Samsung International Design Excellence Awards 2025 халықаралық конкурсында ек алтынды қоса алғанда, 47 жүлдеге ие болды

19.09.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Компания екі алтын, үш күміс және үш қола жүлдені алды, сондай-ақ тұтынушылардың өмір салтын және әсерлерін жақсартатын қысқа тізімге 39 рет енді

Samsung Electronics International Design Excellence Awards (IDEA) 2025 байқауында дизайн саласындағы өзінің еңбектерінің танылғанын жариялады. Компания екі алтын, үш күміс және үш қола жүлдені алды, сондай-ақ финалистар қатарында 39 рет аталды.

 

IDEA – 1980 жылы Американың Өнеркәсіптік Дизайнерлер Қоғамы (IDSA) құрған әлемдегі ең беделді дизайн бағдарламаларының бірі. Биылғы жылы жеңімпаздар 20 номинация бойынша таңдалды, соның ішінде Home, Consumer Technology және Digital Interaction. Бағалаудың негізгі критерийлеріне дизайнның инновациялылығы, тұтынушыларға келетін пайда, қоғамға қосқан үлесі және т.б. кірді.

 

Дамып келе жатқан құндылықтар мен инновациялық технологияларды басшылыққа ала отырып, Samsung өмір салты мен тұтынушы тәжірибесін басты орынға қоятын дизайн принциптерімен танылды.

 

«Озық технология мен адами жанашырлық үйлесімінен туған инновациялар адам өмірін байытады, – деп атап өтті президент және Samsung Electronics компаниясының Device eXperience (DX) бөлімшесінің дизайн бойынша директоры Мауро Порчини (Mauro Porcini). – Біз тек технология көкжиегін кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар бізді жарқын, байланыстырылған болашаққа жақындататын мағыналы байланыстар жасауға ұмтыламыз».

 

Екі алтын марапат

Келесі әзірлемелер IDEA 2025 байқауының ең жоғары алтын жүлдесіне ие болды:

 

IFA 47 Awards

 

  • Samsung Mobile Design Visual Identity System – Galaxy сериясының әртүрлі форма факторларын бір визуалды тұжырымдамаға біріктіретін дизайн жүйесі. Ол әрбір пішін факторын интуитивті пішінге айналдырды және кітаптарды, фильмдерді және бөлшек сауда дүкендерін қамту үшін қаптамадан тыс жүйенің қолдану мүмкіндігін кеңейтті. Мақсат – Essential бренді туралы хабарламаны бірнеше платформалар арқылы тиімді жеткізу.

 

IFA 47 Awards

 

  • Advanced Concepts for Visually Impaired Users in Home Appliances (Samsung Inclusive Essentials) – барлық тұтынушылар, соның ішінде көру қабілеті бұзылған және қарт адамдар үшін қолжетімділікті жақсартуға бағытталған тұжырымдама. Пішіндер мен түстерді стандарттау, сондай-ақ бедер, дыбыс және артқы жарықтандыруды негізгі элементтерге біріктіру арқылы жоба көрнекі, дыбыстық және тактильді сигналдарды қамтамасыз етеді, бұл көру қабілеті бұзылған адамдарға технологиямен ыңғайлы және интуитивті өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді.

 

Үш күміс марапат

IDEA 2025-те күмісті үш әзірлеме алды:

 

IFA 47 Awards

 

  • GalaxyTab S10 сериясыAI-функцияларымен алғашқы Samsung планшеттері 3D Map View ұсынады. Бұл функция SmartThings экожүйесін оңай басқару үшін үйіңізге және барлық қосылған құрылғыларға шолуды көрсетеді.

 

IFA 47 Awards

 

  • Advanced Concept for Samsung Smart Modular House – Жасанды зердемен озық IT-технологияларды біріктіруге арналған болашақ өмір сүру кеңістігінің тұжырымдамасы. Үйдің архитектурасы өзгеретін өмір салтына бейімделіп, оңай кеңейеді.

 

IFA 47 Awards

 

  • Digital Twin – энергияны тұтынуды интуитивті түрде басқару және оңтайландыру, тиімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 3D-технологиясын пайдаланатын «ақылды» ғимаратты басқарудың инновациялық AI-шешім.

 

Үш қола марапат

Қола марапаттарға келесі өнімдер ие болды:

 

IFA 47 Awards

 

  • Galaxy S24 FE– Шығармашылықты шабыттандыратын жетілдірілген түсірілімге және жетілдірілген камера мүмкіндіктеріне арналған Galaxy AI функциялары бар смартфон. Үлкен дисплей, жұқа жақтаулар, талғампаз түстер палитрасы және премиум материалдар кең аудитория үшін жоғары сапалы мобильді тәжірибені қамтамасыз етеді.

 

IFA 47 Awards

 

  • Samsung Vision AI Onscreen Story – Endless Wonde ұранымен Samsung теледидар брендінің позициялануын көрсететін көрнекі тұжырымдама.

 

IFA 47 Awards

 

  • EHS MONO Outdoor–Indoor System– энергияны ыңғайлырақ басқару үшін кіріктірілген AI Home сенсорлық экраны бар SmartThings-қа қосылған үйге арналған жылу сорғысы.

 

Өнімнен UX-дизайнына дейінгі санаттардағы 39 финалист

Байқаудың қысқаша тізіміне төмендегі Samsung өнімдерінің кең тізімі енді:

 

  • Galaxy Z Fold6 және Z Flip6– инновациялық жиналмалы форм-факторлары мен Galaxy AI біріктіру арқылы мобильді технологияның болашағын қайта елестету, тұтынушыларға икемділік пен жаңа мүмкіндіктер беру.
  • Smart Monitor M9(модель M90SF) – 4K OLED- дисплейін 4K AI Upscaling Pro, AI Picture Optimizer және Active Voice Amplifier (AVA) Pro қоса алғанда, сенімді және жоғары сапалы ойын-сауық тәжірибесін ұсына отыра, AI-функциялармен біріктіреді.
  • Bespoke AI Laundry Hub– кіріктірілген AI Home сенсорлық экраны бар тік жиынтықтаудағы кір жуу-кептіру орталығы. Құрылғы сәнді дизайнымен, кеңістікті үнемдеуімен және интеллектуалды кір жуу мүмкіндіктерімен ерекшеленеді (қазір тек Кореяда қол жетімді).
  • Newfound Equilibrium көрмесі – адамдар мен технологиялар арасындағы үйлесімділік сақталатын жақсы болашақты көруге шабыттандыра отыра, Samsung-тың адамға бағытталған дизайн философиясын көрсетеді.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Марапаттар

Жүктеу

  • Samsung-Corporate-Design-IDEA-2025-International-Design-Excellence-Awards-47-Honors_dl1.jpg

  • Samsung-Corporate-Design-IDEA-2025-International-Design-Excellence-Awards-47-Honors_dl2.jpg

  • Samsung-Corporate-Design-IDEA-2025-International-Design-Excellence-Awards-47-Honors_dl3.jpg

  • Samsung-Corporate-Design-IDEA-2025-International-Design-Excellence-Awards-47-Honors_dl4.jpg

  • Samsung-Corporate-Design-IDEA-2025-International-Design-Excellence-Awards-47-Honors_dl5.jpg

  • Samsung-Corporate-Design-IDEA-2025-International-Design-Excellence-Awards-47-Honors_dl6.jpg

  • Samsung-Corporate-Design-IDEA-2025-International-Design-Excellence-Awards-47-Honors_dl7.jpg

  • Samsung-Corporate-Design-IDEA-2025-International-Design-Excellence-Awards-47-Honors_dl8.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары