Сауалнама: Жаһандық тұтынушылар жасанды интеллектімен бірге тұрмыстық техниканы таңдағанда дербестендіруге, қауіпсіздікке басымдық береді
Адамдар өздерінің тұрмыстық техникасынан не күтеді?
Samsung Electronics жүргізген онлайн-сауалнамаға сай, әлем бойынша тұтынушылар үй жұмыстарын орындауды жеңілдететін, ақылды үйге арналған ЖИ-шешімдерін іздейді.
2024 жылғы 23-28 мамыр аралығында Samsung Оңтүстік Кореяда, Ұлыбританияда және АҚШ-та жасы 20-59 аралығындағы 1 880 қатысушы арасында онлайн-сауалнама жүргізді. Ол тұрмыстық техниканың негізгі сатып алушылары және сатып алу туралы шешімді қабылдайтын басты тұлғаларға бағытталған болатын. Осылайша компания тұрмыстық аспаптарда ЖИ қабылдау және пайдалану болашағы туралы мәліметтерді жинады.
Жасанды интеллектің үйдегі мақсатты рөлі туралы сұрағанда, ең көп тараған жауаптар «көмек/пайдалы/қолдау» (379 жауап), «тазалау» (259), «пісіру» (181), «автоматты» (178) және «жеңіл/қарапайым» (144) болды.
ЖИ тұрмыста қолдануда күтілетіндер
Бұдан бөлек, кейбір сұхбаткерлер басты фактор ретінде қауіпсіздікті атап өтті. Олар ЖИ бірге тұрмыстық техника тек қана тұрмыстағы жүктемені азайтып қана қоймай, сонымен бірге үй қаіпсіздігін қамтамасыз етеді деп күтуде.
Осы мақаламызда компанияның жасанды интеллект және қосылу мүмкіндігін қолдана отыра, тұтынушылар сенімді қорғанысқа ие бола отыра, күнделікті тапсырмаларын жеңіл шеше алатындай етіп, АI Home жүйесін қалай жетілдіріп жатқанын қарастырамыз.
Интуитивті түсінікті және байланысты тәжірибе
Cауалнама тұрмыстық техниканы басқарудағы қарапайым және түйсікті басқару элементтерге деген жоғары ұсынысты көрсетті. Жасанды интеллектпен өзара әрекеттесудің қолайлы тәсілдері туралы сұрағанда сұхбаткерлер көбінесе «дауыс/айту/сөйлеу» (203 жауап), одан кейін «көмек/пайдалы/қолдау» (175), «ыңғайлылық/жайлылық» (155) және «бақылау» (128) атап өтті.
ЖИ арқылы тұрмыстық техникамен өзара әрекеттесуден күтілетіндер
Samsung компаниясының жасанды интеллектпен жұмыс істейтін тұрмыстық техникасы Bixby жетілдірілген дауыстық көмекшісімен және кіріктірілген дисплейлер арқылы үздіксіз қосылыммен пайдаланудың ең қарапайымдылығын қамтамасыз етеді. Bixby контекстті талдау және сөйлесулерді есте сақтау қабілетінің арқасында пайдаланушылар құрылғыларын оңай басқара алады.
Осы жылы Bixby алғаш рет Bespoke AI1 ыдыс жуу машинасына кіріктірілді.Бұдан бөлек AI Family Hub+ бірге Bespoke AI Hybrid тоңазытқыштарына, 2025 жылғы жаңа кір жуу және кептіру машиналарына дауыстық басқару мүмкіндігі кіріктіріледі. Бұл әр отбасы мүшелері үшін өзара әрекеттесудің жекелендірілген тәжірибесін жасайды2.

▲ Samsung Electronics стендінің келушілері CES 2025 аясында Bixby көмегімен тұрмыстық техниканы басқару мүмкіндіктерімен танысуда.
Кіріктірілген экранымен инновациялық құрылғы көмегімен ақпараты басқару және оған рұқсат алу оңай.
Bespoke AI Hybrid с Kitchen Fit3 тоңазытқышы онда жекелендірілген ақпаратпен, мысалы ауа райымен, күн кестесімен және тамақтану бойынша ұсыныстармен Daily Board көрінетін AI Home 9-дюймдік экранымен жабдықталған.
Дәл осы кезде, Bespoke AI Laundry Combo 20254 кір жуу-кептіру машинасындағы AI Home 7-дюймдік экраны хаб ретінде қолданылады да, бөлек хаб талап етпей, тұтынушыларға SmartThings-қа және Заттар Интернеті құрылғыларына қосылған тұрмыстық аспаптарды басқаруға мүмкіндік береді5.
ЖИ бірге тұрмыстық техника аз шығынмен, көп атқарымдылыққа ие болуы тиіс
Көптеген сұхбаткерлер ресурстардың сақталуына үлкен қызығушылық танытты. Жасанды интеллекттің ең маңызды функциялары туралы сұрағанда, АҚШ (67%), Ұлыбритания (59%) және Оңтүстік Кореядағы (49%) сұхбаткерлердің арасында «ресурстарды тұтынуды азайту» жоғары орынға ие болды6.
Жасанды интеллектпен бірге Samsung жаңа тұрмыстық техникасы — жетілдірілген құрылғы, ЖИ және SmartThings арқасында өнімділік және энергия тиімділігін арттырады.
Жаңа Bespoke AI кір жуу-кептіру машиyfcs алдыңғы үлгімен салыстырғанда кептіру уақытын шамамен 20 минутқа қысқартады, Super Speed (жылдамдатылған кір жуу) циклінің көмегімен жуу және кептіру циклін небәрі 79 минутта7 аяқтайды. Сонымен қатар, Bespoke AI Hybrid тоңазытқышы максималды энергия тиімділігімен жылдам салқындату үшін компрессор мен Пельтье8 модулін пайдалану арқылы салқындату мен энергияны үнемдеуді оңтайландырады.
ЖИ көмегімен үйді қауіпсіздеу жасаймыз
Сұхбаткерлер ЖИ базасындағы қауіпсіздік мүмкіндіктері олардың үйлерін және отбасыларын қорғайды деп күтеді. «Қауіпсіздік\қорғалғандық» ЖИ-пен тұрмыстық техниканың өзара әрекеттесуінің басты факторы деп жиі аталып өтті.
Осы тапсырмалардың шешімі ретінде Samsung өзінің барлық ақылды техникасын зиянды БҚ секілді сыртқы қауіптерден тұтынушылық деректерлі қорғайтын Samsung Knox9 фирмалық қауіпсіздік шешімімен жабдықтайды.

▲ Чон-Хи Хан (Jong-Hee Han), Samsung Electronics компаниясының вице-төрағасы, бас директоры және DX (Device eXperience) бөлім меңгерушісі Samsung Knox туралы айтады
Осы жылы компания Knox Matrix10 қауіпсіздік жүйесін кеңейтеді. Ол қосылған құрылғылардың бір-бірінің қауіпсіздік мәртебесін бақылауға мүмкіндік беретін блокчейн технологиясына негізделген. Жүйе 7- және 9-дюймдік экрандарымен тұрмыстық техникаға, сондай-ақ робот-шаңсорғышқа кіріктірілетін болады.
Knox Matrix бақылау панелі Samsung 202511 тұрмыстық техникасы топтамасында ұсынылатын болады және тұтынушыларға барлық қосылған құрылғылардың қауіпсіздік мәртебесін қадағалауға, сондай-ақ ықтимал қауіптер туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, осы жылы Samsung кіріктірілген экрандарымен тұрмыстық техникаға және и робот-шаңсорғыштарға Knox Vault -ты кіріктіреді12. Бұл жүйе қауіпсіздіктің бөлінген ақпараттық чипінде тұтынушылардың құпия деректерін, мысалы құпия сөздер және биометриялық ақпаратты сенімді түрде сақтайды. Мұндай қадам оларды ұрлаудан және бұзу әрекетінен қорғайды.
Экрандары мен шолғышты қолдауы бар құрылғылар дәстүрлі құпия сөздерді саусақ ізі немесе смартфондар арқылы бет-әлпетті тану сияқты биометриялық аутентификацияға ауыстыруға мүмкіндік беретін кіру пернелерімен жабдықталады. Бұл қауіпсіз және ыңғайлы кіруді қамтамасыз етеді13.
«ЖИ ғаламдық қызығушылықтың артуымен бірге көптеген тұтынушылар ЖИ базасындағы тұрмыстық техника арқасында жақсартылған тұтынушылық тәжірибені күтуде, — деді Samsung Electronics компаниясының (Digital Appliances) тұрмыстық техникасы бөлімшесінің Customer eXperience (CX) Insight тоьының басшысы Бона Ли. — Біз күнделікті өмірді ыңғайлы және қауіпсіз ете түсу үшін клиенттердің қажеттіліктерін және Bespoke AI инновациялық шешімдерін зерттеуді жалғастырамыз.
Samsung Bespoke AI 2025 өнімдері топтамасын наурыздың соңында «Welcome to Bespoke AI» іс-шарасында ұсынады.
1 Сатылымның басталуы, үлгі және қолжетімді мүмкіндіктер елге қарай әр түрлі болуы мүмкін.
2 Басталуы Smart Forward арқылы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған. Bixby дауысты тану мүмкіндігімен жұмыс істейтін Family Hub байланысқан Samsung тіркелгісімен синхрондалады, бұл сізге кестеңізге, телефон орналасқан жеріңізге, фотосуреттерге және т.б. қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Күнтізбе» қолданбасы Google және Microsoft компанияларымен интеграцияны қолдайды. Bixby дауысты тану Tizen OS экрандары бар құрылғыларда қолжетімді болады, бірақ Tizen Lite ОЖ жұмыс істейтін 4,3 дюймдік экраны бар кір жуғыштар мен кептіргіштерде қолдау көрсетілмейді.
3 Сатылымның басталуы, үлгі және қолжетімді мүмкіндіктер елге қарай әр түрлі болуы мүмкін.
4 Сатылымның басталуы, үлгі және қолжетімді мүмкіндіктер елге қарай әр түрлі болуы мүмкін.
5 Wi-Fi, Zigbee, Matter және Thread ұстайды.
6 Жеке маңыздылық көрсеткіші жеті санатқа бөлінеді, оның жоғарғы екеуі талдау үшін жинақталады.
7 50% мақта, 50% полиэстер матадан жасалған DOE стандартты сынағына сай, нақты жылдам жуу уақыттары киім түріне, ылғалдылық деңгейіне, жүктеме сипаттамаларына және өлшеміне байланысты өзгеруі мүмкін.
8 Пельтье модулі төмендегі жағдайлардың бірінше жұмыс жасайды:
— Тоңазытқыштағы температура қаолыпты көрсеткіштерден асып кетсе.
—ЖИ тұтынушының тоңазытқышты пайдалану үлгілерін талдағанда, ол белгілі бір кезеңдегі температураны болжайды және өнімдерді жаппай жүктеу немесе тазалау сияқты сценарийлерді анықтайды.
9 Samsung Knox Samsung ақылды техникасына 2018 жылдан бастап кіріктірілген.
10 2025 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша Knox Matrix Credential Sync AI Family Hub+ бар 2024 жылғы Bespoke AI Hybrid тоңазытқышында іске асырылды.
11 2025 жылғы AI Family Hub+ Bespoke AI Hybrid тоңазытқышы және 7- және 9-дюймдік экранымен тұрмыстық техника.
12 2025 жылғы AI Family Hub+ Bespoke AI Hybrid тоңазытқышы және 7- және 9-дюймдік экранымен тұрмыстық техника.
13 FIDO (Fast Identity Online) халықаралық стандартты пайдаланатын веб-сайттар үшін кіру кілтінің аутентификациясын қолдайды.
Өнімдер > Тұрмыстық техника
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.