[Видео] Ішкі көрініс: Samsung компаниясының QLED технологиясы өзінің нақты құндылығын қалай дәлелдейді

22.10.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung Electronics көптеген жылдар бойы, ең алдымен кадмийсіз кванттық нүктелерді әлемде алғаш рет коммерцияландырудың арқасында – дисплей инновациялары саласында көшбасшы болып келеді. Бұл серпінді технология дәл түсті көшіру және ерекше кескін сапасының негізіне айналды. Келесі буын материалы ретінде ол тек теледидар индустриясында ғана емес, сонымен қатар медициналық құрылғылар мен күн батареялары сияқты салаларда да назар аудартты.

 

QLED-теледидарларының пайда болуымен Samsung өз өнімдеріне инновациялық кванттық нүкте технологиясын енгізу арқылы теледидар ұғымын қайта анықтады. Осы ультра ұсақ бөлшектердің қасиеттерімен QLED дисплейлері дәстүрлі LED -теледидарлары үшін қол жетпейтін деңгейге дейін кескін сапасын арттыра отырып, түстердің кең ауқымын және жарықтығын арттырады.

 

Inside TV 2025

▲ Samsung QLED теледидарлары саладағы ең жақсы сурет сапасын, дыбысты, жасанды зерде функцияларын және қосылу мүмкіндіктерін ұсынады.

 

Samsung QLED теледидарларын әдеттегі LED-үлгілерден ерекшелендіретін не? Samsung Newsroom өкілдері Visual Display Business Unit компаниясының зерттеушілері Кевин Ча (Kevin Cha) және Чан Нэвонмен (Jang Nae-won) кездесті. Біз Samsung QLED теледидарының әсерлі жұмысының құпияларын ашу үшін кәдімгідей «экранның астын зерттеп» және де оны бөлшектеп тастадық.

 

1. Басқару модулі: теледидар «миы»

1) Артқы панель

 

Inside TV 2025

▲ Артқы панель ішкі компоненттерді қорғайды, қызып кетудің алдын алады, аудионы ұстайды және ыңғайлы қосылымды қамтамасыз етеді.

 

Теледидардың артқы панелі тек құрылымдық функцияны ғана атқармайды — ол ішкі компоненттерді қорғайды және жылуды тиімді түрде таратады. Сондай-ақ, онда дыбысты шығаруға арналған динамиктер және де жалпы тұтынушы тәжірибесін жақсартатын құрылғыларды ыңғайлы қосуға арналған ағытпалар.

 

2) Негізгі баспа тақтасы (PCB)

 

Inside TV 2025

▲ Негізгі баспа тақтасы теледидардың негізгі функциялары үшін жауап береді.

 

PCB негізгі тақта – ол теледидардың «миы». Ол қуатпен жабдықтауға, қашықтан басқару пультінен сигналдарды қабылдауға және SmartThings-ке қосылуға жауап береді. Бұл негізгі компонент бүкіл жүйені басқарады, теледидардың тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

 

3) ТД-тюнер

 

Inside TV 2025

▲ ТД-тюнер экранда көрсету үшін тарату дабылдарын қабылдайды.

 

Тюнер экранда көрсету үшін теледидар сигналдарын қабылдауға және түрлендіруге жауапты. Ағындық қызметтер мен сыртқы қосылымдардың танымалдығының артуы көптеген пайдаланушыларды тюнерсіз ақылды мониторларды таңдауға мәжбүр етті. Дегенмен, анықтама бойынша, теледидарда осы элемент болуы керек.

 

4) AI-процессор

 

Inside TV 2025

▲ AI-процессоры кескін мен дыбысты оңтайландыру сияқты жасанды интеллект функцияларын басқарады.

 

Samsung QLED теледидарының басты бөлігінде Q4 AI Processor чипі орналасқан. Бұл жоғары технологиялық компонент сурет пен дыбысты оңтайландыру сияқты жасанды интеллект функцияларын, сондай-ақ AI көмекшілерінің жұмысын басқарады. Сурет пен дыбысты қоршаған орта жағдайларына автоматты түрде реттеу арқылы AI-процессоры контентті тамашалауды шынымен де әсерлі етеді.

 

5) Динамиктер

 

Inside TV 2025

▲ Динамиктер көлемді дыбысты қамтамасыз етеді.

 

Динамиктер – бұл жай ғана дыбыс шығару құрылғысынан әлдеқайда артық зат. Жоғары сапалы дыбыс пен қоршаған дыбысты қолдайтын Samsung QLED теледидарының динамиктері ішінде болғандай әсер қалдырады және көру тәжірибеңізді одан да тереңірек етеді.

 

2. Панель

1) Сұйық кристалды дисплей (LCD) қабаты және түсті сүзгі

 

Inside TV 2025

▲ Сұйық кристалды қабат және түсті сүзгіні басқару. Бұл модульдің төменгі жағына бекітілген тақта кескін жасай отыра, жарықты пиксель деңгейінде бағыттауға көмектеседі.

 

Панельдің құрылымы бірнеше негізгі компоненттерден тұрады. Сұйық кристалды қабат жарықтың өткізілуін реттейді, ал түсті сүзгі түстерді бөліп, пиксель деңгейінде кескін қалыптастырады. Панельге қосылған баспа тақтасы әрбір пиксельді дәл басқарады, бұл кескіннің жоғары айқындығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

2) Оптикалық табағы

 

Inside TV 2025

▲ Оптикалық табақ жарықтылықты арттыру үшін артқы жарықтан жарықты шоғырландырады.

 

Оптикалық табақ жарықты артқы жарықтан шоғырландырады, бұл дисплейдің бүкіл бетіне жарқын және біркелкі кескін береді. Жарықты жинау арқылы ол экранның жалпы жарықтығын арттырады.

 

3) Кванттық нүктелер қабаты (QD)

 

▲ QD-қабатта нағыз кванттық нүктелер қолданылады.

 

Келесі қабат-Samsung QLED теледидарларының негізгі элементі. Дәл осы жерде жарық көздерін түрлендіретін кванттық нүктелік материалдар қолданылады. Бұл шынайы бейнені жасай отырып, дәстүрлі технологиялармен салыстырғанда дәлірек және қанық түстердің көбеюін қамтамасыз етеді. Бұл қабаттағы кванттық нүкте материалдарында кадмий жоқ, бұл Samsung QLED теледидарларын қауіпсіз және экологиялық таза етеді.

 

4) Шашыртақыш тақта

 

Inside TV 2025

▲ Шашыратқыш тақта жарықты панельге біркелкі таратады.

 

Шашыратқыш тақта артқы жарықтан шығатын жарықты бүкіл панельге біркелкі таратады, шамадан тыс жарқын жерлерді жояды және кескіннің табиғи жарықтандырылуын қамтамасыз етеді.

 

5) Көк жарықтүсті жарықтандыру

 

Inside TV 2025

▲ Әрбір суретте Samsung QLED теледидары (сол жақта) мен кәдімгі LCD теледидарының (оң жақта) айырмашылықтары көрсетілген.

 

Samsung QLED теледидарлары ашық және энергия үнемдейтін көк түсті жарықдиодты жарықтандыруды пайдаланады. Кванттық нүкте қабатымен біріктірілген бұл технология кәдімгі LCD -теледидарларында қолданылатын ақ жарықдиодтарға қарағанда таза түстер мен жоғары жарық тиімділігін қамтамасыз етеді, бұл жалпы кескін жарықтығын жақсартады.

 

3. Кванттық нүктелі нағыз теледидарға қойылатын үш негізгі талап

▲ Кванттық нүктелік нағыз теледидарға қойылатын үш негізгі талап бар.

 

Теледидарды шынайы кванттық нүктелік құрылғы деп санау үшін ол үш шартқа сай болуы керек: QD -қабаты, кванттық нүктелердің жеткілікті концентрациясы және көк артқы жарық. Тек үш критерийдің барлығы орындалған жағдайда ғана теледидарды Real Quantum Dot TV деп атауға болады.

 

Samsung QLED теледидарлары – әлемдегі осы талаптарға сай келетін жалғыз. Олар TÜV Rheinland (Германия) халықаралық ұйымынан Real Quantum Dot Display сертификатын алды, бұл Samsung шешімдерінің технологиялық артықшылығын растайды.

 

4. QLED және LCD арасындағы салыстырмалы айырмашылық

Inside TV 2025

▲ Әр фотосуретте Samsung QLED теледидары (сол жақта) мен кәдімгі СКД теледидары (оң жақта)арасындағы айырмашылық көрсетілген.

 

Samsung QLED теледидарлары мен дәстүрлі LCD арасындағы айырмашылық тіпті қарапайым көзбен де байқалады және де кәсіби өлшеу құралдарын қолданған кезде ерекше көзге түседі.

 

Inside TV 2025

▲ Samsung QLED теледидларының түс спектірің кестесі1.

 

Samsung QLED теледидарлары қызыл, жасыл және көк толқын ұзындықтары үшін тар өткізу жолағымен ерекшеленеді, спектрдегі өткір шыңдар түстердің ерекше дәл көрсетілуін қамтамасыз етеді. Көрермендер бай, терең түстермен және жоғары сапалы суретпен табиғи кескіндерді сезінеді.

 

Inside TV 2025

▲ Әдеттегі LCD теледидарының түс спектрінің кестесі2.

 

Олардан айырмашылығы, кванттық нүкте қабаты жоқ (QD) LCD-теледидарлары төменгі шыңдарды, жасыл диапазондағы кеңейтілген өткізу қабілеттілігін және қызыл түстің бірнеше шыңын көрсетеді, бұл түстердің дәл көрсетілуіне кедергі келтіреді. Осы кемшіліктердің орнын толтыру үшін мұндай теледидарлар көбінесе түстерді түзету үшін қосымша қабаттарды пайдаланады, бұл өз кезегінде жарық тиімділігін төмендетеді.

 

Дизайнды толықққанды талдау Samsung QLED теледидарларының қарапайым түсіндірмелерден әлдеқайда асып түсетін озық технологияларды қолдану арқылы жасалғанын көрсетеді. Жарықты басқаратын әрбір компонент шынымен де таңғажайып сурет сапасын жасау үшін үйлесімді жұмыс істейді. Кванттық нүкте қабаты ерекше маңызды, ол түс қанықтылығы мен экспрессивтілігін айтарлықтай арттырады. Бұл дисплейлердің артындағы күрделі технология сурет сапасын айтарлықтай жақсартады.

 

IFA 2025 көрмесінде Samsung Electronics компаниясы Real QLED Zone аумағын ұсына отырып және «Жалған өнімді емес, түпнұсқаны сатып алыңыз» тұжырымдамасын алға жылжыта отырып, технологиялық жетістіктерін көрсетті. Samsung QLED теледидарлары заманауи технологияның шыңын бейнелейді және премиум көру тәжірибесінің шекараларын кеңейтеді. Samsung QLED теледидарларымен көрермендер кванттық нүкте технологиясы әкелетін айырмашылықты шынымен бағалай алады.

 

 

1 Шынайы өлшемдерге негізделген, кескінденген бейне.
Шынайы өлшемдерге негізделген, кескінденген бейне.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Бейнебаяндар

Өнімдер > Теледидар мен аудио

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары