2025 жылғы Samsung OLED-теледидары кескіннің эталондық сапасы үшін VDE Real Black сертификатын алды

08.09.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung Glare-Free технологиясы тіпті анық жарықтандырылған жағдайларда да терең қара түс береді

 

Samsung Electronics өзінің 2025 OLED-теледидары (S95F үлгілі) Германиядағы электротехника саласындағы жетекші сертификаттау институты Verband der Elektrotechnik (VDE)-тан Real Black сертификатын ресми түрде алғанын хабарлады1. Бұл мәртебе Samsung компаниясының OLED технологиясы нағыз терең қара түспен шынайы көру тәжірибесін қамтамасыз ететінін растайды.

 

Сертификаттау дисплейдің қараңғы жағдайда 0,005 ниттен аз қара деңгейі бар айқын, жарқылсыз кескінді беру қабілетін, сондай-ақ күн шуақты бөлмелерде де, жарық тікелей түскенде де қара түстң дәлдігін растайды. Нәтижесінде тұтынушылар шынайы көрінісінде қанық, терең қара реңктері бар кристалды таза кескін алады.

 

«VDE Real Black сертификатын алу-бұл OLED технологияларын дамытуға және оларды келесі деңгейге көтеруге деген міндеттемеміздің дәлелі, деп атап өтті Samsung Electronics Germany компаниясының вице-президенті және CE бөлімшесінің басшысы Хун Сеол (Hoon Seol). – Біз көптеген пайдаланушыларға әлемдік стандартқа сәйкес келетін кескін сапасының деңгейін мүмкіндігінше терең қара және жоғары түс дәлдігімен тамашалауға мүмкіндік бергенімізге қуаныштымыз».

 

«VDE Real Black сертификаты ең қатаң сынақтарға төтеп бере алатын дисплейлерге ғана беріледі, деп атап өтті басқарма төрағасы және CEO VDE Ансгар Хинц (Ansgar Hinz). – Samsung OLED дисплейі әр түрлі жарық жағдайында-үй кинотеатрларынан бастап жарықтандырылған қонақ бөлмелеріне дейін қанық және дәл қара реңктерді сақтау қабілетімен ерекшеленді. Бұл нәтиже технологиялық көшбасшылықты да, нақты пайдалану жағдайларында тұрақты сурет сапасын қамтамасыз етуге деген ұмтылысты да көрсетеді».

 

Real Black ең жоғары стандарттарына сәйкестік

OLED флагмандық сериясы Samsung Glare-Free 2.0. технологиясымен жетілдірілген. VDE сертификаты шағылыстыруды азайтатын және қара түстің тереңдігі мен егжей-тегжейін сақтайтын осы бірегей дамудың керемет тиімділігін растайды.

Real Black мәртебесін алу үшін OLED S95F сериясы үш негізгі сынақтан тұратын кешенді тексеруден өтті:

 

  • Жарықтандырылған бөлмедегі сыртқы жарықтың әсері. Көруге кедергі келтіретін алаңдаушылық деңгейі бағаланды2.
  • Ортадағы қараңғылық деңгейі. Қараңғы бөлмеде ол 0,005 ниттен аспауы керек қара деңгей өлшенді3.
  • Беттің жылтырлығы. Glare-Free технологиясының тиімділігін анықтау үшін экранның шағылыстары өлшенді4.

 

Ойындар мен ойын-сауыққа арналған керемет түстер

Real Black сертификаты бар OLED-серия динамикалық ойын сахнасы немесе фильмнің кадры болсын, барлық бөлшектерді жеткізе отырып, ерекше түс айқындығы мен контрастты қамтамасыз етеді. OLED Glare-Free технологиясының арқасында көрермендер мүмкіндігінше шынайы суретке ие бола отыра, кез келген жарық деңгейінде қанық түстер мен терең қара түстерді тамашалай алады.

 

Samsung 19 жыл қатарынан5 премиум дисплейлер мен көру тәжірибесін өзгертуді жалғастыратын инновациялардың арқасында әлемдік теледидар нарығында көшбасшылықты сақтап келеді. VDE Real Black сертификатынан басқа, 2025 жылғы Samsung OLED -теледидарларының топтамасы AMD FreeSync™ Premium Pro сертификатын алған саладағы бірінші болды, сонымен қатар жақында Nvidia G-Sync валидациясынан өтті, бұл ойындардағы жатық жұмыс пен тамаша графикаға кепілдік береді.

 

Samsung-тың OLED-теледидарлары туралы толығырақ – samsung.kz сайтында.

 

4K OLED S95F (55’’, 65’’, 77’’ и 83’’) барлық үлгілері сертификататуға ие болды.

Өте жарық бөлмедегі жарықтандыру деңгейі 500 лк кезінде сұр түстің орташа қатесі AVG ΔE2000 ≤ 5.

Қараңғы бөлмедегі қараның деңгейі ≤ 0,005 нит (VDE тестілеу жағдайындағы ITU-R BT.2100-3 стандарт негізінде).

OLED Samsung: ≤ 15 жылтыр бірлігі(GU). Салыстыру үшін: айна – 100 GU.

Omdia, ақпан 2025 ж. (Нәтижелер Samsung тарапынан растау болып табылады).

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Теледидар мен аудио

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары