Samsung Electronics жетекші жаһандық климаттық шешімдер жеткізушісі FläktGroup-ты сатып алады

14.05.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung дата-орталықтарының салқындату шешімдеріне ерекше назар аудара отыра, климаттық жабдықтың қарқынды даму нарығында өзінің қатысуын белсенді түрде кеңейтуді жоспарлап отыр

FlaktGroup

 

Samsung Electronics бүгін климаттық шешімдердің әлемдік көшбасшысы болып табылатын FläktGroup акцияларының 100% еуропалық Triton инвестициялық компаниясынан 1,5 миллиард еуроға сатып алу туралы келісімге қол қойғанын хабарлады. Жаһандық кәсіби HVAC (жылыту, желдету және ауаны баптау) нарығы қарқынды дамып келе жатқандықтан, бұл мәміле Samsung компаниясының осы саладағы бизнесін нығайтуға және кеңейтуге деген ұмтылысын көрсетеді.

 

«Кәсіби HVAC-шешімдеріне маманданған FläktGroup компаниясын сатып алу Samsung Electronics үшін әлемдік климаттық нарықта көшбасшы болу үшін берік негіз болды. Біз енді тұтынушыларға шешімдердің толық спектрін ұсына аламыз», – деді Samsung Electronics компаниясының Device eXperience (DX) бөлімшесінің басшысының міндетін атқарушы Тэ Мун Ро (TM Roh). – «Біз болашақтағы өсудің негізгі бағыттарының бірі ретінде оны дамыта отырып, перспективті HVAC бизнесіне инвестициялауды жалғастыруға ниеттіміз».

 

FläktGroup-тың штаб-пәтері Германияның Херне қаласында орналасқан. Компания тұтынушылардың қажеттіліктеріне бейімделген өнімдер мен шешімдердің кең ауқымын ұсына отырып, технология және дизайн саласында ғасырдан астам тәжірибесі мен сараптамаға ие. FläktGroup әртүрлі қолданбаларға арналған: тұрақты салқындату жүйесі қажет деректер орталықтарынан бастап, сезімтал тарихи экспонаттар орналастырылатын мұражайлар мен кітапханаларға, қозғалыс көлемі жоғары әуежайлар мен терминалдарға, сондай-ақ температура, ылғалдылық және гигиеналық бақылау маңызды болып табылатын ірі ауруханаларға дейін жоғары тиімді және сенімді климаттық бақылау жүйелерін жеткізеді.

 

Ірі деректер орталықтарының әлемдік нарығында FläktGroup өз жабдықтарының сенімділігі, өнімділігі және жоғары сапалы сервистік қолдау арқасында тұтынушылардың қанағаттануының жоғары деңгейін көрсетеді. Соңғы үш жылда компания кірісінің айтарлықтай өсуіне қол жеткізді. Оның шешімдер портфолиосы тұтынушыларға энергияны тұтынуды азайтуға және нәтижесінде көміртегі іздерін азайтуға көмектесетін озық сұйық және ауа салқындату технологияларын қамтиды.

 

Өткен жылы FläktGroup инновациялық және озық әзірлемелер үшін DCS Cooling Awards марапатында DCS Cooling Innovation of the Year беделді сыйлығын алды.

 

«FläktGroup-тың Samsung Electronics-тың бір бөлігі болғандығына қуаныштымыз. HVAC-саласындағы жүзжылдан астам тарихы бар, өзін мойындатқан әлемдік жетекші ретінде компания, өзінің технологиялық және өнімдік инновацияларының арқасында ірі халықаралық тапсырыс берушілердің сеніміне ие болды, – деп атап өтті FläktGroup бас директоры Тревор Янг (Trevor Young). – Енді жаhандық инфрақұрылым және Samsung тарапынан инвестициялар арқасында, біздің бұдан әрі дамуымыздың жылдамдатылатындығына үміт артып отырмыз».

 

FläktGroup дата-орталықтар шешімінен бөлек, фармацевтика, биотехнология, азық-түлік өнімдерін және сусындарды өндіру, сондай-ақ гигафабрикалар салаларындағы 60-тан аса ірі клиенттерге қызмет көрсетеді.

 

Samsung HVAC-бағытты өсудің басты қозғалтқышы ретінде қарастырады

HVAC нарығы белсенді түрде дамуды жалғастыруда, оған температура және ылғалдылықтың нақты бақылауы есебінен жоғары сапал ауаны, жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін инновациялық және тиімді энергетикалық шешімдер себеп болуда. Samsung бұл саланы дамытуды одан әрі де инвестици салуды жалғастыруға ниетті. Соңғы уақытта компания сондай-ақ, робототехника, медициналық технологиялар және тұиынушылық аудиотехниканы қоса алғанда, шектес салалардағы өзінің үлесін белсенді түрде кеңейтуде.

 

Сараптамалық бірнеше агенттік болжамына сай, кәсіби HVAC-шешімдерінің әлемдік нарығының көлемі, өсімнің орташа жыл сайынғы қарқыны кезінде 2024 жылы 61 млрд доллардан бастап 2030 жылға қарай 99 млрд дейін өседі. Мұнымен бірге дата-орталықтардың салқындату сегменті – жылына 18% деңгейінде, одан да жылдамырақ өсетін болады. Әсіресе кіруге арналған жоғары кедергілер атап айтқанда, әлемдік жеткізушілер тәжірибесі, сондай-ақ оңтайлы тиімдер және жеке жобалар ұсыну икемділігі қажет дата-орталықтар сегментіне тән.

 

FläktGroup мәмілесін бағалай отырып, Samsung генеративті ЖИ, робототехника, автономды жүргізу және XR сияқты технологиялардағы жылдам жетістіктер жағдайында деректер орталығының инфрақұрылымына сұраныстың тұрақты өсуін болжайды.

 

Samsung b.IoT құрылысты басқару шешімдерін FläktGroup-тың HVAC басқару жүйесі – FläktEdge-мен біріктіру қосымша артықшылық болады. Бұл тұтынушыларға ғимараттардың климатын және энергияны тұтынуын басқару жүйелерінің толық кешенін ұсынуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде сервистік және техникалық қызмет көрсету бизнесін дамытуға ықпал етеді.

 

Samsung қазірдің өзінде HVAC бағытын, тұрғын үй және коммерциялық кондиционерлерді қоса алғанда, арнасыз жүйелерге назар аудара отыра, белсенді түрде дамытып жатыр. 2024 жылдың мамыр айында компания Lennox тарату желісін өзінің жеке сату арналарына қосу арқылы Солтүстік Американың HVAC нарығындағы позициясын нығайту үшін Lennox International Inc.-пен бірлескен кәсіпорынға кірді.

 

Мәміле 2025 жыл ішінде аяқталады деп күтілуде.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Тұрмыстық техника

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары