Solve for Tomorrow жобасы жаңа қазақстандық болашақты анықтайтын мамандарды шығарды
Samsung Electronics компаниясының жобасы болашақ IT-мамандардың фабрикасы жас стартаперлерді тәжірибе жүзінде дайындау бойынша 2023 жылдың жазғы курсын табысты аяқтады.
9 қыркүйекте Solve for Tomorrow республикалық байқауының финалы өтті, оған қазақтандық жоғары сынып оқушылары қатысты. Бұл әлеуметтік жоба Samsung Electronics компаниясының басшылығымен Қазақстанда үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатыр. «Аяла» жеке қайырымдылық қоры жобаның серіктесі болды. Solve for Tomorrow бағдарламасының негізі 2009 жылы АҚШ-та қаланды, содан бері бүкіл әлем бойынша 23 елді қамтыды.
SFT қатысушылары алты ай бойы бастапқы идеяны ойлап табудан бастап тікелей жүзеге асырғанға дейінгі өз стартаптары бойынша жұмыстарды атқарды. Олардың міндеті ғылымның, технологияның, инженерлік істің және математиканың (STEM) көмегімен маңызды әлеуметтік мәселелердің шешімін табу болды. Осы жылы 1600 астам оқушы қатысуға өтінімдерді жіберді, олардан 115 адам 33 команданың құрамында жартылай финалға өтті. Финалға тоғыз команда түсті, олар өздерінің жобаларын қорғау үшін Астанаға шақырылған еді.
Жобаны қорғау және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Astana IT университетінде өтті, онда құрметті қонақтар – білікті қазылар алқасының мүшелері, министрліктердің және Қазақстандағы Samsung Electronics компаниясының өкілдері шақырылды. Биыл таңдалған тақырыптардың арасында халық арасында инфекциялардың таралуы, Брайль принтерінің қол жетімділігі, өрттердің таралуы, соқыр адамдардың бағдар табу, аутизмі бар адамдарға көмектесу проблемалары және т.б. сияқты мәселелер болды.
Сыни талқылаудан кейін қазылар алқасының мүшелері күрделі таңдау жасады және келесі жеңімпаздарды анықтады: 1 орынды және 4 млн. теңге мөлшеріндегі жүлдені Астана қаласының Shabyt командасы жеңіп алды. Балалар AIDAHAR атты өрт сөндіруші роботты ұсынды, ол өрт сөндірушілер қол жеткізе алмайтын жерлерге өтіп, өрт ошақтарын өшіре алады. Екінші орынды және 2,5 млн. теңге мөлшеріндегі жүлде Қарағандыдан келген Full Speed командасына берілді, бұл команда қажет еткен тұлғалар үшін автоматтандырылған мүгедектерге арналған арбашалардың қол жетімділігінің проблемасын шешті. Үшінші орынды және 1 млн. теңге мөлшеріндегі жүлдені бірден екі команда жеңіп алды – Алматы қаласының Balashaqim командасы және Тараз қаласының IMA group командасы. Balashaqim командасы аутизммен сырқаттанған балалар үшін қоршаған адамдардың сезімдерін түсінуге көмектесетін қосымшаны әзірлеп шығарды, ал IMA group командасы қазақ тілінде Брайльді қолдайтын тұңғыш принтерді көпшіліктің алдында көрсетті. Қалған финалға шыққан командалар 300 000 теңге мөлшеріндегі сыйлықты алды. 2023 жылы Solve for Tomorrow жобасының жүлделік қоры 10 млн. астам теңгені құрады.
Жеңімпаздар Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Тілеушиннің қолынан және Жоғары білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі Камиль Акатовтың қолынан чекті алды.
«Solve for Tomorrow жобасы қатысушылардың тек өздерінің инновациялық ойлауға деген қабілеттерін көрсететін платформасы ғана емес, ол сондай-ақ қоршаған әлемге шынайы өзгерістерді алып келетін жер» – деді Қаныш Тілеушин. Оның сөзіне сәйкес балалар болашақтың көшбасшылары және олардың IT-саласына қосқан үлесі біздің әлемді жақсы жаққа өзгерте алады.
Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Минки Чу мырза жобаның барлық қатысушыларына бүкіл әлем бойынша адамдардың өмірін жақсартуға көмектесетін ойларын жүзеге асыруда одан әрі табысқа жетуді тіледі.
Келесі жылы Samsung компаниясы Solve for Tomorrow жобасына кезекті іріктеуді жариялайтын болады, ол 13 жастан 18 жасқа дейінгі дарынды жастарға өздерін көрсетуге және шабыттандыратын өзгерістердің бір бөлігі болуға мүмкіндікті ұсынады.
Компанияның жаңалықтары > Әлеуметтік жобалар
Компанияның жаңалықтары > Корпоративті жауапкершілік
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.