Solve for Tomorrow байқауы аясында үздік жасөспірім стартапшылар анықталды

24.09.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

 

Solve for Tomorrow атты республикалық стартап байқауы аяқталды. Бұл Samsung Electronics компаниясы Қазақстанда төртінші жыл қатарынан жасап, жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жоба. Серіктес – «Аяла» жеке қайырымдылық қоры. 21 қыркүйекте Астанада қазақстандық жоғары сынып оқушылары қатысқан ақтық сайыс өтті.

 

Ағымдағы Solve for Tomorrow байқауы 6 айдан астам уақытқа созылды. Биыл Қазақстанның барлық аймақтарынан 2500-ден астам мектеп оқушыларының рекордтық көлемін біріктіре алды. Қатысушыларға ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) көмегімен өзекті әлеуметтік мәселенің шешімін табу ұсынылды. Мұқият іріктеуден кейін жартылай финалға 35 команда шықты. Тәлімгерлік сабақтарының қорытындысы бойынша 10 команда финалдық кезеңге өтті. Олар дайын жобаларын таныстыру үшін Астанаға шақырылды.

 

 

Жобаларды қорғау және марапаттау рәсімі Астана IT университеті Astana IT University-де өтті. Студенттердің жұмысын IT саласындағы сарапшылар бағалады: CodiPlay, QazInnovations және т.б. Шараға ҚР Цифрлық даму министрлігі мен Samsung Electronics компаниясының өкілдері де қатысты. Биылғы жылы бәсекелестік өте жоғары болды, сайыскерлер мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдететін, ауыл шаруашылығы саласы мен қоршаған ортадағы мәселелерді шешуге көмектесетін әзірлемелерді ұсынды.

 

 

Жобаларды мұқият қарастырып, талдау нәтижесінде жүлделі орындарға 4 команда ие болды.

 

  • 1 орын мен 4 миллион теңге жүлдені BIL Astana лицей-интернатының командасы жеңіп алды. Жоғары сынып оқушылары «KazRobotiX» жобасын ұсынды. Бұл егістіктерді өңдеуге және мол өнім жинауға көмектесетін робот.
  • 2 орын және 2,5 млн теңге Алматы НЗМ мектеп оқушыларына бұйырды. Олардың «Jana Arba» жобасы мүмкіндігі шектеулі адамдарға жолдағы кедергілерді оңай өтуге мүмкіндік береді.
  • 3 орын және 1 миллион теңге Тараз НЗМ екі командасына бұйырды. Бірінші команда ақылды омартаны ұсынды, екіншісі – тілді пайдалана отырып, әртүрлі техникалық құрылғыларды басқаруға мүмкіндік беретін құрылғы: компьютерден мүгедектер арбасына дейін.

 

 

Қалған командалар да назардан тыс қалмады. Байқаудың финалына шыққаны үшін әрқайсысына 300 000 теңгелік сертификаттары берілді.

 

«Solve for Tomorrow – бұл жай ғана жарыс емес. Бұл айналадағы әлемді өзгертуге ұмтылатын пікірлестердің одағы. Жыл сайын қатысушылар санының қарқынды өсіп келе жатқанына қуаныштымын. Біз қазақстандық жасөспірімдердің мұндай бастамаларын әрқашан қуана қолдайтын боламыз». – деп атап өтті Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының Corporate Communication бөлімінің басшысы Берік Умаров.

 

 

 

Мектеп оқушылары үшін барлығы байқауға қатысумен шектелмейді. Болашақта олар өз жобаларын әзірлеуде Samsung Electronics компаниясынан жан-жақты қолдау алады. Жоба туралы толық ақпаратты solvefortomorrow.kz ресми сайтынан алуға болады.

 

Компанияның жаңалықтары > Әлеуметтік жобалар

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Жүктеу

  • 9.jpg

  • 7.jpg

  • 6.jpg

  • 4.jpg

  • 5-2.jpg

  • 3.jpg

  • 2.jpg

  • 1.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары