Samsung Париждегі Galaxy Unpacked тұсаукесерінде ұсынылған жаңа құрылғылардың жаһандық қолжетімділігін жариялады

24.07.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Жаңа Samsung Galaxy Z Fold6, Z Flip6, Watch Ultra, Watch7, Buds3 сериясы Galaxy AI мүмкіндіктерін кеңейтеді

 

Samsung Electronics бүгін Galaxy Z Fold6, Galaxy Z Flip6, Galaxy Watch Ultra, Galaxy Watch7, Galaxy Buds3 сериясының дүние жүзінде қолжетімділігін жариялады. Қазақстанда соңғы үлгідегі құрылғылар тамыз айының басында сатылымға шығады.

 

«Біз осы айдың басында Парижде жаңа Galaxy құрылғыларымызды іске қосқаннан кейін тұтынушылар арасында үлкен шабыт көріп отырмыз», – деді Тэ Мун Ро (ТМ Ро), Samsung Electronics компаниясының мобильді бөлімшесінің (Mobile eXperience Business) басшысы және президенті. «Galaxy AI мүмкіндіктерін әмбебап жиналмалы құрылғыларымызға біріктіру, сондай-ақ оларды экожүйелік портфолиомызда кеңейту арқылы біз жасанды интеллект әлеуетін дүние жүзіндегі миллиондаған адамдардың қолына беруге міндеттемемізді жалғастырудамыз».

 

Galaxy Z Fold6 және Flip6: Жасанды интеллекттің жаңа және әртүрлі мүмкіндіктері

 

Жаңа Galaxy Z Fold6 және Flip6 бұрын-соңды болмаған қарым-қатынасқа, өнімділікке және шығармашылыққа мүмкіндік беретін бірегей пішін факторларын қолдана отырып, Galaxy AI-дің¹ жаңа белесін ашты. Сөйлесуге келетін болсақ, қос экранды бірегей пішін факторын барынша пайдалана отырып, жай тыңдау немесе аудармашымен² сөйлесу арқылы басқа тілде біреуді түсіну енді оңай. Құрылғыны ашпай-ақ хабарларға жекелендірілген жауаптарды ұсынатын «Ұсынылған жауаптар»³ арқылы жүрісте жауап беріңіз. Бірнеше қарапайым кілт сөздер негізінде электрондық хаттар мен әлеуметтік желі жазбаларын жасайтын «Мәтін генераторы»⁴ көмегімен өнімді болыңыз, және PDF қабаттасуы бар жаңа аударма функциясын, сондай-ақ аудио файл транскрипциясын ұсынатын Note Assist⁵. Photo Assist⁶ көмегімен шығармашылық әлеует күшейеді – бұл кәсіби деңгейдегі контентті оңай жасауға арналған жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін өңдеу құралдарының жиынтығы. Сонымен қатар, енді Auto Zoom⁷ функциясын қолдайтын FlexCam автоматты түрде қолсыз автоматты түрде мінсіз селфи кадрларын жасайды.

 

Galaxy Z Fold6 және Flip6 – Z сериясының ең жұқа, ең жеңіл және төзімді телефондары. Дисплей негізгі экранда беріктікті қамтамасыз етіп қана қоймай, иілу сызығын айтарлықтай жақсартатын жаңғыртылған қабаттармен жақсартылды. Galaxy Z Fold6 жаңа экран арақатынасын ұсынып, қолға табиғи түрде сәйкес келеді, ал Galaxy Z Flip6 – бұл флагмандық деңгейдегі камера, батареяның ұзартылған қызмет ету мерзімі және тарихта алғаш рет – жо5ары өнімділік үшін буланғыш камерасы.

 

Жасанды интеллект негізіндегі жетілдірілген Galaxy экожүйесі

 

Galaxy Watch желісіндегі ең жаңа толықтырулар Samsung компаниясының Galaxy AI арқылы цифрлық денсаулықты және күнделікті сауықтыруды жақсарту жөніндегі көзқарасының орталығы болып табылады. Galaxy Watch Ultra және Galaxy Watch7 метаболикалық денсаулықты жақсырақ түсіну үшін алғаш рет гликацияның соңғы өнімдерін (AGEs)⁸ бақылауға мүмкіндік береді, және қос жиілікті GPS⁹ орналасқан жеріңізді бұрынғыдан да дәлірек қадағалайды, осылайша сіз үлкен қалалардан шаңды жолдарға дейін барлық жерде жаттыға аласыз.

 

Galaxy Buds3 сериясы заманауи және ұқыпты стильге арналған жаңа талғампаз корпус дизайнын ұсынады. Сондай-ақ, Galaxy Buds3 Pro үшін Canal Type және Buds3 үшін Open Type нұсқалар арасында қалауына қарамастан, барлығына сәйкес келетін жұп табылады. Ultra High Quality Audio¹⁰ әрбір дыбыстың керемет егжей-тегжейлігін қамтамасыз етеді, Super-Wideband Call¹¹ функцияның арқасында телефон қоңыраулары тіпті шулы орталарда тамаша сапада естіледі.

 

Қолжетімділік

 

Galaxy Z Fold6, Galaxy Z Flip6, Galaxy Watch Ultra, Galaxy Watch7 және Galaxy Buds3 сериясы 2024 жылдың 24 шілдесінен бастап дүние жүзінде қолжетімді болады.¹²

 

Galaxy Z Fold6 қара көк, қызғылт және сұр түстерде қол жетімді. Galaxy Z Flip6 сұр, сары, көгілдір және жалбыз түстерде ұсынылған.

 

Galaxy Watch Ultra 47 мм өлшемді сұр титан, ақ титан және күміс титан түстерінде қол жетімді. Galaxy Watch7 екі өлшемде қол жетімді – 40 мм және 44 мм. Түс нұсқаларын таңдаңыз: 40 мм үшін жасыл және сарғыш, 44 мм үшін жасыл және күміс.

 

Galaxy Buds3 сериясы екі түсте қол жетімді – күміс және ақ.

 

Қосымша ақпаратты осы сайттардан ала аласыз: Samsung Newsroom немесе Samsung.com.

 

1 Кейбір Samsung AI функцияларын пайдалану үшін Samsung тіркелгісіне кіру қажет болуы мүмкін. Samsung жасанды интеллект функцияларымен қамтамасыз етілген нәтижелердің дәлдігіне, толықтығына немесе сенімділігіне қатысты ешқандай уәде, мәлімдеме немесе кепілдік бермейді. Galaxy AI функцияларының қолжетімділігі аймаққа/елге, OЖ/One UI нұсқасына, құрылғы үлгісіне және байланыс операторға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Құрылғы үлгісіне байланысты кейбір мүмкіндіктер қол жетімді болмауы мүмкін. Galaxy AI жасанды интеллектті пайдалану үшін жас шектеулері бар кейбір аймақтарда кәмелетке толмағандар үшін шектелуі мүмкін. Galaxy AI функциялары 2025 жылдың соңына дейін қолдау көрсетілетін Samsung Galaxy құрылғыларында тегін қолжетімді болады. Үшінші тараптар ұсынатын жасанды интеллект функциялары өзгеше шарттарға бағынуы мүмкін.
2 «Аудармашы» Samsung тіркелгісіне кіруді талап етеді. Кейбір тілдер тіл бумасын жүктеп алуды талап етуі мүмкін. Қызметтің қолжетімділігі тілге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді. Қолжетімділік пен қолдау көрсетілетін функциялар елге, аймаққа немесе байланыс операторға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Қолдау көрсетілетін тілдердің қолжетімділігі әртүрлі болуы мүмкін.
3 Chat Assist үшін «Ұсынылған жауаптар» функциясы хабарларды қабылдау үшін желіге қосылуды қажет етеді. Ол хабарламалар құрылғыға түскеннен кейін онлайн және офлайн режимінде жауаптар ұсына алады. Samsung тіркелгісіне кіруді талап етеді. Қызметтің қолжетімділігі тілге және қолданбаға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
4 «Мәтін генераторы» желі қосылымын және Samsung тіркелгісіне кіруді қажет етеді. Қызметтің қолжетімділігі тілге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
5 Note Assist желі қосылымын және Samsung тіркелгісіне кіруді қажет етеді. Қызметтің қолжетімділігі тілге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Samsung Notes қолданбасындағы «Дауысты жазу» функциясына кейбір елдерде қолдау көрсетілмеуі мүмкін. «Жалпылау» функциясы белгіленген шектен аспайтын таңбалардың белгілі бір саны терілгенде іске қосылады. Аудио файлдардың ұзақтығы 3 сағаттан аспауы керек. Нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді. Құпия сөзбен қорғалған PDF файлдары үшін аударма қабаттасуына қолдау көрсетілмейді.
6 Photo Assist функциясы желіге қосылуды және Samsung тіркелгісіне кіруді қажет етеді. Generative Edit функциясын пайдаланып өңдеу 12 МП-қа дейінгі өлшемдегі фотосуреттерді түсіруге мүмкіндік береді. Сақталған кезде кескінге көрінетін су таңбасы қолданылады, бұл кескіннің жасанды интеллект арқылы жасалғанын көрсетеді. Алынған нәтижелердің дәлдігі мен сенімділігіне кепілдік берілмейді.
7 Auto Zoom мүмкіндігі аз жарық жағдайында шектелген. Auto Zoom режимі масштабтауды қолмен реттегенде немесе алдыңғы және артқы камералар арасында ауысқанда өшіріледі.
8 AGEs индексін бақылау тек Galaxy Watch7 және Galaxy Watch Ultra құрылғыларында қолжетімді. Galaxy Watch сағатында IEC62471 қауіпсіздік ережелерімен белгіленген шекте жұмыс істейтін жарық датчиктерін пайдаланады. Дегенмен, фотосезімтал терісі бар адамдар тері түсінің өзгеруі немесе бөртпе сияқты жарыққа жағымсыз реакцияларды сезінуі мүмкін. Егер сізде фотосезімталдық белгілері болса, бұл функцияны пайдаланбаңыз. AGEs индексінің бақылауы тек фитнес және сауықтыру мақсаттарына арналған және қандай да бір ауруды диагностикалау немесе емдеу үшін емес. Денсаулығыңыз туралы алаңдасаңыз, денсаулық сақтау маманынан кеңес алыңыз.
9 GPS дәлдігі желі ортасына және басқа факторларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. GPS функциясы Интернет қосылымын қажет етеді. Жұптастырылмаған смартфонсыз LTE үлгілерінде пайдалануға болады. LTE-сіз үлгілер жұптастырылған смартфонға Bluetooth қосылымын қажет етеді.
10 24 бит/96 кГц дейінгі ультра жоғары сапалы дыбыс One UI 6.1.1 немесе одан жоғары нұсқасы бар Galaxy S24, S23, Z Fold6, Z Flip6, Z Fold5, Z Flip5 және Tab S9 сериялы құрылғыларында қолжетімді.
11 Super-Wideband функциясы 16 кГц-ке дейінгі диапазонда дауысты жіберуге мүмкіндік береді, ал алдыңғы BT-құлаққаптары тек 8 кГц диапазонында дауысты таратады.
12 Қолжетімділік елге және тасымалдаушыға байланысты өзгеруі мүмкін.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Ұялы құрылғылар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары