақсартады және жасанды интеллекттің технологияларымен интеграциясы есебінен смартфондардың қосымша сатылымдарының коэффициентін арттырады.

 

Осылайша, MX бөлімшесі нарықтағы тұрақсыздық жағдайында ресурстарды оңтайландыру арқылы пайданың өсуін және табыстың тұрақты болуын қамтамасыз етуді жоспарлайды. Соңында MX бөлімшесі зерттеулер мен әзірлемелерді кеңейтеді, сондай-ақ генеративті жасанды интеллект, сандық денсаулық және кеңейтілген шынайылық дисплейлері сияқты болашақ өсімнің салаларына қаражат салуды арттырады.

 

Визуалды дисплейлер және тұрмыстық техника бөлімшелері AI дәуірінде жетекші орындарды иеленуді жоспарлайды

 

Визуалды дисплейлер (Visual Display Business) және тұрмыстық техника (Digital Appliances Business) бөлімшелерінің жиынтық табысы төртінші тоқсанда 14,26 трлн вонды, ал операциялық шығындары — 0,05 трлн вонды құрады.

 

Төртінші тоқсанда теледидарларға жалпы нарықтық сұраныс алдыңғы тоқсанмен салыстырып қарағанда артты, бұл мерзімділікпен байланысты болды, бірақ өткен жылмен салыстыратын болсақ, ол алдыңғы қатарлы шешімдердің нарықтарындағы тұтынушылардың мінез-құлықтарына әсер ететін әр түрлі факторлардың салдарынан төмендеді.

 

Визуалды дисплейлер бөлімшесі (Visual Display Business) Neo QLED, OLED модельдерін және диагоналі 75 дюймнен асатын үлкен теледидарларды қоса жоғары қосымша құны бар өнімдерді сатуға зейін салып, премиум сегментінде өзінің көш басшылығын күшейтті. Осылайша, компания мерекелердің, соның ішінде «Black Friday» акциясының, аясында орын алған үлкен сұранысқа уақытында жауап берді.

 

Осыған қарамастан, бөлімшенің пайдасы теледидарлар нарығындағы сұраныстың орында тұруы және бәсекелестіктің күшеюі аясында шығыстардың артуы салдарынан алдыңғы тоқсанға және жылға қарағанда кішкене төмендеді.

 

2024 жылдың бірінші тоқсанында үлкен сұраныс болжанған Neo QLED, OLED модельдері және диагоналі 75 дюймнен асатын үлкен теледидарлар сияқты премиум өнімдердің нарығын есептемегенде, мерзімділікке байланысты теледидарларға деген жалпы сұраныстың төмендеуі күтіледі.

 

Визуалды дисплейлердің бөлімшесі (Visual Display Business) CES көрмесінде жарияланған жаңа премиум модельдердің шығуына байланысты орын алған қызығушылықты күшейтуді жоспарлайды және стратегиялық маңызға ие өнімдердің сатылымын және табыстылықты қамтамасыз ету үшін дифференцияланған өнімдер мен сервистерді одан да белсенді жарнамалап, алға бастырумен айналысады.

 

2024 жылы халықаралық спорттық сайыстарға байланысты өтеу сұранысы теледидарлар нарығындағы сұраныстың төмендеуін бірте-бірте баяулатады деп күтіледі. Алайда компания әр түрлі макроэкономикалық факторларға байланысты белгісіздіктің сақталуын күтеді.

 

Визуалды дисплейлердің бөлімшесі (Visual Display Business) инновацияларды өзінің премиум және интерьерлік өнімдеріне енгізуге ұмтылады және тұтынушылардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін модельдік қатарды диверсификациялауға тырысады. Сонымен қатар, бөлімше инновацияларды гиперқосылыс облысына және жаңа буын нейрондық процессоры мен Tizen  операциялық жүйесіне енгізудің арқасында дербестендірілген контент пен сервистерге жасанды интеллектті қолданатын экрандардың дәуірінде жетекші орындарды иеленуді жоспарлайды.

Компанияның жаңалықтары > Әлемде

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары