Samsung компаниясы Орталық Азиядағы серіктестерге озық бизнес шешімдерін ұсынды

26.11.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

 

Samsung Electronics компаниясы Тәжікстандағы серіктестері үшін кезекті B2B семинарын өткізді. Іс-шара 2024 жылдың 19 қарашасында Hyatt Regency Dushanbe қонақүйінде өтті. Оған дәстүрлі түрде сауда желілерінің, кәсіпорындардың, қонақүйлердің, ұялы байланыс операторларының және т.б. өкілдері қатысты. Компания жаңа мүмкіндіктер мен жетілдірілген шешімдердің арқасында күнделікті бизнес-процестерді айтарлықтай жеңілдететін және операциялық тиімділікті арттыратын экономиканың әртүрлі секторларына арналған өзінің инновациялық өнімдері мен шешімдерін көрсетті.

 

Душанбедегі Partner’s Day Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолиядағы серіктестермен осындай кездесулер сериясынан кейінгі биылғы жылдың қорытынды іс-шарасы болды. Ағымдағы семинардың айрықша ерекшелігі Samsung Electronics екі бөлімшесінің – мобильді (Mobile eXperience) және дисплей шешімдерінің (Visual Display) бірлескен тұсаукесері болды.

 

Мобильді құрылғылар

Қауіпсіз мобильді құрылғылардың жаңа үлгілері – Galaxy Tab Active5 және Galaxy Xcover7 – алдыңғы қатарға шықты. Бұл беріктігі жоғары және су мен шаңнан қорғалған планшеттер мен смартфондар қатал ортада жұмыс істеуге арналған. Samsung Electronics өкілдері Galaxy Tab Active5 және Galaxy Xcover7 кез келген сынаққа дайын екенін және өндірісте немесе логистика саласында жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлері үшін сенімді көмекші болатынын анық көрсетті.

 

 

Мониторлар, дисплейлер және интерактивті панельдер

Сондай-ақ, компанияның серіктестері басқа да озық B2B өнімдерімен, соның ішінде ақпараттық дисплейлер мен ойындарға да, бизнеске де жарамды қуатты мүмкіндіктері бар мониторлар туралы білді. Мұнда алдымен инновациялық мониторларға назар аударылды. Олардың ішінде 5K ажыратымдылығы бар флагмандық ViewFinity S9, Smart Monitor желісі және 240 және 360 Гц жаңарту жиілігі бар Odyssey ойын мониторлары ерекше көзге түсті.

 

 

Одан әрі келушілер Andriod жүйесінде жұмыс істейтін Samsung Flip интерактивті панельдерінің қасиеттерін жоғары бағалады. Кәсіби QMC дисплейлерінің соңғы желісіне қосымша әмбебап All-In-One жарықдиодты экрандар да атап өтілді.

 

Partner’s Day заманауи технологияларды көрсету алаңы ғана емес, сонымен қатар Samsung Electronics үшін серіктестермен қарым-қатынасты нығайту, бизнесті дамыту перспективаларын талқылау және тәжірибе алмасу мүмкіндігіне айналды.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Бизнеске арналған шешімдер

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары