[Ашып көру] Galaxy Z Fold7: Осы кезге дейінгі ең жұқа және жеңіл Z Fold-тағы қуат және әмбебаптық

22.07.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Қарсы алыңыз: осы кезге дейін шығарылғандардың ішіндегі ең жіңішке және жеңіл Galaxy Z Fold.

 

Мультимодалдық жасанды интеллектпен және жиналмалы пішім-фактормен оңтайландырылған интерфейспен жабдықталған, Galaxy Z Fold7 смартфондар үшін жаңа деңгейді орната отыра, Ultra деңгейінің шынымен флагмандық тәжірибесін ұсынады.

 

Samsung Newsroom командасы Galaxy Z Fold7 ашып көрсетуді жасады. Samsung Newsroom командасы бренд жанкүйерлерін осы инновациялық құрылғы ұсынатын барлық жаңа мүмкіндіктер мен жақсартулармен таныстыру үшін Galaxy Z Fold7 ашып көрді.

 

Алғашқы әсер

 

Сәнді қара қорапты ашқан кезде-ақ сіз фирмалық замануи Galaxy дизайнын, талғамға сай сұлба және таңқалдырарлық жеңіл салмақты бірден сезінесіз.

 

 

Фирмалық Blue Shadow түсі әр түрлі бұрыштарда жарықты шағылыстыратын металл жабыны арқылы Galaxy-дің футуристік және премиум эстетикасын көрсететін иридесценция әсерін жасай отыра, қанық қара-көк түстен ашық көгілдір түске дейін жалтылдап жатады.

 

Galaxy Z Fold7 үш түсте ұсынылған: фирмалық Blue Shadow, сәнді Silver Shadow және үнемі танымал Jet Black. Бұдан бөлек, Mint реңкі тек Samsung сайтында қолжетімді.1

 

▲ Galaxy Z Fold7 негізгі үштік камерасы.

 

Артқы үш камераның артқы бөлігі құрылғы корпусымен бірдей түсте жасалғандықтан осының арқасында, біркелкі, үйлесімді көрініске қол жеткізіледі.

 

 

Galaxy Z Fold сериясында алғаш рет құрылғы ажыратымдылығы 200 МП кең бұрышты камерамен жабдықталған-бұл әр сәтті керемет бөлшектермен түсіруге мүмкіндік береді. Сондай – ақ, смартфон түнгі фотосуреттер мен бейнелерді түсіру мүмкіндіктерін жақсартты, ал басты экрандағы алдыңғы камерада қазір 100 градус көру бұрышы бар-мұның бәрі жиналмалы пішім- факторындағы фотомүмкіндіктердің Ultra-деңгейін қамтамасыз етеді.

 

▲ Galaxy Z Fold7 қаптамасы және оның ішіндегісі.

 

Бұрынғыға қарағанда, жіңішкерек

Galaxy Z Fold7 – Z Fold топтамасындағы ең жіңішке құрылғы. Бұл көп жылғы инженерлік жұмыс нәтижесі болып табылады. Әр миллиметр, шын мәнінде, салыстыра тексерілген – және смартфонды қолға алған бойда-ақ бұны сезесің.

 

▲ Galaxy Z Fold7 қолыңызда бұрынғыдан да жеңіл және ыңғайлы сезінеді.

 

Z Fold-тың бұл жаңа буыны қазір алақанда одан да ыңғайлы, бұл оны күнделікті қолданғанда жайлы етеді.

 

▲ Жиналған кезде Galaxy Z Fold7 қалыңдығы небәрі 8,9 мм, бұл шоколадтың қалыңдығымен бара-бар.

 

Жиналған кезде2 құрылғының қалыңдығы небәрі 8,9 мм – шамамен шоколад плиткасы сияқты.

 

Жазылғанда – небәрі 4,2 мм, яғни екі бүктелген ірімшік тілімінен де жұқа.

 

▲ Galaxy Z Fold7 қалыңдығы жазылған кезде небәрі 4,2 мм құрайды, бұл екі тілім ірімшікке қарағанда жұқа.

 

Жиналған кездегі әдеттегі жайлылық және ашық экрандағы қызықты экран

Сыртқы дисплей енді 21:9 арақатынасын кеңейтті, соның арқасында жиналған кезде Galaxy Z Fold7 әдеттегі «моноблокты» смартфон сияқты сезінеді. Осылайша, құрылғы Galaxy S25 Ultra-ға ұқсас тәжірибе береді.

