Ақылды және ыңғайлырақ тұрмыстық техника: Bespoke AI Laundry Combo-ның жасырын тұстары

▲ 2025 Bespoke AI Laundry Combo (кескін иллюстрациялық мақсаттар үшін жасалынған).
Жауын-шашын және жаздың ыстық уақытында, Samsung Electronics ең жаңа кір жуу-кептіру машинасы тұрмыстық қажеттілікке айналады. Bespoke AI Laundry Combo1-мен тұтынушылар жаңа және құрғақ киімді рақаттанып киеді. 2025 жылғы үлгі – кір жуу үшін 25 келі және кептіру үшін 18 келі2, 79-минуттық цикл Super Speed3, AI жақсартылған мүмкіндіктерімен Кореяда қолжетімді ең ауқымды өнімділікке ие.
Bespoke AI Laundry Combo – бұл Samsung-тың тұрмыстық техника саласындағы көшбасшылығын нығайта түсетін ойластырылған, тұтынушыларға бағытталған мүмкіндіктер. Samsung Newsroom бұл үлгіні ерекшелейтін таңдамалы, бірақ әсерлі тұстарды мұқият зерттеді.
Ғажайып 60°C-пен бұдан былай мата отырмайды
Әйтеуір бірде болмасын бірде жылудан киімі бүлінген немесе қысқарып қалған кез-келген адам кептіру кезіндегі жоғары температуралардан келетін қауіп туралы жақсы біледі. Bespoke AI Laundry Combo ішкі температураны 60°C4 төмен ұстай отыра, матаға өзінің бастапқы пішінін сақтауға көмектесе отыра, бұл мәселені шешеді.

▲ Bespoke AI Laundry Combo матаның бүлінуін және оның қысқарып қалу қаупін төмендете отыра, ішкі температураны 60 °C-тан төмен ұстайды.
AI әрбір жүктелімнің салмағын анықтайды және уақыт үнемдеу үшін оны аз жүктелімде арттыра отыра, және көлемдірегі үшін біркелкі кептіруді қамтамасыз ету үшін оны төмендете отыра, температураны нақты реттейді. Бұл киім сыртқы жағынан құрғақ, бірақ іші ылғалды болып қалатын сияқты кең таралған мәселенің алдын алады.
Автоматты түрде тазаланатын жылу алмастырғышты қарапайым қолдану
Кептіру жүйесінің басты құрамдасы бола тұра, жылу алмастырғыш өнімділіктің төмендеуінің алдын алу үшін жүйелі тазалауды қажет етеді. Конденсатты автоматты түрде тазалау функциясы5 кептірудің әрбір циклы алдында суды жоғары қысыммен шаша отыра және тегіс жұмыс істеу үшін шаңды тазалай отыра, қызмет көрсетуге қамқорлық жасайды.

▲ Bespoke AI Laundry Combo-да жылу алмастырғышты автоматты түрде тазалайтын конденсатты автоматты тазалау функциясы бар.
Тұрып қалатын шөгінділерді алдын ала жоя отыра, бұл функция оңтайлы кептіруді қамтамасыз етуге көмектеседі – кір жуу орны жиі жүктемеленетін жазғы уақытта ерекше пайдалы. Қажет болған жағдайда тұтынушылар сондай-ақ жылу алмастырғышты қолмен тазалай алады.
Шаңды азайту үшін құрастырылған
Bespoke AI Laundry Combo cондай-ақ шаңның жиналып қалуын азайтуға көмектеседі. Каналдағы ауа ағынының кедергісін азайту жіне қуатты желдеткішті қолдану жолымен, машина маталардан шаңды тиімді тазалайтын ауаның күшті ағындарын жасайды. Құрылғының артқы бөлігінде қалдық бөліктерді азайта отыра, шаңның жылдам шығып кетуіне мүмкіндік беретін бірнеше желдеткіш тесіктері бар.
Дамуын жалғастыра беретін кір жуу машинасы
Samsung бағдарламалық қамтамасыз етудің тұрақты жаңаруының арқасында дамып жатқан AI функцияларымен тұрмыстық техника саласындағы көшбасшлығын жалғастыруда. Bespoke AI Laundry Combo бұдан тыс қалмайды – алдыңғы жылғы үлгі функционалдылғымен бірге сондай-ақ өнімділігін жақсарту үшін тұрақты жаңартуды алуды жалғастыра береді.
Айтарлықтай жаңару – кір жуу және кептіру кезінде жиналған шаң және қоқысты алып тастауды тұтынушыларға ескертетін сүзгіні6 тазалау туралы еске салу. Бұдан бұрын тұтынушыларға сүзгіні қолмен тексеруге тура келетін. Осы жылдан бастап, машина автоматты түрде сүзгіні бұғаттау деңгейін анықтайдф және барынша ыңғайлы және түйсікті пайдалану үшін хабарлама жібереді.
Әр циклдан кейінгі балғындық және кір иісінің болмауы

