Galaxy AI-мен бірге Galaxy Z Fold7 смартфонында ақылды саяхаттаңыз

04.08.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Өзіңіздің сүйікті K-pop тобының көптен күткен концертіне Сеулге ұшып бара жатқаныңызды елестетіп көріңізші. Бәрі сақадай сай: концертке билеттер сатып алынды, ұшақ билеттері қалтада, чемодандар табалдырықта тұр. Бірақ әуежайда бірінші селфи жасамас бұрын сапарыңызды жоспарлауыңыз керек.

 

Сіздің қолыңызда ойлы, жарқын және қанағаттанарлық саяхаттарға арналған мультимодальды жасанды интеллектпен тамаша серіктес – Samsung Galaxy Z Fold7 бар.

 

PRO-деңгейіндегі камерамен және ақылды Galaxy AI мүмкіндіктерімен жабдықталған Galaxy Z Fold сериясындағы ең жұқа және ең жеңіл нағыз таптырмас дүниеге айналды. Соның нәтижесінде: күйзеліс жоқ – тек жағымды әсерлер!

 

Travel Companion

Өзіңіздің жеке тревел-менеджеріңізбен таныс болыңыз

Сіз ерекше шоуға барасыз және Сеулге алғаш рет ұшып бара жатырсыз. Уайымдамаңыз – Galaxy Z Fold7 ұйымдастыруды өз мойнына алады.

 

Gemini-ді белсендіру үшін бүйірлік батырманы басып тұрыңыз. Концерт күнін, қонақүй мекенжайын және барғыңыз келетін орындардың тізімін енгізіңіз, содан кейін былай деңіз:

 

«Концертті ескергенде 4 күндік, 3 түндік сапар жасап, оны Samsung Notes-қа сақтап қой.»

 

Gemini дербес сапар жолын жасайды – жанкүйерлерге арналған танымал кафелер мен сіздің табынатын өнер иелеріңіз мансабын бастаған орындар. Сізді ұмытылмас K-pop шытырман оқиғасы күтіп тұр!

 

«Не алу керек: футболка немесе капюшон?»

 

Чемоданыңызға не салу керектігін білмейсіз бе? Gemini-ге сеніңіз. Gemini Live қолданбасында камераны бөлісу мүмкіндігін қосыңыз, ықтимал көріністерді көрсетіңіз және өзіңізге не қолайлы екенін сұраңыз. Gemini Сеулдегі ауа-райын және сіз қаншалықты белсенді жүруді жоспарлап отырғаныңызды ескереді.

 

AI терминалдан сахнаға дейін: сіздің жүретін жолыңызды салады

Сіз Инчхон әуежайына қонасыз және уақытыңыз көп емес. Тек сұраңыз:

 

«Егер менде екі чемодан болса, қонақ үйіме қалай тезірек және арзанырақ жетуге болады?»

 

Gemini сізге бірнеше секунд ішінде – бөлек карталарда, тарифтер, жол жүру уақыты және аударымдар санымен бірге экспресс пойыздар, автобустар және таксилер нұсқаларын көрсетеді.

 

Барлығы Сеул туралы: дәстүрден бастап хай-текке дейін

Travel Companion

 

Қонақ үйге чемоданыңызды түсіргеннен кейін Корея туралы влогты бастау үшін тамаша орын – Букчон Ханок ауылына барыңыз. Galaxy Z Fold7 жәй ғана бір үстіңгі бетке қойыңыз: Flex режимі штативсіз түсіруге мүмкіндік береді және кадрға бүкіл корей архитектурасының ортасы сыйып кетеді.

 

Кадрда бейтаныс адамдар бар ма? Мәселе емес. Photo Assist функциясы бар Galaxy AI көріністі таниды және қажет емес адамдарды саусағыңызбен бір рет түрту арқылы алып тастауды ұсынады. Мұның бәрі кейін өңдеп жатусыз. Қатар өңдеу және Түпнұсқаны көру функциясы арқылы үлкен, ашылмаған экранда «бұрын» және «кейін» нәтижелерін лезде салыстыруға болады.

 

Travel Companion

 

Келесі аялдама: K-beauty әуесқойлары үшін жұмақ. Өнімдері бар сауда алаңдары, орауыштары барлығы корей тілінде. Демалыңыз: камераны бөлісу арқылы Gemini Live өнім ингредиенттерін аударады, тіпті жақсы түсіну үшін эмодзилерді қосады. Таңдау кезінде әлі де қиындықтар бар ма? Жәй ғана:

 

«Сезімтал теріге бірдеңе ұсыныңыз» деп айтыңыз.

 

Gemini ингредиенттерді талдап, сізге өте қолайлы 3 таңдауды ұсынады. Енді сіз өзіңіздің тері күтіміңізді жергілікті адам сияқты білесіз.

 

Концерт: сіз табынатын өнер иесі үлкейтіп көрсетіледі

Travel Companion

 

Міне, дәл сол күн де келіп жетті. Лайтстик зарядталған, телефон да зарядталған және стадион жанкүйерлерге толы. Сахнадан алыс жерде отырсаңыз да, Galaxy Z Fold7 200 МП камерасы сүйікті орындаушыңыздың бейнесін үтір-нүктесіне дейін анықтап көрсетеді. Ал 100 ° және 10 МП алдыңғы камера барлық жаңа достарыңызды сахнамен қосып бірге кадрға оңай сыйғызады. Зал тұңғиыққа шомған кезде, Түнгі режим функциясы жарық таяқшаларының жыпылықтарының толқынын қайта-қайта қарайтын анық және теңдестірілген бейнежазбаға айналдыруға көмектеседі.

 

Мәрелік аккорд: редакциялаңыз және бөлісіңіз

Travel Companion

 

Қош бол, Сеул – әуедегі монтажға қош келдіңіз. Ұшу – креатив үшін керемет уақыт. Galaxy Z Fold7 -ның үлкен экранының арқасында, видеоблогты редакциялау тағы да оңайырақ бола түсті. «Шуларды алып тастау» (Audio Eraser) мүмкіндігі көмегімен топырлаған адамдардың шуын азайтуға және сүйікті әртісіңіздің дауысын айқындауға болады.

 

Galaxy Z Fold7 – сіздің сенімді серігіңіз

Galaxy Z Fold7 – бұл саяхаттауға арналған жәй ғана керемет құрылғы ғана болып табылмайды. Ол сырттағы сіздің жолкөрсеткішіңіз, стилистіңіз, аудармашыңыз, навигатор және барлығы біреуіндегі монтаждық үстел.Қарапайым смартфондар дәуірі артта қалды. Бітпейтін іздеулер туралы ұмытыңыз да – жәй ғана сұраңыз. Смартфонды жазыңыз – және сапарыңыздың тең жартысы ендігіде бақылауда. Сапарлар ырғағында өмір сұріңіз. Galaxy Z Fold7 ұшқаннан бастап қонғанға дейін – сізбен бірге.

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары