Стартаптар фабрикасы: 2500-ден астам қазақстандық мектеп оқушылары STEM жобаларын ұсынды
Samsung Electronics компаниясының Solve for Tomorrow республикалық стартап байқауының жаңа маусымы басталды. Ayala қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба төртінші жыл қатарынан өткізілуде және бұл жолы үміткерлердің рекордтық санын жинады. Жарысқа қатысуға 2500-ден астам жоғары сынып оқушылары өтініш білдіріп, 10 миллион теңге жүлде қорын сарапқа салады.
Solve for Tomorrow – бұл ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) арқылы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған ұлттық дода болып табылады. Байқау 2009 жылы АҚШ-та құрылып, содан бері әлемнің 23 еліне тарады. Қазақстанда ол енді ғана танымал болып келеді.
Ағымдағы жарыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен 700-ге жуық мектеп командасы өз өтінімдерін жолдады. Бір ай ішінде қазылар алқасының мүшелері оларды мұқият зерттеп, жартылай финалдық кезеңге келешегі бар және ең қызықты 35 жобаны таңдады. Енді жартылай финалистер жаз бойы қарқынды дайындықтан өтеді. Кәсіби тәлімгерлердің көмегімен студенттер идеяларын іске асыру керек. Яғни, дайын стартапты таныстыру мақсатында жобаларын әзірлеп, жетілдірмек.
Бірінші тәлімгерлік сессиясы 22 маусымда өтті. Оған Алматы, Астана, Тараз, Қостанай, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және басқа қалалардан 120-дан астам жоғары сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар дизайн ойлау тәжірибесімен танысып, бұл олардың жобаларының әлсіз жақтарын анықтауға және оларды түзетуге көмектесті. Баяндамашы Қазақстандағы ең үздік дизайн ойлау мамандардың бірі Давид Туганов болды. Ол мектеп оқушыларымен көптеген құпиялар мен лайфхактармен бөлісті.
«Тәлімгерлік сессиясы біз үшін өте пайдалы болды. Біз жобамызға басқаша көзқараспен қарап, оның несі дұрыс емес екенін түсіндік. Дизайн ойлау құралдарын пайдалана отырып, Давид бізге қандай бағытта қозғалу туралы және жобаны қалай пайдалы ету керектігін көрсетті. Жарыстың маған ұнағаны, өйткені мұнда сізді жай ғана бағаламайды, сонымен қатар толық дайындайды. Финалға өте алмасақ та, болашақта бізге көмектесетін баға жетпес білім аламыз». – дейді Алуа Шертаева, Назарбаев Зияткерлік мектебінің ХББ оқушысы, Шымкент қ.
Ең бастысы, Samsung ұшуға, жол жүруге, тұруға және тамақтануға кететін барлық шығындарды өзі көтерді. Компания болашақ стартапшылардың қажетті білім мен тәжірибе алуға толықтай көңіл бөлуі үшін бар күш-жігерін салады.
Алдағы уақытта бетпе-бет оқытудан басқа тағы бірнеше онлайн тәлімгерлік сессиялары мен практикалық семинарлар жоспарланған. Сол жерлерде мектеп оқушылары білімдерін кеңейтіп, арнайы шақырылған IT саласындағы мамандармен тілдесуге мүмкіндік алады.
Тәлімгерлік оқытудың нәтижесі бойынша қатысушылар өз жобаларымен жұмыс істеп, прототиптерін жасайды. Шілде айының соңында сайыскерлер финалдық кезеңге өту үшін күресте қазылар алқасына өз жұмыстарын ұсынуы керек. Байқаудың шешуші кезеңі биыл күзде Астанада өтеді. Үздік топтардың жұмысын дәстүрлі түрде IT саласының сарапшылары мен тиісті ведомстволардың вице-министрлері бағалайды. «Solve for Tomorrow» жарысының жүлде қоры 10 миллион теңгеден асады. Байқау туралы толық ақпаратты solvefortomorrow.kz сайтынан білуге болады.
Компанияның жаңалықтары > Әлеуметтік жобалар
Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.