Samsung қолданудың қарапайымдылығын жақсарта отырып, One UI 8.5 бета нұсқасын шығарады
One UI соңғы нұсқасы бүкіл Galaxy экожүйесінде жоғары өнімділікті, құпиялылықты және жылдам әрекеттенуді жақсартады
Samsung Electronics Co., Ltd. онда шығармашылық, байланыс және қауіпсіздік үшін жаңа және қарапайым тәжірибелер ұсынылатын One UI 8.5 бета нұсқасын іске қосқанын жариялады. One UI 8.5 тұтынушыларға құрылғымен жұмыс істеуді жеңілдететін және қауіпсіздікті жақсартатын жаңартулардың арқасында аз күш жұмсап көбірек жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
One UI 8.5: Контент жасауда қандай жаңалық болды?
One UI 8.5 контент жасауды және бөлісуді басынан аяғына дейін түйсікті етеді. Жаңартылған Фото бойынша көмекші1 көмегімен -тұтынушылар үздіксіз жаңа суреттер жасай алады. Олар әрбір нұсқаны сақтамай-ақ, Фото бойынша көмекші кеңейтілген мүмкіндіктерін пайдаланып фотосуреттерді үздіксіз өңдей алады. Аяқтағаннан кейін, олар өңдеу тарихындағы барлық туындыларын оңай қарап шығып, сақтау үшін ұнататындарын таңдай алады.

Жылдам жіберу2 функциясының жақсартылғандығының арқасында бөлісу оңайырақ, ол енді фотосуреттердегі адамдарды таниды және оларды тікелей сол байланыстарға жіберуді ұсынады.

One UI 8.5 қалайша құрылғыларды қосуды жақсартады?
Жаңа құрылғылар арасындағы мүмкіндіктер тұтынушыларға файлдарды ұйымдастыру, желіге кіруді ортақ пайдалану немесе жақын маңдағы құрылғылармен деректер алмасу қажет болса да, құрылғыны басқаруды жеңілдетеді. Аудио-ағын3 Auracast арқылы жақын маңдағы LE Audio қолдайтын құрылғылармен оңай қосылуға мүмкіндік береді. Медиа көздерден алынған аудиодан басқа, тұтынушылар енді Galaxy телефонындағы кіріктірілген микрофонды пайдаланып дауыстарын тарата алады, бұл турлар немесе іс-шаралар сияқты топтық жағдайлар үшін өте қолайлы.

Жадқа ортақ қол жеткізу4 басқа Galaxy құрылғыларындағы файлдарды, соның ішінде планшеттер мен ДК-ді тікелей «Менің файлдарым» қолданбасында көрсету арқылы Galaxy экожүйесінің одан да икемділігін қамтамасыз етеді. Бұл сонымен қатар тұтынушыларға телефондарындағы файлдарға басқа Samsung құрылғыларынан, соның ішінде теледидардан қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Менің Galaxy құрылғым қалайша қорғалға күйінде қалады?
One UI 8.5 құрылғыларды қорғауды күшейтеді және тұтынушыларға қауіпсіздік баптауларын нақтырақ басқаруға мүмкіндік береді. Ұрлықтан қорғау телефондар мен олардың деректері жоғалған немесе ұрланған жағдайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қосымша қорғаныс үшін, аутентификация сәтсіз болған кезде, саусақ ізі, PIN немесе құпия сөз арқылы жеке басын растау үшін тым көп сәтсіз әрекеттер орын алса, экран автоматты түрде бұғатталады. Түпнұсқалылықты тексерген кезде, бұрынғыға қарағанда көбірек баптаулар сақталады, бұл қосымша қорғаныс қабатын қамтамасыз етеді.

Қолжетімділік
One UI 8.5 бета-нұсқасы алғаш рет 8 желтоқсаннан бастап S25 сериялы Galaxy тұтынушыларына Германия, Үндістан, Корея, Польша, Ұлыбритания және АҚШ-ты қоса алғанда, белгілі бір нарықтарда қолжетімді болады. Galaxy тұтынушылары Samsung Members қолданбасы арқылы бета-тестілеу бағдарламасына қатысуға өтінімді бере алады.
1 Фото бойынша көмекшіде AI-редакторы функциясын өңдеу үшін желіге қосылу және Samsung есептік жазбасына кіру қажет. AI-редакторы функциясын өңдеу кезінде фотосуреттің өлшемін өзгертуге болады. Сақталған кезде кескіннің жасанды интеллект арқылы жасалғанын көрсететін көзге көрінетін су белгісі қойылады. Экрандағы сурет түсінікті болу үшін модельденген. Нақты UX/UI әр түрлі болуы мүмкін.
2 Android UI 2.1 немесе одан жоғары, Android Q OS немесе одан жоғары нұсқасы орнатылған құрылғыларда қол жетімді. Деректерді жылдам бөлісу үшін қуат тұтынуы төмен Bluetooth және Wi-Fi қосылымы қажет. Нақты жылдамдық құрылғыға, желі күйіне және пайдаланушы ортасына байланысты өзгеруі мүмкін. Экрандағы сурет түсінікті болу үшін модельденген. Нақты UX/UI әр түрлі болуы мүмкін.
3 Тек Galaxy S25 сериялы, соның ішінде Galaxy S25, S25+ және S25 Ultra құрылғыларында қол жетімді. Экрандағы сурет түсінікті болу үшін модельденген. Нақты UX/UI әр түрлі болуы мүмкін.
4 Әр құрылғыда бірдей Samsung есептік жазбасына кіру керек, сонымен қатар Wi-Fi және Bluetooth қосулы болуы керек. Жаңартылған Galaxy телефондары мен планшеттері One UI 7 немесе одан кейінгі нұсқасы және 5.15 немесе одан кейінгі ядросы, сондай-ақ Galaxy Book2 немесе одан кейінгі нұсқасы (Intel), Galaxy Book4 немесе одан кейінгі нұсқасы (Arm) және Samsung Smart TV моделі, соның ішінде U8000 және одан жоғары, 2025 жылдан кейін шығарылған. Мүмкіндіктердің қол жетімділігі құрылғының аймағына және моделіне байланысты өзгеруі мүмкін. Экрандағы сурет түсінікті болу үшін модельденген. Нақты UX/UI әр түрлі болуы мүмкін.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.