Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс-таңғы асын ұйымдастырды

25.04.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Компания өкілдері әлеуметтік жобалар және пиар-белсенділіктер туралы бөлісті

Пресс-завтрак 2025 Апрель

 

24 сәуірде Алматыда Samsung Electronics Central Eurasia атынан компанияның Қазақстандағы әлеуметтік, қайырымдылық жобаларына арналған арнайы пресс-таңғы асы өтті. Іс-шараға Samsung серіктестері, БАҚ өкілдері және еліміздің IT-саласын ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызды тақырыптарын жариялайтын блогерлер қатысты.

 

Samsung қызметкерлері қонақтарға білім беру және IT саласындағы екі әлемдік әлеіметтік жоба – Samsung Innovation Campus (SIC) және Solve for Tomorrow туралы айтып берді. Атап айтқанда, SIC аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары Python бағдарламалау тілінде Data Analytics және Java тілінде мобильді қосымшаларды әзірлеуді қалай тегін оқып, өз идеяларын жүзеге асыратыны және IT дағдыларын арттыратыны туралы кеңірек тоқталып өтті. Сондай-ақ компания өкілдері бірнеше байқаулар өткізіп, қонақтарға естелік сыйлықтар – бренд өнімдерін тарту етті.

 

2017 жылдың желтоқсанында Samsung Innovation Campus іске қосылғаннан бері Қазақстанда мыңдаған оқушылар мен студенттер білім алды, олардың 700-ден астамы курстарды толығымен аяқтап, сертификаттарға ие болды. Бүгінгі таңда жобаның Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай, Талдықорған және Атырау қалаларында кампустары бар.

 

Сонымен қатар, мұндай оқыту студенттерге ірі халықаралық және қазақстандық университеттерге түсуге, сондай-ақ жетекші компанияларға жұмысқа тұруға айтарлықтай көмектеседі. Жаңа топтарға келесі іріктеу 2025 жылдың тамызына жоспарланған.

 

Пресс-завтрак 2025 Апрель

 

SIC-пен қатар іс-шарада айтылып өткен Solve for Tomorrow жобасына өтінімдер қабылдануда. Solve for Tomorrow — Қазақстанның әр өңірінен мыңдаған мектеп оқушылары қатысатын байқау. Жобаның жас қатысушылары өзекті әлеуметтік мәселелердің өз шешімдерін әзірлейді, арнайы тәлімгерлік сессияларына қатысады және финалда стартаптарын таныстыру тәжірибесін алады. Үздік жобалардың авторлары өз идеяларын жүзеге асыруда қосымша қолдау, Samsung-тан арнайы сыйлықтар алады және өздері үшін IT-ның кең әлемінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

 

Мысалы, өткен жылғы Solve for Tomorrow жеңімпазы болған Umit стартапы бүкіл Орталық Азия бойынша жасанды интеллект саласында үздік деп танылды! Марапаттау рәсімі Ташкенттегі Central Asian University-де AICA AWARDS named after Al-Khwarizmi 2025 беделді шарасында өтті.

 

Solve for Tomorrow жобасы Қазақстанда Samsung Electronics басшылығымен бес жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Сыйлық қоры 10 млн теңгеден асады. Байқауға өтінішті https://solvefortomorrow.kz/kk сайтта 30 сәуірге дейін беруге болады.

 

Пресс-завтрак 2025 Апрель

Компанияның жаңалықтары > Әлеуметтік жобалар

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары