Samsung компаниясы Solve for Tomorrow стартапшылар мектебіне іріктеуді жариялайды

15.03.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung Electronics компаниясы қазақстандық оқушыларға арналған Solve for Tomorrow (SFT) жобасының аясында 2024 жаңа оқу маусымының басталуын жариялайды

 

Бұл қандай жоба? Solve for Tomorrow – бұл мектепте тек «беске» оқитын оқушыларға ғана арналған байқау емес, ол сондай-ақ үлкен мақсатқа жетуді аңсайтын, ортақ мәселені шешуде, адамдарға көмектесуде, өмірді жақсартуда өзінің ойларын өмірге әкелуге ниет білдірген жандарға арналған жоба… Сонымен қатар, ол – өз біліміңізді және қабілеттеріңізді жетілдірудің тамаша мүмкіндігі!

 

Өзіңізді таныдыңыз ба? Онда бізге қосылыңыз!

 

Solve for Tomorrow жобасында белсенді өмірлік ұстанымы бар оқушылар қоғамда кездесетін қиындықтарды және тәуекелдерді шешудің инновациялық шешімдерін әзірлейді және ендіреді.

 

Тәжірибелі менторлар SFT қатысушыларын өмірлік маңызы бар мәселелерді анықтауға және олардың шешімін іздеуге, сондай-ақ STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) саласындағы Ойлау дизайны әдістерін қолданумен оларды тиімді жүзеге асыруға үйретеді. Осындай практика жас стартапшыларға шығармашылық және стандартты емес ойлауды дамытуға көмектеседі.

 

Командалар арасындағы сайыстың форматы нарықтық бәсекелестіктің ортасын жасайды.

 

Сайыс күресуге тұрарлық. Жүлделік қор – 10 миллион теңге!

 

Өткен жылы Гран-при жүлдесін өрттермен тиімді күресуге бағытталған Shabyt жобасымен Астанадан келген команда (ФМБ НЗМ) жеңіп алды. Балалар ЖИ-мен, камералармен және ультра дыбыстық сезгектермен жасақталған жоғары өтімділігі бар роботтарды әзірлеп шығарды, олар тек өртті сөндіруге көмектеспей, сондай-ақ қажетті заттарды, мысалы, газтұтқыштарды жеткізумен де айналысады.

 

Екінші орынды Full speed wheelchair әзірлемесімен Қарағандыдан келген ХББ НЗМ-нің жас стартапшылары алды, олардың жобасы физикалық мүмкіндіктері шектеулі жандардың өмірін жеңілдетуге бағытталған мүгедектерге арналған арбаша-гироскутер болып табылады.

 

«Қола» жүлдені ФМБ НЗМ-нің Алматылық оқушылары жеңіп алды, олар аутизмі бар балаларға арналған Drive Beyond жобасын ұсынды, бұл – аутизмі бар балаларда эмоциялық интеллектті дамытуға көмектесетін компьютерлік қосымша.

 

SFT жобасына Қазақстанның кез келген қаласынан 13 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар шақырылады. Өтінімдер 30 сәуірге дейін қабылданады. Мамырда қазылар алқасы жүзеге асырылуы мүмкін идеяларды іріктейді, олардың авторлары жобаның прототипін әзірлеу үшін менторлармен бірге онлайн және офлайн түрінде өтетін семинарлардың сериясына қатысады. Қатысушылар жазғы демалыстарда жобалармен айналысады. Финалға ең үздік 10 идея өтеді, олардың арасынан 3 жеңімпаз таңдалады.

 

Келесі сілтеме бойынша қатысудың толық шарттарымен танысуға және өтінімді беруге болады: Solvefortomorrow.kz

 

 

 

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Корпоративті жауапкершілік

Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда

Жүктеу

  • SFT_mentorship-session.jpg

  • SFT_3places.jpg

  • SFT_2-place.jpg

  • SFT_1_common.jpg

  • SFT_1-place.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары