[Ашып көру] Galaxy Z Flip7: cіздің алақаныңыздағы жинақы AI-смартфон

18.07.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Жинақы «қалталық» пішім-факторы және сәнді дизайнның арқасында, Galaxy Z Flip сериясының бүкіл әлем бойынша жанкүйерлері өте көп.

 

Енді танымал «жиналғыш» бұрынғыға қарағанда тағы да әсемдеу бола түсті. Ең алғаш рет Galaxy Unpacked 2025-де Бруклинде ұсынылған, Galaxy Z Flip7 осының барлығы жиналмалы пішін-факторына бейімделген – айтарлықтай ұлғайтылған FlexWindow экраны және инновациялық AI-функциялар арқасында бірден қоғам назарын өзіне аударды.

 

Samsung Newsroom құрылғының тағы да қалай жетілдіре түскенін көрсету үшін Galaxy Z Flip7 ашып көрсетуді ұсынады.

 

▲ Galaxy Z Flip7 қорабының ішіндегісі

 

Бірден қораптан: Galaxy Z Flip7-ден алған алғашқы әсерлер

▲ Galaxy Z Flip7 қорабының мазмұны

 

Жіңішке қара қораптың алдыңғы жағында Galaxy Z Flip7 шабыттандырған минималистік, бірақ сонымен бірге қымбат екені туралы әсер қалдыратын дизайн элементі бар. Galaxy Z Flip7 қорабында құрылғының өзі, USB-C кабелі және тұтынушының қысқаша нұсқаулығы болады.

 

▲ Galaxy Z Flip7

 

Құрылғыны алғаш рет қораптан шығарып жатқанда, ең бірінші қолда ұстағанда қаншалықты жеңіл және жинақы екенін байқайсың. Galaxy Z Flip7 – Galaxy Z Flip сериясындағы ең жұқа үлгі, оның қалыңдығы жиналған кезде бар болғаны 13,7 мм.

 

▲ Armor FlexHinge топсасы ұзақ уақыт қолданған кезде жатық және сенімді жиналуды қамтамасыз етеді.

 

▲ Galaxy Z Flip7 тағы да жұқарақ бола түсті: оның жиналған кездегі қалыңдығы 13,7 мм, а вл жазылған кезде – 6,5 мм құрайды.

 

Armor Aluminum жақтауы мен Armor FlexHinge топсасы қолыңызда ұстаған кезде тегіс және сонымен қатар сенімді құрылғы сезімін береді.

 

▲ Galaxy Z Flip7 артқы жағы.

 

Galaxy Z сериясында алғаш рет Blue Shadow түсі пайда болды – бұл Galaxy Z Flip7 қолтаңбасының дизайнын көрсететін қою көк түстің терең бекзат көлеңкесі, оның арқамында құрылғы одан да көрнектірек бола түсті.

 

▲ Galaxy Z Flip7 түстері

 

FlexWindow: құрылғыны жазбай-ақ – үлкен экрандағы сапалы селфи

▲ Galaxy Z Flip6 және Z Flip7 арасында FlexWindow өлшемдерін салыстыру.

 

Galaxy Z Flip7-дегі ең елеулі жаңарту – FlexWindow экраны. Қос камераның айналасындағы жақтаудың қалыңдығы небәрі 1,25 мм, бұл бүкіл бетті алып жатқан 4,1 дюймдік FlexWindow экранын Galaxy Z Flip сериясының тарихындағы ең үлкен экранға айналдырды.

 

Жиналған кезде де тұтынушылар күнделікті тапсырмаларды FlexWindow экранынан оңай орындай алады, бұл жиналмалы құрылғының ыңғайлылығын келесі деңгейге көтереді.

 

▲ Galaxy Z Flip7 FlexWindowмен (алдыңғы жағының көрінісі)

 

Экран қосулы болған кезде оның жарқын және қанық бейнесі айқын және кең көріністі қамтамасыз етеді. Алдыңғы үлгімен салыстырғанда, Galaxy Z Flip7 2600 нитке дейінгі ең жоғары жарықтылықты және 120 Гц жаңарту жылдамдығын ұсынады, бұл контенттің керемет айқын көрінісін қамтамасыз етеді.

 

Камера белгішесін сырғыту арқылы FlexCam іске қосуға және тікелей FlexWindow -да кеңейтілген алдын ала тамашалауды ашуға болады. Тұтынушылар Galaxy Z Flip7 – де алғаш рет енгізілген «Сыртқы экрандағы камера әсерлері» (Cover camera effects) функциясын іске қосқан кезде, қос камераның айналасындағы сақина түсіру режиміне байланысты түсін өзгертеді, бірден назар аударады: ақ – стандартты, сары – фото, қызыл-бейне. Бұл белсенді түсіру режимін бірден анықтауға мүмкіндік береді.

