[Дизайн туралы оқиға] Инновациялардың жаңа тарауы: Galaxy Z Fold7 және Galaxy Z Flip7
Galaxy Z сериясы ең бірінші үлгіден бастап және әрбір жаңасымен жетілдіріле отыра, жиналмалы телефондарға арналған стандартты орнатты. Ендігі де, кезекті жетінші әзірлеме барлығы басталған жерге қайда оралды. Galaxy Z Fold7 және Z Flip7 серия жалғасын тапқан әр жыл ішінде пайда болып отырған жақсартулардың нәтижелері болды. Samsung Newsroom редакциясы Samsung Electronics-тағы Mobile eXperience (MX) Business құрамындағы Дизайн командасының басшысы Хьюбертом Лимен (Hubert Lee) және UX (User eXperience) командасының басшысы Хюйчуль Янгпен (Huichul Yang) жаңа жиналмалы флагмандардың жасалу тарихы және әзірлеушілердің керемет дизайнға деген қайратты ұмтылысы туралы әңгімелесіп қайтты.
*Суреттер тек иллюстрация үшін кескінденеді және нақты өнімнен өзгеше болуы мүмкін. Өнімнің сипаттамалары елге, аймаққа, модельге және дистрибьюторға байланысты өзгеруі мүмкін.
Хьюберт Ли (Hubert Lee)
Атқарушы Вице-Президент, MX Business, Samsung Electronics
Ли 2022 жылдың соңында MX Design командасының басшысы болған соң, ол барлық жаңа мобильді құрылғыларды әзірлеуге басшылық етті. Galaxy Z Fold7 және Z Flip7 жарыққа шығуымен, Ли Galaxy-дың ультразамануи дизайнға деген ұмтылысын көрсетеді.
Хюйчуль Янг (Huichul Yang)
Вице–Президент, MX Business, Samsung Electronics
Samsung командасына 2005 жылы қосылған соң, Янг адами-компьютерлік өзарақатынас саласындағы сарапшы ретінде мобильдік UX инновацияларды ілгері жылжытуда басты рөлді атқарды. 2023 жылдың соңынан бастап Янг Galaxy AI базасындағы мобильді құрылғыларды әзірлей отыра, MX Business-тегі UX командасына басшылық жасайды.
Жиналмалы дизайн негізі

В: Galaxy Z Fold7 және Z Flip7 ақыры бар әлемге таныстырылды. Дизайн және UX командаларының басшылары болғандықтан, бұл сіздің екуіңіз үшін де үлкен бір маңызы бар оқиға шығар.
Ли: Өзім Samsung-та әзірлеп шығарған өнімдердің ішінде Galaxy Z Fold7, мен бәрінен де артық мақтан ететіндердің ішіндегі біреуі ретінде ерекшеленіп тұрады. Көптеген адамдар жаңа смартфондарды көрген сәтте-ақ: “Вау!” деді. Бұл бүгінгі таңдағы Galaxy Z Fold сериясындағы ең жұқа, ең жеңіл үлгі. Мен ол арқылы жиналмалы құрылғының қандай болуы керектігі туралы түсінікті көрсете алғаныма сенімдімін. Дәл қазір біз оны Galaxy Unpacked 2025 -те Нью-Йоркта жалпыға көрсеттік, бірақ мен клиенттердің оның шынайы құндылығын, оны жақыннан көргенде және оны өз қолдарына ұстап сезінгенде ғана түсінетіндігіне сенемін.
Янг: Galaxy Z Fold7 және Z Flip7-мен қатар біз жасанды интеллектпен бірге жұмыс істеу үшін оңтайландырылған интерфейс – One UI 8-ді де көрсеттік. Мен түйсікті интерфейспен жарасымдылықтағы мәнерлі, заманауи дизайн, шынымен де ЖИ жаңа заманасында барынша жетілдірілген мобильді тәжірибені іздейтін тұтынушыларға ұнайтынына сенімдімін.
“Galaxy Z сериясы жәй ғана жақсы жасалып қана қойылмаған – ол біздің жиналмалы құрылғылар нарығындағы пионер және стандарт ретіндегі біздің рөлімізді растайды.”
— Samsung Electronics Атқарушы Вице-Президенті Хьюберт Ли.
Ли: Galaxy Z сериясы жиналмалы телефондардың ең басында болған еді. Бұл мұраны нығайту үшін біз оны көргендердің барлығын таң қалдыратын өнім жасауымыз керек екенін білдік. Команда ішінде біз бұрын жасаған істерімізді қайталау, клиенттердің күткенін қанағаттандырмайтыны туралы жалпы түсінік болды. Өзгеріс таңдау емес, міндеттеме болды. Сондықтан Galaxy Z сериясының жетінші үлгісін жасау кезінде біз оны жетілдіру деп ойлаған жоқпыз – біз оған бүкіл серияны қайта ойлап табу ретінде қабылдадық. Біз бұған бәрін басынан бастағанда қандай болатын еді дәл солай қарадық.
Біз лайфстайл-өнімдерді әзірлейміз. Адамдардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналу үшін, тасымалды болу қажет, және салмағын азайту осы мақсатқа қол жеткізуге негіз болды. Бұл ретте біздің мобильдік Зерттеулер және Даму бөлімі орасан зор күш салды. Жиналмалы құрылғының белгілі бір салмағының бар болуы оның мәні, алайда оған қарамастан, оны тағы да жеңілірек ете түсу біздің қолымыздан келе ма деп ойлану үстінде болдық. Бұл зерттеулер және тесттердің көптеген санына алып келді. Үлгі жеңіл бола түскен сайын, ол біз алдын ала болжағандағы тегіс, заманауи пішімде одан сайын жұқа, ал дисплей – үлкен бола түсті. Сіз тамашалап отырған өнім, сансыз сағаттар бойы ойланудың, энтузиазмның және инженерияның нәтижесі болып табылады.

В: Өнімдер дизайнындағы өзгерістер тұтынушылық интерфейске қалай әсер етеді?
Янг: One UI 6 бастап, сіздің телефоныңыз өзіңіздің AI-серіктесіңізге айналуы үшін, біз бірнеше AI-функцияларды енгіземіз. One UI 8-бен біз айтарлықтай өнімділікке назар аудардық. Galaxy Z Fold7 экранының үлкен пішінін пайдаланып, тұтынушыларға түпнұсқа және жасалған AI контентті қатар салыстыруға және оны қолданбалар арасында біркелкі жылжытуға мүмкіндік бердік.
В: Galaxy Z Flip7-де қандай UX-өзгерістер пайда болды?
Янг: Z Flip7 – нің ең көрнекті ерекшеліктерінің бірі – бұл сыртқы FlexWindow. Gemini бұл қажет болған кезде, кез-келген уақытта AI-мен жылдам және кедергісіз өзара әрекеттесуге мүмкіндік бере отыра – ендігі жерде FlexWindow үшін оңтайландырылған. Бұл дәлсіздің қолдарыңызда ашылатын AI -серіктеске деген біздің жаңа көзқарасымыз. Бір қызығы, пішім-факторы смартфон жиналып тұрған кезде негізгі камераның тура мағынасында сізге қарауына мүмкіндік береді. Енді сіз Gemini Live-ты FlexWindow-дан іске қосып, мысалы өзіңіздің киген киіміңіздің ауа-райына қаншалықты сәйкес келетіндігі немесе бір күнге арналған кестеңіз қандай секілді күнделікті заттар туралы одан сұрай аласыз.
“Біз cіздің қолыңызда AI-серіктес болып қызмет ететін Galaxy Z Flip7-де One UI 8-бен бірге жаңа болашақты алдын ала көрдік.”
— Хюйчуль Янг, Вице-Президент, Samsung Electronics

*Аялық кескін генеративтік AI-мен жасалынды (Macnific AI, Midjourney).
В: Өнімдер әртүрлі түстерде ұсынылған. Өзіңізге қайсысы қатты ұнайды?
Ли: Маған барлық түсі ұнайды, дегенмен, егер маған біреуін таңдауға тура келсе, ол әрине Күміс түсі болатын еді. Бұл ең түсінікті және қарапайым түс, алайда мен ол Galaxy-дың “ Ультра Тегіс, Ультра Заманауи” тұжырымдамасын бәрінен де артық береді деп санаймын.
Тұтынушылар Galaxy Z Fold7 секілді қымбат өнімдерді сатып алғанда, олар уақыттан бөлек өмір сүретіндей сезінетін санаттар бойынша ойлауды жөн көреді. Біздің командамыз осы серияға арнап түстерді таңдаған кезде, бұны назарға алды. Біз түстер біздің дизайнымыздың барлық түпкі ойын көрсететіндей және жиналмалы пішім-факторды толықтыратындай, оларды жандандырып жіберетін метал материалды қолдандық. Бұл сериядағы ерекше түстердің бірі – Көк. Телефон қолда қандай жағдайда болатынына қарамастан, дизайнның жарқылы және талғампаздығы әр қырынан көрінеді.

▲ (Солдан оңға қарай) Хьюберт Ли және Хюйчуль Янг
Кәне бірге жасайық!

В: Сіздер әртүрлі команда да жұмыс істейтіндеріңізге қарамастан, сіздер дәл сол бір өнімді жасап шықтыңыздар. Дизайн және UX командаларын өзара үйлестіру қалай қолдарыңыздан келді?
Янг: Біз өте жиі бірге жұмыс жасаған аспект – аялар дизайны болып табылады. Жалпы алғанда, біз Дизайн командасының жеткізгісі келген негіздемесі, әр өнімнің бетке ұстары болып табылатын аялар арқылы дұрыс көрініс табуына көз жеткізу үшін, белсенді бірлесе әрекет етеміз. One UI 7 үшін біз телефонның бұрыштық радиусын One UI белгішесінің геометриясымен тураладық. Біз болашақ релиздер үшін өнімнің базалық мәнеріне сәйкес GUI (графикалық тұтынушылық интерфейс) жүргізуді жалғастыра беретін боламыз.
“Барлығымыздың бір команда болып табылатындығымыз туралы біздің сайма-сай ойлаумызбен бірге жобалау – бір-бірімізден қол үзуге жол бермей және бірге өсуге көмектесетін біздің ойымыздың маңызды көрінісі.”
— Хьюберт Ли, Samsung Electronics Атқарушы Вице-Президенті.
В: Командаларыңыздың мүшелері дәл қалай серіктестікте болды?
Ли: Дизайн командасы Design Clinic аталатын кездесуді жиі өткізіп тұрады. Топтардың басшылары және менеджерлер ағымдағы жобаралар және идеялармен бөлісу үшін бірге жиналады. Бұл ресми кездесу емес, кофе ішіп және десерт дәмін татып отырып, идеялармен алмасу үшін ресми емес жиналу секілді. Ол бұл жерде ашық сынаудың өзі де біздің өнімдерді жақсырақ етудің және бір-бірімізді қолдаудың бір тәсілі ретінде қарастыралатын ашық ой талқылау. MX Business Дизайн командаында біз смартфондардан және тағылатын құрылғылардан бастап, ДК, планшеттер, CMF (түс, материал және әрлеу) және қаптамаға дейінгінің барлығымен анйласымыз. Әр элемент оның жеке функцияларымен бірге жүреді. Design Clinic әзірлеменің басқа салаларынан инсайттар алуға және ең бастапқы сатыларында идеялар жасауға көмектеседі.
В: Сіз командаңыздағы дизайнерлар арасындағы бірлесіп әрекет етуді қалай ынталандырасыз?
Ли: Мен үнемі“Let’s Design Together” сөз орамын жиі айтып отырамын. Мен командаға оларға берілген тапсырманы жәй ғана орындаудың орнына, біз не істейміз және жұмысымызды қалай жақсарта алатындығымыз туралы ойлануға шақырамын.Егер кері байланыс немесе кеңес шын жүректен шықпаған болса, ол командалар арасындағы оқшаулануға әкеліп соғады. Бір команда секілді бірлескен, нағыз, жалпыға ортақ ойланумен әзірлеме – бұл мен ұйымның ішінде бәрінен көбірек назар аударатын зат.
Болашақты қайта жасай отыра
В: Түйсіктерге, сезімдерге және дизайнерлер ұсынатын жоғары сапалы инсайттардан бөлек, сонымен бірге тұтынушылық тестілеуді және жобалау кезеңінде сандық таңдауды ескересіз бе?
Ли: Дизайн командасы негізгі құндылыққа басты назар аудартып және қажет емес элементтерді алып тастауға бағытталған “Essential Design” атты Galaxy дизайнының принципін әзірлеп шығарды.Ол: Қарапайымдылық, Ықпал және Сезімпаздық секілді үш басты элементтерге негізделген. Біз бұл үш элемент үндестікте сәйкестенген кезде, олар шынымен де өршіл өнімді жасап шығаратынына сенеміз. Біз бұл қағиданы және оның басты элементтерін, өзіміз оны дизайн сараптамасы деп атайтын, жобалау кезеңіндегі бағалау құралдары ретінде қолданамыз. Біз біздің дизайнерлік ниеттеріміздің тұтынушыларға дейін тиімді жетіп жатқандығына көз жеткізу үшін, ішкі қызметкерлерімізден бағалау пікірлерін жинаймыз. Біз ағымдағы әзірленімді жетілдіру үшін, және тіпті болашақ өнімдерді жасауда одан кейінгі бағыттарды анықтау үшін, алынған мәліметтерді және ақпаратты пайдаланамыз. Бұл біздің дизайнерлік сәйкестігімізді қалай нығайтатынымыздың көрінісі, және ол Galaxy дизайны процесінің алынбас бөлшегі.
В: Сіз AI-ды өз жұмысыңызда қолданасыз ба?
Янг: Біз тестілеу процесінде AI-құралдарының көмегіне жүгінеміз. Біз AI негізіндегі виртуалды тұтынушылардың тестілеу нәтижелері нақты тұтынушыларды теру кезінде жүргізілген сынақтарға айтарлықтай жақын екенін байқадық. Бұл бізді AI болашақта UX бағалауда маңызды рөл атқара алатындығына әкеледі. Біз сондай-ақ AI -мен басқа жолдармен тәжірибе жасаймыз, мысалы, қозғалыс пен анимация эффектілерінің бірнеше нұсқаларын сынау немесе 2D нысандарын 3D немесе анимациялық форматтарға айналдыру. Осылайша, біз AI көмегімен жобаларымызды жақсарту туралы үнемі көбірек біліп отырамыз.
“AI қарқынды дамуы аясында, әзірлемені басқару икемділігі жұмысыңызды шынымен де маңызды ету үшін ең құнды активтердің бірі болады.”
— Хюйчуль Янг, Samsung Electronics Вице-Президенті.

▲ (Солдан оңға қарай) Хюйчуль Янг және Хьюберт Ли
В: Біз өмір сүріп жатқан замана, үнемі ауысып отырады. Бүгінгі таңда ойлау мен көзқарас қалайша дизайнерлердің жұмысына бағыт беруі тиіс?
Янг: AI – бұл дизайнерлердің жаңа қозғаушы күші. Біз өз жұмысымызды барынша маңызды ете түсу үшін AI қалай пайдалануға болатындығы туралы көбіне көп ойлаймыз. Әлемнің қалай өзгеретіндігіне қызығушылық танытатындардың тап өзі өз жаңа құралдарын жасап, AI ғасырында көшбасшы болатындығына сенемін. Кейбір адамдар AI дамыған кезде дизайнерлер мүлдем болмайды деп айтады, бірақ менің бұған көзқарасым басқаша. Дизайнды басқару, сонымен бірге AI-әзірленімдерді бағыттауға және оларды жетілдіруге икемділік, индустрия үшін одан да маңыздырақ бола түседі.
Ли:Жиналмалы құрылғылар секілді жаңа құрылғылар туралы айтатын болсақ, біз мүмкіндіктерді әзірлемейміз. Біз біртұтас тұтыну тәжірибесін дамытамыз. Менің ойымша, дизайнер ретіндегі біздің рөліміз-бұл құрылғы неліктен жиналуы керек, неге жазылатыны және осы әрекеттердің барлығы қандай құндылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз етуі керек екендігі туралы терең ойлау. Себебі біз жай ғана өнім дизайнерлері емеспіз, біз бүкіл өмір салтының дизайнерлеріміз және қорыта айтқанда, біздің тұтынушы – осы өмірдің ең маңызды бөлігі болып табылады. Біз трендтерді үнемі қадағалап отыруымыз керек және тұтынушыларға шынымен не қажет екенін өзімізден сұрап отыруымыз керек. Мен үшін олардың өмірін жақсартатын дизайн – бұл ең маңызды дизайн.
Samsung Electronics-тегі дизайн туралы қосымша ақпарат алу үшін Samsung Design вебсайтына кіруіңізді өтінеміз.
Компанияның жаңалықтары > Технологиялар
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.