[Galaxy Unpacked 2025] Galaxy-дың дербестендірілген және мультипішімді инновацияларының жаңа тарауы

▲ Galaxy Unpacked 2025 Бруклинде Duggal Greenhouse-та өтті.
Samsung Electronics компаниясы 9 шілдеде Galaxy Unpacked 2025 іс-шарасын Бруклинде – өзінің мәдениетімен, жасампаздығымен және серіктестік рухымен танымал нью-йорктік ауданда өткізді.
Unfold Ultra ұранымен өткен оқиға мобильдік AI мүмкіндіктерін қайта қарастырды. Сахнада мүлдем жаңа Galaxy Z Fold7, Galaxy Z Flip7, Galaxy Z Flip7 FE және Galaxy AI -мен терең интеграциямен, қайта ойластырылған дизайнымен және революциялық өнімділігімен бірге құрылғы – Galaxy Watch8 сериясы көрсетілді.
Samsung Newsroom оқиғалалардың ең қызған жеріне тап болып, мобильдік AI жаңа тарауының басталуының куәгері болды.
Galaxy AI: нағыз AI-серіктес

▲ Ро Galaxy AI даму бағыты туралы жариялай отыра тұсаукесерді ашады.
Адам баласына бағытталған инновациялар дәстүрін жалғастыра отыра, Samsung құрылғысының жаңа буыны болашақты анық елестетуді көрсетеді: AI барынша ойластырылған, дербестендірілген қолжетімді ету. Барынша жұқа жиналмалы смартфондардан бастап денсаулықтың дербестендірілген трекингімен тағылатын құрылғыларға дейін – топтаманың барлығы онда жасанды интеллект әр күнге арналған толыққанды көмекшіге айналатын жаңа даму векторын қояды.

▲ Ро Galaxy AI-ды жасанды интеллект базасындағы сенімді көмекші ретінде көретіндігімен бөлісуде .
«Жасанды интеллект қуатты мобильдік технологиямен үйлескен кезде, мүмкіндіктердің мүлде жаңа әлемі ашылады, – деп айтты Samsung Electronics компаниясының президенті және Device eXperience (DX) бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Тэ Мун Ро (TM Roh) – Темір, софт және қызмет көрсетулер бір-бірін дамуға итермелейтін жерде ең маңызды серпіндер орын алады».

▲ Galaxy Z Fold7 және Galaxy Z Flip7 жаңа өнімдердің шығарылуына арналған бейнероликте көрсетілген.
One UI 8: жиналмалы құрылғылар үшін жасалынған, AI-ға негізделген

▲ Вон-Джун Чой (Mobile eXperience (MX) компании Samsung Electronics компаниясының Mobile eXperience (MX) бөлімшесінің бас операциялық директоры, One UI 8 ұсынады.
Бұл трансформацияның ортасында – One UI 8 – арнайы жазылмалы смартфондар үшін жасалынған, жасанды интеллектке бейімделген және мультипішімді өзара әрекеттесу және терең дербестендірілу принциптерінде жасалынған жаңа буын интерфейсі.
Құпиялылық және қауіпсіздік One UI 8 негізінде жатыр. Құрылғыдағы деректерді өңдеудің жеке қозғалтқышы тұтынушының қалауымен үйретіледі, ал Knox Enhanced Encrypted Protection қолданылатын қолданбалар шегінде ақпараттың оқшаулануын қамтамасыз етеді.
Galaxy Z Fold7 және Galaxy Z Flip7 құрылғысы қорабымен бірге Android 16 -мен жеткізіледі, бұл – Google-мен тығыз серіктестік нәтижесі.

▲ Google-дың платформалар және құрылғылар бойынша аға вице-президенті Рик Остерло (Rick Osterloh), Samsung-пен жасанды интеллект саласындағы ұзақ уақыт бойы серіктестігі туралы айтып беріп жатыр.
Galaxy Z Fold7: Galaxy AI үшін көбірек кеңістік

▲ Samsung Electronics-тің өнімдер және маркетинг бойынша вице-президенті Анника Бизон (Annika Bizon), Galaxy Z Fold7-ні ұсынады.
Galaxy Z Fold7 жиналмалы құрылғылар инженериясындағы Samsung-тың көшбасшылығын растай отыра, тарихтағы ең жұқа Z Fold смартфон атанды.
«Хат бойынша көмекші» және «Сурет салу бойынша көмекші» мүмкіндіктері ойларды ұшқыр мәтіндерге және көрінімдік идеяларға айналдырады. Ал «Менің күнім» ауа райы мәліметтерінен және валюта айналымдарынан бастап сапардағы өзекті хабарламаларға дейін – уақыт, орын және кестені сараптай отыра, ескертпелерді шығарады.

▲ Бейнеде Circle to Search мүмкіндігі көрсетіліп жатыр.
«Белгілеу арқылы табу» ойындардағы элменттерді тануды және процесті кідіртпей-ақ мәнмәтінде көмекті ұсынып үлгерді. Vulkan оңтайландыдырулары жоғары графиканы және ықыласты қамтамасыз етеді, ал өнімділік үшін Snapdragon 8 Elite for Galaxy процессоры жауап береді.

▲ Galaxy Z Fold7 жаңа буынның ажыратымдылығын және ыңғайлы кадрлауды қамтамасыз етеді.
Алғаш рет Z Fold сериясында жоғары ажыратымдылықта түсіруге және сапаны жоғалтпай кадрлауға мүмкіндік беретін 200 Мп кеңбүрышты камера қолданылады. Редакциялаудың AI-құралдары үлкен экранға бейімделген. AI-редакторға енді бөтен жандарды автоматты түрде тауып және алып тастайтын Suggest Erases мүмкіндігі қосылған, ал Audio Eraser енді бірден төртке дейінгі дыбыс түрлерін бөлектей алады.

▲ Audio Eraser бейнеде көрсетілуде.
Galaxy Z Flip7: жабық күйінде де, толыққанды тәжірибе

▲ Samsung Electronics-тың мобильдік коммуникациялар бөлімшесінің өкілі Дейл Хоген (Dale Hogen), Galaxy Z Flip7-ні көрсетуде.
Galaxy Z Flip7 – бұл онда жинақылық мүмкінділікті қамтумен үйлесетін ең жұқа Z Flip. Құрылғы Flex Hinge жаңа құрылымына, Flip сериясы тарихындағы ең қуатты аккумуляторға және кіріктірілген поляризатор арқасында жақсартылған түсберілуімен 6,9-дюймдік дисплейге ие болды.
Жаңартылған FlexWindow – бұл жаңарту жиілігі 120 Гц болатын сыртқы шектеусіз 4,1-дюймдік экран. Кеңістікті арттыру үшін жақтаулар 1,25 мм дейін қысқарды – бұл алдыңғы үлгімен салыстырғанда үш есеге дерлік аз. One UI 8 тікелей сыртқы экранға көптеген қолданбаларды және виджеттерді қосады.

▲ Galaxy Z Flip7 FlexWindow жаңа кеңейтілген сыртқы дисплейімен және барынша жұқа жақтауларымен ерекшеленеді.
Galaxy Z Flip7 – қалталық AI-көмекші. Now Bar ағымдағы кестеден бастап плейлистқа дейінгі – қажетті ақпаратты көрсетеді. Бүйірлік батырманы басып ұстап тұру Google Gemini-ді белсендендіреді. Gemini Live тұтынушының бейнесін камера арқылы сараптай алады және ауа райына және күнтізбедегі оқиғаны негізге ала отыра не киюге болатынын айта алады.

▲ Galaxy Z Flip7 камерасы тұтынушыларға барынша оңайлықпен селфи түсіруге мүмкіндік беретін FlexCam мүмкіндігімен жабдықталған.
ProVisual қозғалтқышымен 50 Мп арналған камера керемет нақтылықты қамтамасыз етеді, ал FlexCam мүмкіндігі селфиге арналған керемет мүмкіндіктерді ұсынады.
Galaxy Z Flip жиналмалы дизайны танымал пішім-фактор, 50 Мп камера, ProVisual қозғалтқышы және Galaxy AI қолдауы мұраға қалған Galaxy Z Flip7 FE арқасында енді қолжетімдірек бола түсті.
Galaxy Watch8: дербестендірілген денсаулықтың жаңа стандарты

▲ Samsung Electronics сатылымдар бойынша менеджері Джон Энглхардт (John Englehardt), Galaxy Watch8 сериясын ұсынады.
Galaxy Watch8 сериясы – Galaxy Watch Ultra -да алғаш рет ұсынылған, енді танылатын пішім-факторымен бірге Samsung-тың дизайнерлік философиясының дамуы. Жұқа корпус және баудың динамикалық бекіту жүйесі күні бойы таңқалдыратын жайлылықты қамтамасыз етеді. Қуатты 3-нм процессор, екі жиілікті GPS және алдыңғы қатарлы бергіш BioActive қамтамасыз етеді.

▲ “Жүгіру жаттықтырушысы” дербестендірілген жаттығуларды ұсынады.
«Жүгіру бойынша жаттықтырушы» сіздің дайындық деңгейіңізді сараптайды және жеке кеңестер және жаттығулар жоспарын ұсынады. Ал Samsung Health «Ұйқыға жату бойынша нұсқаулық» мүмкіндігімен ұйқы тәртібін қоюға және қашан жату керек екендігін ескертеді.

▲ Қантамыр жүктемесін қадағалау мүмкіндіктері және денсаулықты қадағалаудың басқа кеңейтілген мүмкіндіктері қосылған.
«Қантамырлар жүктемесі» ұйқы кезіндегі қантамыры жүйесіне жүктемені қадағалайды, ал «Антиоксиданттар индексі» каротиноидтар деңгейін өлшейді және ұзақ мерзімді келешекпен денсаулықты бақылауға көмектеседі.
Ақылды AI-серіктесті Galaxy Watch8 барлық топтамасында шыққан One UI 8 Watch арқасында енді білекке де тағуға болады. Бұдан бөлек, Galaxy Watch8 – Google Gemini-мен бірлескен алғашқы смарт-сағаттар және қораптың ішінен-ақ Wear OS 6.
Тұрақты даму: планетаға қамқорлық

▲ Осы жылғы Galaxy жиналмалы смартфондары Samsung-тың тұрақты дамуының қағидасына сәйкес келеді.
Экологияға қамқорлық әлі күнге дейін Galaxy философиясында ойып орын алады. Galaxy Z Fold7 және Z Flip7 қайта өңделген литий және лақтырып тасталынған балық торларынан жасалынған пластикті қоса алғанда, қайта өңделген материалдардың тоғыз түрін қолданады. Бұл іс-шаралар Galaxy for the Planet бастамасына сәйкес келеді және Samsung-тың экологиялық жауапкершілікке деген өзгермейтін ұстанымын айшықтайды.
Experience Zone: мүмкіндіктер галактикасы – қол астыңызда
Тұсаукесерден соң барлық әлемнен қатысушылар жаңа өнімдерді жақыннан зерттеп көру үшін experience-аумақта жиналды.Өзінің жұқа және жеңіл корпусының арқасында Galaxy Z Fold7 ерекше назар аудартты – көбісі оның мүмкіндіктерін сынап көруге асықты.

▲ Experience-аумағы Galaxy Unpacked 2025-те келушілердің назарын аударады.
«Galaxy Z Fold7-ні алғаш көргенде мен, оның соншалықты жұқа және жеңілділігіне таң қалдым», – дейді Испаниялық Samsung Members қатысушысы Франсиско Хавьер (Francisco Javier). – Үлкен экран үлкен мағынаға ие болады».

▲ Испаниялық Samsung Members қатысушысы Франсиско Хавьер.
«Маған Galaxy Z Flip7 шығармашылық мүмкіндіктердің орасан зор саны үшін ұнайды! – деп ойын білдірді Сальвадорлық инфлюенсер Ана Каролина Сандоваль Диас (Ana Carolina Sandoval Diaz). – Мен үнемі контент жасаймын, және бұл смартфон маған тағы да көбірек еркіндікті береді».

▲ Ана Каролина Сандоваль Диас, Сальвадорлық инфлюенсер.
«Samsung үнемі таңқалдыруын жалғастыра береді, осы жылы болса – Galaxy Z Fold7-ның керемет жұқа корпусымен таңқалдырды, – дейді Индонезиядан келген журналист Ади Фида (Adi Fida). – Экранының үлкендігіне қарамастан, оны бір қолда ұстап қолдануға да болады».

▲ Индонезиядан келген журналист Ади Фида.
«Маған Galaxy Watch8-дің денсаулыққа бағыт алғаны ұнайды, – дейді Туркиялық инфлюенсер Бильге Суисик (Bilge Suisik). – Мені үнемі ұйқы мәселесі мазалайтын – сағаттар тәртіпке келтіруге көмектеседі деп ойлаймын. Маған мұндай ескертпелер артық етпейтін еді».

▲ Туркиялық инфлюенсер Бильге Суисик.
Алдыңғы қатарлы Galaxy Z Fold7, Z Flip7, Z Flip FE және Galaxy Watch8 құрылғыларымен Samsung алға қарай – барынша дербестендірілген, бейімделетін, алдын ала біліп тұратын және көмектесетін ақылды технологияларға қарай революциялық қадам жасады. Бүгінгі таңда Galaxy онда технологиялар тек қана қуатты емес, сонымен бірне дербестендірілген болатын Samsung-тың болашақтың мобильдік инновациялары көшбасшы ретіндегі ұстанымын нығайта отыра, AI Galaxy экожүйесіне бұрынғыға қарағанда тереңірек кіріктірілген.
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.