 

▲ FlexCam белсендірілген камерасы камера объективтері айналасындағы түрлі-түсті сақиналар көмегімен өз мәртебесін көрсетеді.

 

▲ FlexWindow-дегі Zoom Slider

 

FlexWindow экранындағы Zoom Slider жүгірткісі суретті қарапайым сырғыту арқылы интуитивті түрде жақындатуға және алыстатуға мүмкіндік береді, бұл селфи бұрышын таңдауды жеңілдетеді. Тұрып немесе топтасып фотоға түскен түсірілім кезінде Auto Zoom мүмкіндігі теңдестірілген композицияны қамтамасыз ете отырып, нысанның орналасуына байланысты жақтауды автоматты түрде реттейді.

 

▲ FlexWindow-дегі Zoom Slider

 

Бұл жағдайда тұтынушылар қажетті бейнені қосымша өңдеусіз түсіре отыра, нақты уақыттағы сүзгілерді FlexWindow-ға тікелей қолдана алады. Бұл мүмкіндіктің арқасында сіз тек FlexWindow пайдалан отыра, керемет селфи жасай аласыз және Galaxy Z Flip7-мен өзіңіздің алғашқы танысуыңызды түсіре аласыз.

 

AI үшін оңтайландырылған жаңа FlexWindow

FlexWindow ақылды AI мүмкіндіктерінің арқасында одан да қуаттырақ бола түседі. Galaxy Z Flip7 Android 16 негізіндегі One UI 8 интерфейсін пайдаланады-ол жиналмалы пішін факторына бейімделген және FlexWindow экранында интуитивті және жатық AI-тәжірибесін ұсынады.

 

Қуат түймесін басып тұрсаңыз, дауыстық AI агенті-Google Gemini іске қосылады. Камераны белсендіре отырып, «Бүгінгі бет әрлеуіне қандай киім түсі сәйкес келеді?» деген секілді сұрақ қоя отырып, табиғи диалог форматында нақты уақыттағы сән бойынша кеңестер алуға болады.

 

▲ Пайдаланушылар Google Gemini қолданбасын FlexWindow-сінен белсендіре алады. (*Дыбысты тыңдау үшін бейненің төменгі жағындағы динамик түймесін басыңыз)

 

Galaxy Z Flip7 көмегімен күнтізбеге Оқиғаларды қосу немесе FlexWindow экранындағы дауыстық пәрмендерді пайдаланып жақын жерде ұсыныстар алу сияқты күнделікті тапсырмаларды оңай орындауға болады. Сонымен қатар, сіз досыңызбен сөйлескендей өзекті ақпаратты алу үшін жәй ғана диалог жүргізе аласыз.

 

FlexWindow экранының төменгі жағындағы «Менің күнім» (Now Bar) тақтасы музыка мен бейне ойнатқышты лезде басқаруға, сондай-ақ әртүрлі қолданбалардан жылдам ақпарат алуға және жаңартуларды нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Now Brief мүмкіндігі орналасқан жеріне, уақытына және пайдалану әдеттеріне байланысты жекелендірілген ақпаратты ұсынады – барлығы құрылғының жиналған күйінде қол жетімді, бұл күнделікті пайдалануды одан да ыңғайлы етеді.

 

▲ Now Brief

 

Жазылған күйінде: көбірек мүмкіндіктер, көбірек қуат

Жиналған кезде де Galaxy Z Flip7 әмбебап болып қалады, бірақ ашылған кезде ол өзінің барлық әлеуетін ашады.

 

▲ Galaxy Z Flip6 және Z Flip7 негізгі дисплейлерін салыстыру.

 

Алдыңғы үлгі – Galaxy Z Flip6-мен салыстырғанда экран үлкенірек және көрнекі түрде көлемді бола түсті. Негізгі 6,9 дюймдік Dynamic AMOLED 2x дисплейі қызықты көрініс әсерін бере отыра, жарқын кескін мен тегіс жаңарту жылдамдығын қамтамасыз етеді.

 

Galaxy Z Flip7 сонымен қатар Samsung DeX-ті қолдайтын Galaxy Z сериясындағы алғашқы үлгі болды. Құрылғыны ашып, оны сыртқы мониторға, тінтуірге немесе пернетақтаға қосу арқылы смартфонды бір сәтте толыққанды жұмыс станциясына айналдыруға болады.

 

Пішініне қарасаң ықшам, бірақ AI арқасында қуатты, Galaxy Z Flip7 жиналмалы смартфондарды пайдалану тәжірибесін қайта қарастырады: ол қалтадан тікелей жұмыс істеуге дайын болуды кеңейтілген функционалдылықпен біріктіреді. Осы мүмкіндіктердің арқасында Galaxy Z Flip7 тұтынушылардың күнделікті өмірінің маңызды бөлігіне айналады.

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары