Galaxy A және Galaxy Tab S9 FE сериялы құрылғыларында танымал «Белгілеу және табу» AI-қызметі пайда болады
Samsung пен Google-дың ынтымақтастығы аясында жасалған « Белгілеу және табу» қызметі Galaxy пайдаланушыларының көпшілігі үшін ыңғайлы және жылдам іздеуді қамтамасыз етеді
Samsung Electronics компаниясы «Google-да белгілеу және табу» қызметінің Galaxy A¹ сериялы кейбір үлгілерінде пайда болғандығы туралы хабарлады. Осылайша мобильді жасанды интеллект (ЖИ) Galaxy экожүйесіндегі құрылғылардың көптеген бөліктерінде қолжетімді бола түседі.
AI-қызметінің кеңеюі Samsung және Google компанияларының мүмкіндігінше көптеген тұтынушыларға үздік мобильдік технологияларды ұсынуға үнемі ұмтылатындығын айқындайды. «Белгілеу және табу» қызметі Galaxy A сериялы белгілі бір үлгілерде қолжетімді болған соң, инновациялық іздеу қызметі сондай-ақ Galaxy Tab S9 FE и Tab S9 FE+ планшеттерінде пайда болады, ал бұл үлкен дисплей мен Galaxy S Pen қаламының арқасында қол жеткізілген бүтіндей жаңа тәжірибені білдіреді.
«Белгілеу және табу» қызметі Galaxy S24 сериясында іске қосқаннан кейін, әдеттегі тәсілдердің аясынан шығатын іздеудің өте жаңа тәжірибесінің арқасында, тұтынушылар арасында тез танымал болды. Galaxy басқа құрылғыларына, соның ішінде соңғы Galaxy Z Flip6 және Z Fold6 үлгілеріне тарату аясында «Белгілеу және табу» қызметі пайдаланудағы ыңғайлылық пен интуитивтілікті арттыра отырып, жетілдіруді жалғастырды. Сондай-ақ, бір бетті толық аудару, үй тапсырмасын орындауға көмектесу, QR және штрих-кодтарды сканерлеу мүмкіндіктері пайда болды. Енді «Белгілеу және табу» қызметінің көмегімен Galaxy A және Galaxy Tab S9 FE серияларында, біз Samsung өнімдерінің басқа топтамаларында не көретіндігіңіз туралы аса күрделі сұрақтарды қоя алу мүмкіндігін қосамыз.
Samsung Electronics Компаниясының Mobile eXperience Business бөлімшесінің басшысы Тэ Мун Ро (TM Roh): «Бұл жаңартулар Galaxy A және Galaxy Tab S9 FE сериялары үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады және Galaxy көптеген тұтынушыларын алдыңғы қатарлы технологиялармен қамтамасыз етуге біздің ұмтылысымызды растайды,- дейді. – Біз тұтынушыларға тиімдірек жұмыс істеу, шығармашылық еркіндік және өз құрылғыларымен қарқынды және жеке өзара әрекеттесуден рахаттануға мүмкіндік бере отырып, ауқымды аудиторияға арналған жасанды интеллект технологиясының өз қатарының озығын қолжетімді етуге тырысамыз.
«Белгілеу және табу» – қосымшаға ауыспай-ақ қарапайым ишара көмегімен кез-келген ақпаратты іздеудің жаңа тәсілі. Тұтынушылар «Белгілеу және табу» қызметін қосқанда өздері тапқысы келетін мәтін, кескін немесе бейнені көрсету үшін, экрандағы кез-келген жерді жәй ғана қоршап, белгілеп көрсетіп және түртіп өте алады.² Бұл қызмет – Google -мен ортақ жұмыстың нәтижесі – компанияның шынайылық және ынтымақтастыққа деген бұрыннан келе жатқан бейілділігін нақтылап көрсетеді. Жасанды интеллектке негізделген нәтижелер, кеңейтілген ақпарат және мәнмәтінді ұсынады, осыған орай «Белгілеу және табу» қызметі іздеуді жеңіл әрі қызықты етеді.
Galaxy A сериясы және Galaxy Tab S9 FE туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз: https://www.samsung.com/kz_ru/mobile/
1 Осы айдан бастап келесі үлгілерде қолжетімді болады: Galaxy A55, A54, A35 және A34. «Белгілеу және табу» жаңартуларының қолжетімділігі құрылғы үлгісіне және елге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
2 Нәтижелер көрнекі сәйкестікке байланысты өзгеруі мүмкін. Интернетке қосылу қажет. Пайдаланушылар Android жүйесін соңғы нұсқасына жаңартуы қажет болуы мүмкін. Өнімнің функционалдығы қолданбаға және құрылғы параметрлеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Кейбір мүмкіндіктер кейбір қолданбалармен үйлесімді болмауы мүмкін. Қызметтің қолжетімділігі ел мен тілге байланысты өзгереді. Нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.