▲ Bespoke AI Laundry Combo -да ауа ағынын белсендіру және ішкі ылғалдылықты азайту үшін есікті автоматты ашатын Auto Open Door+ функциясы бар.
Кір жуылып біткен соң бірден оны шығарып алуға үлгермейсіз ба? Auto Open Door+ функциясы циклдың аяқталуында есікті автоматты аша отыра, машинаның ішіндегі жылу және ылғалды шығаруға көмектеседі. Кептірусіз жуудың қарапайым циклынан соң бұл функция ішкі ылғалдылықты 40%7 дейін азайтып, есікті ашқан кезде ауа ағынын белсендіреді.
1 Осы мақаладағы Bespoke AI Laundry Combo-ға қатысты барлық ақпарат Оңтүстік Кореяда шығарылған өнімдерге негізделген.Өнімнің ерекшеліктері шығарылған елге және аумаққа байланысты өзгеше болуы мүмкін. Нақты ақпаратты алу үшін ресми сауда пунктіне немесе өзіңіздің еліңіздегі өндірушінің веб-сайтына жүгініңіз.
2 2025жылғы 5 наурыздағы жағдай бойынша, Bespoke AI Laundry Combo -ның 25-келілік жуу қуаты Корейлік Энергетикалық Агенттігі тіркеген тұрмыстық кір жуу машиналары ішіндегі ең үлкені болып саналады. 2025жылғы 10 наурыздағы жағдай бойынша, 18 келілік кептіру сыйымдылығы барабандық кептіру машиналары ішіндегі ең үлкені болып табылады.
3 АҚШ Энергетика Министерлігінің стандарты бойынша жасалынған 50% мақта-мата және 50% полиэстерден тұратын матаны қолдана отыра, Super Speed циклы кезінде сынақтан өткізілген. Нақты нәтижелер мата түріне, ылғал құрамы, жуу сипаттамасы және нақты уақыттағы жүктеме өлшеміне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
4 Korea Apparel Testing & Research Institute (KATRI) тексерген 2018 жылғы тамыздағы ішкі тестілеу нәтижелері негізінде. 60°C максималды температура кезінде кептіру, 70°C кезінде кептірумен салыстырғанда, отырып қалудың жартылай азаюына алып келді. 50°C, 60°C және 70°C кезінде екі сағат әсер етуден кейін өлшенді .Тестілеу үлгілері 84% нейлоннан және 16% полиуретаннан тұрды. Нәтижелер қолданудың нақты жағдайларына байланысты өзгешеленуі мүмкін.
5 Конденсаторды автоматты тазалау функциясы кір жуу циклы алдында белсендіріледі. Функция тек қана кір жууға арналған бағдарлама кезінде белсендірілмейді. Жылу алмастырғышты әрбір 180 циклда тазалау ұсынылады.Басқа ішкі құрам бөліктер де сондай-ақ жалпы өнімділікке әсер етуі мүмкін.
6 Киімнен шаң және қоқысты алып тастайтын сүзгі.
7 Auto Open Door+ функциясы жабық есіктермен салыстырғанда 24 сағаттан кейін 40% дейін көбірек ылғалды жояды. Сынақты Халықаралық электрлік-техникалық комиссия (IEC) (стандартты курс, айналу деңгейі 4) 25°C температура жағдайында және 55 % салыстырмалы ылғалдылықпен 1-келілік жүктемені қолдана отыра жүргізді. Есіктің 10° ашылу бұрышымен өлшеу.
Өнімдер > Тұрмыстық техника
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.