Samsung NVIDIA G-SYNC-пен үйлесімділігінің арқасында OLED-теледидарларында ойын тәжірибесін жаңа деңгейге шығарады

19.05.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

OLED-теледидарларының 2025 жылғы топтамасы аса жатық графиканы және барынша шому үшін кеңейтілген ойын мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді

Nvidia G-Sync

 

Samsung Electronics компаниясы OLED-теледидарларының 2025 жылғы топтамасында NVIDIA G-SYNC технологиясын қолдау жүзеге асырылатындығы туралы хабарлады. Бұл ультражатық кескінмен, минималды кідіртулермен және жоғары жауап қатумен – бүкіл әлем бойынша ең талапшыл ойыншыларға қажеттінің бәрімен қамтамасыз етеді.

 

NVIDIA G-SYNC-пен үйлесімділігінің арқасында, 2025 жылғы Samsung OLED теледидарлары кескіннің үзілуін және ытқуын жоя отыра – барынша жатық және тартымды ойын процесі үшін1 графикалық процессордың кадрларының жиілігімен бірге экранның жаңарту жиілігін үйлестіреді. 165 Гц дейінгі жиілік орындалатын Motion Xcelerator технологиясымен бірге тұтынушылар ең бір шиеленіскен ойын қойылымдарында керемет нақты және динамикалық көріністі тамашалай алады.

 

«NVIDIA G-SYNC-пен үйлесімділікті қоса отыра және өзіміздің алдыңғы қатарлы ойын технологияларын енгізе отыра, біз тіпті ең тәжірибелі ойыншылардың күтетін сапаға сәйкес келетін өнімділік деңгейін қамтамасыз ететін, OLED-теледидарларын жасадық, – деп атап өтті Samsung Electronics компаниясының Visual Display Customer Experience бөлімшесінің атқарушы вице-президенті Кевин Ли (Kevin Lee). – Samsung-тың дисплейлік технологиялар саласындағы көшбасшылығына және нақты уақыттағы AI-мүмкіндіктердің интеграциясына сүйене отырып, ойындарға арналған теледидардың – ойындарда, сондай-ақ одан тыс қандай болуы керектігін қайта ойластырдық».

 

Жаңа топтамада сонымен қатар AMD FreeSync Premium Pro қолдауы жүзеге асырылған, ол әртүрлі графикалық процессорларда кең үйлесімділік пен тиімді бейімделу синхрондауға кепіл береді. Басқа негізгі ойын мүмкіндіктеріне жылдам жауап беру үшін Auto Low Latency Mode (ALLM) және Xbox және NVIDIA GeForce NOW қоса алғанда, консоль мен бұлттағы ойын платформаларына жылдам қол жеткізуге арналған Samsung Gaming Hub кіреді.

 

2025 OLED теледидарларында нақты уақыт режимінде көріністің жанры мен контентін талдайтын және қолмен араласуды қажет етпейтін сурет пен дыбыс параметрлерін автоматты түрде оңтайландыратын қосымша AI Auto Game Mode мүмкіндігі болады. Сондай-ақ пайдаланушылар ойыннан шықпай-ақ параметрлерді жылдам реттеуге мүмкіндік беретін «Game Bar» – қалқымалы мәзіріне қол жеткізе алады.

 

Ойыншыларға бағытталғанына қарамастан, Samsung OLED теледидарлары тамаша кинематографиялық және интеллектуалды пайдаланушы тәжірибелерін ұсынады. AI-масштабтау, Glare Free жарқырауға қарсы технология және SmartThings экожүйесін біріктіру сияқты мүмкіндіктер кез келген ортада қанық кескіндер мен ыңғайлы басқаруды қамтамасыз етеді.

 

NVIDIA G-SYNC қолдауы S95F флагмандық үлгісінде жүзеге асырылады және кейіннен 2025 OLED топтамасының басқа үлгілерінде пайда болады.

 

Samsung OLED-теледидарлары туралы толығырақ www.samsung.com сайтында білуге болады.

 

1 NVIDIA G-SYNC үйлесімділігі жарамды NVIDIA графикалық картасына қосылуды қажет етеді және теледидар параметрлерінде де, графикалық карта драйверлерінде де VRR мүмкіндігінің белсенділігін талап етуі мүмкін. Жүйе конфигурациясына байланысты өнімділік әртүрлі болуы мүмкін.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Теледидар мен аудио

Жүктеу

  • Samsung-TVs-and-Displays-OLED-TVs-NVIDIA-G-SYNC-Compatibility_dl1.jpg

  • Samsung-TVs-and-Displays-OLED-TVs-NVIDIA-G-SYNC-Compatibility_dl2.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары