Samsung және Liberty аңыз болған британдық дизайнер жұмыстарын Samsung Art Store галереясында ұсынады
Жаңа серіктестік аясында бүкіл әлем бойынша Samsung Art Store тұтынушылары Liberty мұрағатынан 20 туындыны көре алады
Samsung Electronics компаниясы аты аңызға айналған британдық Liberty дизайн үйімен ынтымақтастық туралы жариялады. Осы серіктестік аясында Samsung Art Store сандық галереясында Liberty-дің ең танымал және белгілі 20 туындысының1 мұқият таңдалған жинағы пайда болды. Енді бүкіл әлемдегі Samsung Art TV тұтынушылары өз үйлерін сәнге, тарихқа және көркемдік әсерлілікке толы дизайн жұмыстарымен безендіре алады.
Бұл серіктестік цияфрлық өнер пішіміндегі брендтің аңызға айналған дизайндарын ұсына отыра, Samsung Art TV теледидарының мәнерлілігін және Liberty бай мұрасын біріктіреді. Samsung кураторлары, үлкен сандық экрандарда – жанды, жарқын және бөлшектерге толы барынша әсерлі көрінетін өрнектерді таңдау үшін Liberty – дің ішкі тобымен тығыз жұмыс істеді.
«Бұл серіктестік британдық дизайнның әлеуетін жаңа жолмен ашуға деген ортақ ұмтылыстың нәтижесі болды, – деді Samsung UK серіктестік бойынша менеджері Рейчел Робертс (Rachael Roberts). – Қазіргі уақытта Samsung Art Store дүкенінде басқа бірде-бір Британдық дизайн үйі ұсынылмаған және оның бірегей мәнерін жаһандық аудиторияға жеткізу үшін Liberty тамаша серіктес ретінде көрінді».

▲ Samsung-тан The Frame-да 2025-те ұсынылған Artemis (2023) деп аталатын ең танымал Liberty туындыларының бірі.
1875 жылы негізі қаланған Liberty бренді бұрыннан британдық шығармашылық пен шеберліктің символы болып саналды. Оның ерекше іздері мен дизайн инновацияларының бай тарихы өнерде, сәнде және интерьер дизайнында жарқын із қалдырды. Жаңа топтамада – классикалық Liberty дизайнының батыл ботаникалық интерпретациясы Artemis принті басты орын алады. Жинақ 100 жылдан астам тарих пен шығармашылықты қамтиды, соның ішінде Сиқырлы Enchanted Wood ғажайып өрнегімен қатар және де жарқын, қанық Jungle Trip.
«Liberty-де біз әрқашан тарихты баяндайтын, және де сондай-ақ уақыт өте келе дамып келе жатқан оқиғалар сияқты болатын дизайнға сендік, – деп атап өтті Liberty дизайн тобының жетекшісі Пере Бруак (Pere Bruach). – Samsung-пен ынтымақтастық бізге ең танымал басылымдарды жаңа өлшем бере отырып, «жанды» өнер ретінде қайта қарастыруға мүмкіндік берді. Бұрын жібек мата мен қағазда болған нәрсе қазір цифрлық кеңістікке көшті және – Liberty рухын және ою-өрнектің мәңгілік сұлулығын адамдардың күнделікті өміріне әкеледі».

▲ The Frame Pro 2025 теледидары Liberty 2025 күз/қыс топтамасынан Marina’s Tea Garden көрсетеді. Бұл батыл гүл ою-өрнегі гуашь соққыларының қанық түстері мен нәзік реңктерін жеткізу үшін мұқият қайта жасалды. Samsung Art Store үшін арнайы жасалған цифрлық өнер туындысы ретінде қол жетімді, ол Британдық сүйкімділіктің сипатын, тарихын және жанасуын тұрғын үй кеңістігіне әкеледі.
Топтамада ұсынылған 20 Liberty туындыларының арасында – 2025 жылдың күзгі-қысқы топтамасынан Artemis, Marina’s Tea Garden, Fantasy Land және My Grown Up Star сияқты көрнекті дизайндар бар. Әрқайсысы кеңістікті шынайы Британдық сүйкімділіктің сипатымен, тарихымен және ноталарымен толтыру үшін Samsung Art Store сандық өнер форматына бейімделген.
«Samsung Art Store үшін дизайнды таңдағанда, біз Liberty-дің виртуалды тілін бәрінен де жақсы жеткізетіндерді іздедік», – деп қосты Бруак. – 1930 жылдардағы ностальгиялық флоралық мотивтерден және қолмен боялған ботаникалық иллюстрациялардан эклектикалық геометриялық композициялар мен ертегі пейзаждарына дейін бүкіл жинақ Liberty – дің көп қырлы шығармашылық мұрасын көрсетеді. Мысалы, Artemis The Frame үшін табиғи таңдау болды – ол біздің екі белгімізді біріктіретін дәстүр мен қазіргі заманның үйлесімін білдіреді».
«Liberty – өзінің сторителлинг мұрасының арқасында тамаша серіктес, – деп атап өтті Робертс. – Art Store жобасындағы біздің миссиямыз – адамдардың өмірін мағынаға толтыратын өнер мен дизайнды қол жетімді ету. Liberty принттары – күнделікті қуаныш пен ерекше кеңістік сезімін дәл осылай жеткізеді».
Жаңа ынтымақтастық Samsung Art Store дүкенінің әлемдік өнерге қол жетімділікті демократияландыруға деген ұмтылысын көрсетеді. Бүгінде галереяда әлемнің түкпір-түкпіріндегі жетекші мұражайлар мен өнер институттарының 3500-ден астам туындылары бар. Liberty-ден британдық дизайн классикасының пайда болуымен – онда басып шығару дәстүрлері технологиялық инновациялармен сәйкес келетін жаңа тарау басталады.
Liberty туралы
Liberty – бұл өнер, мәдениет, дизайн және сұлулықты іздеуден шабыттанған қозғалыс. Бұл бренд өзінің біртума топтамасымен, батыл дизайн шешімдерімен және қолөнерге деген адалдығымен танымал болды. Негізін қалаушы Артур Лазенби Либертидің рухына сүйене отырып, біз эксцентрикалық табиғатымызға және сапалы дизайнды көпшілікке жеткізуге деген ұмтылысымызға адал болып қаламыз.
1 Liberty жұмыстары Samsung Art Store-да, Үндістаннан басқа қызмет көрсетілетін барлық елдерде қол жетімді.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Бейнебаяндар
Өнімдер > Теледидар мен аудио
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.