[Инфографика] Samsung Solve for Tomorrow: 68 елден 2,8 миллион қатысушылармен бірге болашақты 15 жыл қалыптастыру
Samsung Solve for Tomorrow – бұл онда жастар өздерінің STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) білімдерін аналитикалық ойлауды дамыта отырып, қоғамдастықтардағы өзекті мәселелерді шешу үшін қолданатын, Samsung Electronics компаниясының ашық конкурс түріндегі жаһандық білім беру бағдарламасы.
Аталған бағдарлама тек жәй ғана идея байқауынан гөрі әлдеқайда терең нәрсені ұсынады. Қатысушылар инновациялық процестің әрбір сатысында: мәселені тұжырымдау мен идеяны құрудан прототипті әзірлеуге және шешімді сынауға дейін іс жүзінде тәжірибе жинақтай отырып, Samsung-тан Design Thinking әдістемесі бойынша оқытылады. Бұл тәсіл жастарға негізгі дағдыларды – креативті, жүйелі ойлау және практикалық шешімдерді табу қабілетін жинақтауға көмектеседі.
Алғашында 2010 жылы АҚШ-та эссе байқауы ретінде басталған Solve for Tomorrow, қазір әлемнің 68 елін қамтиды, ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастарды жарқын болашақ үшін шешімдерді бірлесіп іздеу істеу үшін біріктіреді.
2025 жылдан бастап бағдарлама жаңа жаһандық тақырыптық бағыттарды алды. Олардың біріншісі – «Технология арқылы экологиялық тұрақтылық» және «Спорт пен технология арқылы әлеуметтік өзгерістер». Бұл бастаманың әмбебап мәселелерді шешудегі және халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөлін күшейтті.
Samsung жастарға – design thinking бастап экологиялық және әлеуметтік жобалауға дейін болашақтың дағдыларын дамытуға көмектесе отырып, білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда. Компания оларға жарқын және тұрақты әлемді қалыптастыруға белсенді әсер ету мүмкіндігін бере отыра, студенттерге олардың идеяларын нақты жобаларға айналдыру жолында қолдау көрсетеді.
Төмендегі инфографикадан Samsung-тың Solve for Tomorrow жаһандық білім беру бағдарламасының 15 жыл ішінде дамуымен танысыңыз.

Компанияның жаңалықтары > Корпоративті жауапкершілік
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.