 

 

Сыртқы дисплейдің диагоналы 6,5 дюймді құрайды және бұл қысқа хабарламалар немесе ақпаратты жылдам іздеу болсын, теру және контентті қарау ыңғайлылығын айтарлықтай жақсартады. Бұл сәл тар Galaxy Z Fold6 экранымен салыстырғанда нәзік, бірақ айтарлықтай жақсару.

 

▲ Galaxy Z Fold7 кеңейтілген сыртқы дисплейі құрылғы жиналған кезде мәтінді теруді жеңілдетеді.

 

Galaxy Z Fold7 көптеген «қарапайым» смартфондарға қарағанда жеңілірек. Оның салмағы небәрі 215 г, бұл Galaxy S25 Ultra (218 г) салмағынан аз. Бұл жиналмалы құрылғыларды қолданудың ыңғайлылығында жаңа көкжиектерді ашады.3

 

▲ (Солдан оңға қарай) Galaxy S25 Ultra және Galaxy Z Fold7 салмағын салыстыру.

 

Осылайша, жиналған кезде Galaxy Z Fold7 әдеттегі смартфон сияқты сезінеді, ал жазылған кезде – ол барлық Galaxy құрылғыларының ішіндегі ең үлкен және ең қызықты экранды ұсынады. Бұл тек Galaxy Z Fold7 сыйға тарта алатын бірегей тәжірибе.

 

 

Жиналмалы форматтағы мультимодальды AI

Galaxy Z Fold7 – күнделікті өмірде мультимодальды AI-ға оңай және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз ететін Android 16 негізіндегі жаңа One UI 8 мұқабасын көрсететін алғашқы Samsung құрылғыларының бірі. Мысалы, бүйірлік батырманы ұстап тұру экранда не бейнеленгенін немесе камера түсіргенін нақты уақытта талдай алатын кіріктірілген AI- көмекшісі – Gemini Live іске қосады.

 

Үлкенірек негізгі экран AI көмекшісінің күрделі сценарийлерді түсіну қабілетін жақсартады. Ол бірнеше терезе режимінде жұмыс істейтін бірнеше қолданбаларды бір уақытта талдай алады және осының негізінде анағұрлым интуитивті және пайдалы диалогтар құра алады.

 

 

Мысалы, егер тұтынушы сүйікті сөмкесіне сәйкес келетін Galaxy Z Fold7 түсін таңдаса, сол жақтағы «Галерея» қолданбасында сөмкенің фотосын және оң жақта құрылғы түстерінің бетін аша алады. Содан кейін олар бүйірлік батырманы басып тұрып, «Экранды тікелей эфирде бөлісу» опциясын таңдап, сұрай алады: таңдалған түс сөмкеге сәйкес келе ме?

 

AI екі экранды да лезде талдап, реңктердің қаншалықты сәйкес келетінін айтады. Тіпті жиналған кезде де көмекшіге сұрақтар қойып, нақты уақытта жауап ала аласыз.

 

 

Теледидардың қашықтан басқару пультіне қандай батареялар қажет екенін білгіңіз келеді делік – камераны қашықтан басқару пультіне бағыттап, сұраңыз. Galaxy AI модельді анықтайды және дұрыс батарея түрін ұсынады.

 

Әрі қарай, дауыстық пәрменді пайдаланып, Samsung Notes қолданбасында сатылатын жақын маңдағы дүкендер туралы ақпаратты сақтауға, сондай-ақ сатып алу үшін еске салғыш орнатуға болады – осының барлығы пернелерді бірде-бір рет баспай-ақ.

 

 

Galaxy Z Fold7-нің AI -мүмкіндіктері LIVE көмекшісі аясынан әлдеқайда жоғары. Сайттарды қарау кезінде тұтынушылар Galaxy AI-ден контенттен назарын аудармай-ақ қосымша ақпарат сұрай алады. Жауаптар қалқымалы терезелерде немесе бөлінген экран режимінде көрсетіледі-сондықтан көптапсырмалылық жеңіл және үздіксіз болып қалады.

 

Galaxy Z Fold7 – бұл жәй ғана смартфон емес. Ол бұрынғыдан да жұқарақ, ақылдырақ және күштірек. Бұл мобильді технологияның болашағын қайта қарастыруға қабілетті Ultra-жиналмалы шешімдер дәуірін ашатын жаңа буын құрылғысы.

 

1 Түстің қол жетімділігі елге немесе операторға байланысты болуы мүмкін.

Жиналған күйдегі қалыңдық сыртқы дисплейден артқы терезеге дейін өлшенеді.

Салмақ елге немесе операторға байланысты болуы мүмкін.

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары